Жылқы шаруашылығы кешені



бет8/9
Дата28.04.2022
өлшемі60,95 Kb.
#32712
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Табалдырық қазы — аса қалың, айналдыруға келмеген өте семіз қазы; кей жерлерде табан қазы деп атайды.

Би қазы — бүйен ішекке тыққан, шұжық тәрізді жуан қазы.

Дөңбек қазы (бұжбан қазы) — ішекке сыймағандықтан тілкем күйінде сақталған қазы.

Қазы малдың жасына қарай да жіктеледі. Сүт емген құлын-тайдың еті мен қазы-қартасы жылқы етінің дәмдісі. Ал құнажын, дөнежін, қүнан-дөнен, бес-алты жасар малетінің дом татымы, хош иісі, нәрі, маңызы, құнары, кенеуі, күш-қуаты, жұғымы, жұмсақтығы, өң-түсі жағынан жылқы еті дейтін табиғи атына сай келеді. Жасы алты-жеті ден асқаннан кейінгі жылқы етінің де, қазысының да табиғи сапасы төмендей береді. Шау тартқан сайын еті қатайып, майы сарғайып, жылы-жұмсағының жылтырағысорпа бетіне шыққыш болады. Қазы майсөк. Кеңдеу ыдысқа сөк салынып, үстіне пісіп жатқан қазының бетінен қалқып алынған майлы сорпа құйылады. Жақсылап араластырылады да, ыдыстың қақпағы 20—25 минуттай жабылып қойылады. Содан соң тостағанға немесе кесеге салынып, дастарқанға әкелінеді. 1 кесе сөкке 1 кесе майлы сорпа. [1.3.5].

Қазы жент. Сөкке жылқы қазысының ұсақтап туралған майы, қант және ірімшік ұнтағы қосылып араластырылады да, біраз жаншылады. 2—3 кесе сөкке — 1,5 кесе ірімшік ұнтағы, 2 кеседей ұсақтап туралған қазы майы.

1.5 Демалыс орталығы


Демалыс орталығы жылқы шаурашылығы базасына кіреді. Бұл ортылықты ашу шаруа қожалығының өз еркінде. Дегенмен, орталықтың табысы шығынды бір жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Себебі қымызбен емделу бұл бірнеше адам денсаулығын жақсарту жолы. Орталықтың негізгі құрылысы 2 қабатты болған дұрыс. Арнай 2,3,4 адамға арналған жатын бөлмелер, тынығу залдары, тренажер залдары мен фитнес орталық, қысқы бақ, асхана және ойын залдары қарастырылған жөн. Демалыс орталығының сырт бөлігінде жаз маусымында демалу үшін киіз үйлер және атпен серунедеулер ұсынылады. Орталықтың бір ретте демалу бағасы- күнге 40 мың теңге.

Косметологиялық орталық. Қымыздың ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген.Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» болған. Бай-болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған деседі. Таз бастықтан, тері ауруларынан, ең бастысы белсіздіктен қорғайды.

Сонымен қатар бие сүті адамның терісін жасарту қасиетіне де ие.т Бұған қазақ бай- сұлтандары бәйбішелерінің саумалға түскенің мысалға келтіруге болады. Бие сүті теріні жұмсартып, ерекше балғындық береді екен. Қымыз бүгінде косметика саласында қолданылып жүрген опа- далаптардан пайдалы болмаса, кем түспесі анық. Биес сүтінде амин қышқылдарының 26 түрі және 17 гидролизденген белоктық амин қышқылы бар.

БИОВАННА- бие сүтіне шомылуға арналған табиғи ванна. Құрылысына тоқталатын болсам биованнаға шомылмас бұрын арнайы душ қабылдап, содан соң барып биованнаға 20- 25 минут жатып тынығады. Биованнаның негізгі құрамы саумалдықтан тұрады. Қажет болған жағдайда айран және қаймақ қосып отыруға болады. Сонымен қатар бал қосуға, жалбыз, қырмыздық өсімдіктерін салуға, керек жағдайда щетка, сүлгі пайдалану қажет. Биованнаның адам ағзасына әсері мынадай: адам терісін жасартады, қартаюды тежейді, теріге нәзіктік береді. Биованнада бір сеанс қабылдау құны- 3000 тг. Айына – 200 мың теңге табыс табуға болады[1.3].


Жылқы шаруашылығы кешеніңің құрылысы мен жылқы санына кететін шығын.

1-кестеЖоспар бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет