Жылына 4 рет шығады



жүктеу 6.08 Mb.
Pdf просмотр
бет43/56
Дата28.12.2016
өлшемі6.08 Mb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56

Литература
1.
 
Жигалин  Н.С.  Роль  отрицания  в  структурной  организации  сложноподчиненного 
предложения:  диссертация на соискание степени кандидата фил. наук. – М., 1973. – 181 с. 
2.
 
Калинина А.А. Категория утверждения/отрицания в функциональных типах предложений в 
современном русском языке: диссертация на соискание степени доктора фил. наук.  – М., 2011. – 542  с. 
3.
 
Ломоносов М.В. Труды по филологии. Полное собрание соч., т. 7. – М., 1952. – 118 с. 
4.
 
Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. – Л., 1941. – 620 с. 
5.
 
Руднев А.Г. Синтаксис современного русского языка. – М.: Высшая школа, 1963. – 364 с. 
6.
 
Лалевич М.С. Синтакса српскохрватскога книжевног jезика. – Београд, 1962. –176 с. 
7.
 
Пешковский А.М. Русский синтаксис в научном освещении. – М.: «Языки славянской 
культуры»,  2001.  – 544 с. 
 
Жигалин Н.С., Мокрецова М.М. 
Конструктивтік бекітумен бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің құрылымдық  тәсімдері 
Міндетті бекітумен келген бағынынқы кұрмалас сөйлемдер бөлімдердін бірінде талданады. 
Кілт сөздер: құрылымдық тәсімдер, теріске шығару, мақұлдау, құрмалас сөйлем. 
 
Zhigalin N.S., Mokretsova M.M. 
Structural schemes of complex sentences with constructive statement. 
Annotation: The complex sentences with the obligatory statement are analyzed in one of the parts. 
Keywords: schematic diagram, approval, negation, complex sentence. 
 
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
258 
ӘОЖ: 133.522.11 Қ41 
 
Карагулова Б.С. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
(Орал қ., Қазақстан), Е-mail: bkaragulova@mail.ru 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ НЕОЛОГИЗМДЕР  
 
Аннотация.  Тіл-тарихи  категория.  Сондықтан  ол  үнемі  өзгерістерге  бейім  болып  келеді. 
Қоғамдағы болып жатқан кез келген жаңалық тілден көрініс табады. Ал осы өзгерістер тілдегі сөздерді 
кейде  пассив  қабатқа  енуіне  негіз  болса,  енді  бір  кезеңде  олардың  қайта  оралуына  себепші  болады. 
Аталған мақалада қайта оралып жатқан сөздердің жаңашыллдық дәрежесіі туралы сөз болады. 
Кілт сөздер: сөз, термин, жаңа ұғым, семантикалық неологизмдер, қайта оралған лексика. 
 
 
Тіл  –  «жанды»  құбылыс.  Сан  ғасырдан  бері  қазақтың  ұлттық  тілі  дәл  бүгінгідей  қалпында 
болмады. Сөздердің актив (белсенді) қабаттары пассив (белсенді емес) қабатқа ауысып, көршілес жатқан 
халықтардың    тілінен  кірме сөздер  тілімізге  енді,  кейбір  сөздердің мағыналары кеңейіп  жатса,  кейбір 
сөздердің  қолданыс  аясы  тарылып  жатады.  Бұл  жөнінде  ғалым  Р.  Сыздықова:  «Сөз  мағынасының 
эволюциясы тек дамудан, яғни жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды, сонымен қатар сөз 
мағынасының  күңгірттенуі  не  мүлде  ұмтылуы  ауысуы,  кеңеюі,  тарылуы  т.т  құбылыстар  да  сөз 
табиғатының қозғалысын танытады» деп көрсетеді [1, 165 б.]. Тіл өз басынан бірнеше даму кезеңдерін 
өткізеді және осы кезеңдер тілдің дамуына өзгерістер әкеледі. Сондықтан тіл –қоғамдық құбылыс деп 
айтсақ болады, яғни қоғамдағы болып жатқан кез келген жаңалық алдымен тілде көрініс табады. Осы 
жаңалықтар жоғарыда көрсеткендей, тілімізге жаңа атаулардың пайда болуына себін тигізіп жатса, енді 
бір жаңалықтар тілдегі белсенді сөздердің тілдік қолданыстан шағып қалуына әсерін тигізеді, ендігі бір 
кезеңде  пассив  қатардағы  сөздер  тілімізге  қайта  оралып,  жаңа  атаулар  қатарына  еніп    жатады.  Осы 
тілімізге  қайта  оралған  байырғы  сөздерді  семантикалық  неологизмдер  деп  атаймыз.  Тілде 
неологизмдердің пайда болуы жоғарыда көрсеткеніміздей,  бір жағынан, қоғамдағы саяси жағдайларға 
қатысты  болса,  екінші  жағынан,  қазіргі  таңда  ғылым  мен  ақпарат  құралдарының  толассыз  дамуымен  
тікелей қатысты. Біздің мақсатымыз да осы жаңа сөздердің тілімізде пайда болу жолдары мен олардың 
жаңалану дәрежесін анықтау болып табылады. Алдымен осы мәселеге қатысты неологизация терминіне 
тоқталатын болсақ, тіл білімінде осыған ұқсас терминологизация термині кездеседі. Бұл термин қазақ 
тіліне  терминдену  (Ш.  Құрманбайұлы)  деп  аударылып,  тілдік  қолданыста  жүр.  Ал  біздің  ойымызша, 
архаизация – көнелену, архаизмдену болса, неологизация жаңалану, яғни жаңа сөздердің пайда болуы 
немесе  көнерген  сөздердің  қайта  жаңғырып  тілімізге  қайта  оралуы    деп  ойлаймыз.  Әрине,  көнерген 
сөздер тілімізге қайта оралу барысында мағынасын сақтап оралуы да мүмкін немесе басқа мағынада, сөз 
мағынасының  тараюы  құбылысы  арқылы  да  жаңғыруы  мүмкін.  Бұндай  жолдарман  қайта  жаңғырған 
көнерген  сөздер  неологизмдердің  қатарына  жатады,  яғни  неосема  немесе  қазақ  тіл  білімінде 
семантикалық неологизмдер деп аталады. Ал мағынасы жаңа кірме неологизмдерді неолексема немесе 
лексикалық  неологизмдер  деп  атайды.  Сонымен  бірге  жоғарыда  көрсеткен  жағдайларға  қатысты 
тілімізде тек жаңа атаулар ғана емес, сонымен бірге жаңа тіркестер, яғни неофразалар (көк қағаз, алтын 
дауыс, аспанасты елі т.б.) пайда болуда.  Жалпы тілдегі жаңа бірліктер шынайы өмірге қатысты адамның 
түсінігімен байланысты  тілдік басқа факторларға қарағанда айырмашылығы бар. Бұл жаңа атаулардың 
жаңашылдығын  ерекшелейтін негізгі қасиеттердің бірі. Тілдегі барлық жаңа құбылыстар тілдік жүйеде 
динамикалық сипат алады. Барлық жаңа сөздер сөйлесу барысында жүйесіз пайда болады да,  тілде олар 
жаңа  атаулардың  қатарынан  орын  алады,  ал  оны  жүйелі  түрде  зерттеу  неология  саласының  мақсаты 
болып табылады. Жаңа атаулардың негізгі қасиеттерінің бірі-уақыттың шектеулігі, яғни неологизм тек 
белгілі  бір кезеңде   ғана жаңа атаулар болып  есептеледі.  Бұған  мысал ретінде  қазақ  тілінен  көптеген 
сөздерді келтіруге болады: совхоз, колхоз, Совет, косманавт т.с.с. Бұл сөздер қазіргі таңда архаизмдер 
қатарында. Енді осы жаңа сөздердің пайда болу жолдарына тоқталайық. Жалпы тілімізде неологизмдер, 
негізінен, үш түрлі жолмен пайда болады. 1. Бұрын тілімізде болмаған ұғымдар мен атаулардың пайда 
болуы  –  бұл  кірме  атаулар  –  неолексемалар  болып  табылады.  2.  Тілімізде  бұрыннан  бар  атаулардың 
тілімізге қайта оралуының  нәтижесінде пайда болған неосемалар және терминдер. 
Қоғам өмірінің барлық саласындағы қазақ тілінің қолданыс аясы біршама кеңейді, осыған орай 
лексикалық  қорында  да  көптеген  өзгерістер  болды.  Қоғамдағы  болып  жатқан  кез  келген    жаңалық 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
259 
алдымен  тілден  көрініс  табады.  Сондықтан  тілдің  лексикалық  қабаты  басқа  салаларға  қарағанда  
өзгеріске бейім болып келеді. Адамзат тілі де адам ағзасы тәрізді қоғамдағы өзгерістерге сай өз иесінің 
санасындағы  түрлі  өзгерістерді  үнемі  бейнелеп  отырады.  Аталған  жайт  лингвистикада  түрлі 
терминологияға қатысты  жазылған зерттеулерде сөз болып та жүр. Мысалы, Б. Момынова қоғам мен 
саясатты  танытатын  сөздердің  құрамы  тұрақсыз,  кезеңдік  сипатты,  яғни  әрбір  тарихи  кезеңнің 
қоғамдық-саяси сөздерінің құрамы алдыңғы немесе кейінгі кезеңге қарағанда ерекше болып отырады. 
Өйткені  қоғам  мен  саясатты  танытатын  сөздердің  бірі  қолданысқа  енді  ғана  енсе,  кейбірі 
қолданыстан шығып қалады; тағы бірі тарихи сөздерге айналып, көнеленеді; ал кейбірінің, керісінше, 
мағыналық жаңғыруларының арқасында қолданыс жиілігі артады. Осы құбылыстардың себебін, түп-
негізін  үнемі  өзгеріп,  жаңарып  отыратын  қоғам  мен  қоғамдық  қатынастардан,  өзгеріп  жататын 
өмірден іздеген жөн [2, 5 б.] деп көрсетсе, Б. Қарағұлова сөз мағынасында болып жатқан өзгерістер – 
тілдің үнемі даму үстінде екендігін дәлелдейтін фактілердің бірі [3, 246 б.] деген тұжырым жасайды. 
Тіліміздегі  жаңа  ұғымдар  мен  атаулардың  неологизмдер  (жаңа  атаулар)  деп  аталатыны 
белгілі. Сол жаңа атаулар қаншалықты жаңа ұғымды береді, олардың жаңашылдығығының деңгейі 
қандай деген мәселе ғалымдар арасында қайшы пікірлер тудырып келеді. Мысалы, орыс ғалымдары 
(Т.Н.  Поповцева)  неологизмдерді  жаңалану  дәрежесіне  байланысты    абсолютты  және    қатыстық 
неологизмдер болып екіге бөліп қарастырады. 
Қатыстық неологизмдерді кейде функционалды неологизмдер не өзектіленген сөздер деп те 
атайды. 
Абсолютты  неологизмдерге  әдетте  нақты  сипаттамалы  анықтама  берілмей  келеді.  Оның 
негізгі сипаты тілде бұрын-соңды болмағандығымен анықталады. Мысалы, бомж, массмедиа т.б. 
Қатыстық  неологизмдер  категориясы  орыс  тіл  білімінде  Т.Н.  Поповцеваның  зерттеуінде 
танылған.  Бұл  неологизмдер  қатарына  тілде  бұрыннан  бар  тіл  бірліктерінің  жаңалануы 
жатқызылады.  Осы  қатарға  жататын  сөздер  тобына  нақты  тоқталайық:  «Қайта  оралған  лексика» 
жатады. Бұл қолданыста белсенділігі төмен сөздер мен көнерген сөздердің соңғы кезеңде белсенді 
қолданылуынан  пайда  болып  қордаланады.  Бұл  кезде  белсенділенген  сөздердің  бастапқы 
мағыналары мен стилдік реңктері сақталады. 
«Қайта  оралған  лексика»  қатарына  терминдік  сипаттағы  діни  сөздер  де  жатады.  Сонымен 
бірге бұл қатарға мемлекеттік органдар мен білім беру орындарының бұрынғы атауларының қайта 
қолданыстағы белсенділенуі нәтижесіндегі сөздер де жатады: гимназия, лицей, гильдия т.б. 
1.
 
Әдеби  тілде  бұрыннан  белсенді  қолданылатын,  бірақ  соңғы  кезде  жаңа  мәнге  ие  болған 
сөздер. Демеу, демеуші  сөздері әдеби тіліміздегі белсенді қолданыстағы сөз болса, кейінгі кезеңде 
демеушілік жасаушы  мәнін арқалайды. 
2.
 
Тілдің  өз  ішіндегі  ауысу  нәтижесіндегі  сөздер.  Бұл  тілдің    ауызекі  сөйлеу  жүйесінен, 
терминжүйесінен, арго және жарго, диалект, арнайы кәсіби лексикадан әдеби тілге тілдік бірліктің 
ауысуы  нәтижесінде  пайда  болады.  Мысалы,  арнайы  лексикаға  жататын  мына  терминдерді 
түсінбейтін  тіл  тұтынушысы  жоққа  тән:  СПИД,  ВИЧ-инфекция,  мануальды  терапия,  жастар 
мәдениетіне  тән жаргон  сөздер:  пирсинг,  рэп,  тусовка,  бизнес  пен  қаржы  ісі  терминдері:  бартер, 
брокер, инфляция.  
Бұл жолмен әдеби тілді байытатын негізінен терминжүйедегі сөздер. 
Е.В. Сенько тіл мен сөйлеудегі жаңа құрылымдарды олардың жаңашылдық сипаты деңгейіне 
сай үшке бөледі: 
1.
 
күшті неологизмдер; 
2.
 
әлсіз неологизмдер; 
3.
 
ауыспалы типтегі неологизмдер 
Ал  қазақ  тіл  білімінде  лексикалық  және  семантикалық  неологизмдер  деп  екіге  бөліп 
қарастырады.  Лексикалық  жаңа  атаулар  дегеніміз  халықтың  ұғымында  бұрын  соңды  болмаған 
ұғыммен байланысты атаулар, ал семантикалық жаңа атауларға бұрын тілімізде болып кейін тілдік 
қолданыстан  шығып  қалып,  кейін  қайта  оралған  атаулар  жатады.  Мұндай  құбылыс  тілдегі  заңды 
құбылыс болып  табылады.   Тілдің  белгілі бір кезеңінде  тілдегі  кейбір сөздер  пассив  қабатқа еніп 
жатса, екінші даму кезеңінде керісінше тілімізге қайта оралып жатады. Сөздер тілімізге қайта оралу 
барысында көне  мағынасын сақтап қайта оралып жатса, ендігі сөздердің мағыналарында өзгерістер 
де болып жатады.   
Семантикалық  неологизмдер  негізінен  сөздің  ішкі  семантикалық  деривациясы  нәтижесінде 
пайда болады. Атап айтқанда:  
1.
 
метафоралану  арқылы,  яғни  ұқсастығы  бойынша  мағына  ауысудан:  визит  сценарийі, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
260 
компьютерлік пираттар, валюталық интервенция, өндірістік вертикаль;     
2.
 
метонимиялану  арқылы,  яғни  іргелестігі  мен  араластығы  бойынша  ауысу:  картошка 
«картоп жинау жұмысы» т.б. 
3.
 
сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  тарылуы  нәтижесінде,  яғни  сөз  мағынасының  тарылуы 
қандайда бір мағынаны айырықшалап арнайы көрсету мақсатынан туындайды. 
Семантика-морфологиялық  тәсілмен  неологизм  жасалғанда,  оған  жаңа  мағына  үстейтін 
қосымшалар қосылады.   
Қазіргі таң – қазақ тілінің қарқынды дамып, төл сөздеріміздің тілімізге оралып жатқан кезеңі. 
Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілуіне байланысты ол кешегі кеңестік кезеңде атқармаған 
бірқатар  қызметтерді  атқарып,  оған  осыған  дейін  жүктелмеген  жаңа  міндеттер  жүктеле  бастады. 
Қазақ  тілі  мемлекеттік  басқару,  сот  ісін  жүргізу  секілді  қызметтерге  біртіндеп  араласа  бастады. 
Салалық  терминологияда  терминдер  де  лексикалақ  қордың  басқа  стильдік  топтарының 
құрамындағы  атаулар  сияқты  жаңа  сөздермен  толығып  не  болмаса  терминдік  мәннен  ажырап, 
қолданыстан  шығып,  қалып  отырады.  Бұл  саладағы  терминдер  құрамында  да  сөздердің 
архаизмденуі  және  неологизмдердің  пайда  болуы  –  үйреншікті  құбылыс  екенін  жоғарыда  айтқан 
болатынбыз.  Осындай  семантикалық  неологизмдер  қатарына  жататын  сөздердің  бірі  -  салық 
термині.  Қазіргі  мағынасы  -  жеке  адамдар  мен  кәсіпорындардан  міндетті  түрде  алынатын 
мемлекеттік  алым.  Бұл  сөз  сонау  ертеректе  түрік  қағанатының  үстемдік  етіп  тұрған  кезінде  орыс 
мемлекетінің салық төлеп тұрған кезінде қолданылған, одан соң  патша үкіметіне старшындар қазақ 
даласынан  салық  жинаған,  бұл  туралы,  әсіресе,  Исатай  Махамбет  көтерілісінен  білеміз,  ал  кейін 
Кеңес  өкіметі  тұсында  салық  сөзін  налог  термині  тілден  ығыстырып  шықты  да,  салық  көнерген 
сөздердің  қатарынан  орын  алды,  тек  кейінгі  жылдары  ғана  қазақ  тіліне,  оның  ішінде  ұлттық 
терминологияны  қалыптастыру  талабының  негізінде  салық  сөзі  тілімізге  оралып,  экономикалық 
термин  ретінде  қалыптасты.Мұндай  өзгерістерге  әртүрлі  тарихи-әлеуметтік  оқиғалар,  бұл  оқиғаға 
берілген әрқилы баға мен қоғамдық пікірлер түрткі болады. Бір кезде адамдар арасындағы  қатанасты 
жүйелі  түрде    жүргізуші,  әділет  нормасын  сақтап  қорғаушы,  қылмыстыға  жазалау  үкімін 
шығаратындар билер болғанын айтқанбыз, ол кезде "би "сөзі архаизмденіп, оның қызметін атқарып 
отырған сөз ( сот) құрамына енді. Бұрын әділеттілік нормасын бұзған адамдарды "күнәкәр" деп тауып, 
оны ислам дінінің ережелеріне сәйкес жазлайтын. Оның істеген ісін "күнә" дейтін. Бұл екеуі де араб 
тілінен  келген    кірме  сөздер  (күнәкәр,  күнә).  Олар  ана  тілімізге  құқықтық  ұғымды  білдіретін  заң 
терминінің  қызметінде  қабылданған  болатын.  Кейін  бұлардың  орнына  "айып,  айыпкер,  қылмыс, 
қылмысты"  сөздері  қабылданып,  "күнә,  күнәкар"  атаулары  архаизмденді".  Жалпыхалықтық 
лексикамен  терминдік  лексиканың  арақатынасында  мынадай  жағдайлар  да  болады:  алғашында  заң 
терминнің мағынасын білдіретін сөз кейін өзі білдіретін ұғымның күрделенуіне қоғамдық тұрмыстан 
шығып қалуының салдарынан архаизмденуі мүмкін. Ал осы сөз бірнеше уақыттан кейін сол бастапқы 
қызметін  қайта  атқаратын  болып,  тілімізге  қайтадан  оралатын  жағдайы  да  болды.  Осы  күнде 
қолданысқа қайта енген "әкім" сөзі осыған дәлел. Бұл қазақтың төл сөзі емес араб тілінен енген: "әкім 
– 1) басқарушы, губернатор, бастық; 2) ауыс, үстемдік етуші, билеуші; 3) судья, арбитр" [4,  112 б.]. 
Бұл  сөз  кеңес  дәуірінде  атқарушы  органдарды  басқаша  атаудың  нәтижесінде  қолданыстан  шығып 
қалған  болатын.  Кейін  одақтық  басқару  тарап,  әр  республиканың    егемендікке  қолы  жеткенде, 
еліміздің жергілікті жерлеріндегі атқарушы  органдарын білдіретін құқықтық   ұғымды осы  әкім сөзі 
білдіретін  болды:  облыс  әкімі,  аудан  әкімі,  қала  әкімі.  Бұл  сөз  ана  тілімізге  қайтып  оралғанда, 
бұрынғы  мағынасын  дәлме-дәл  қайталамайды:  оның  қазіргі  мәні  бастапқыдан  әлде  қайда  күрделі. 
Сондықтан  ол  енді  ел  билеудің  мүлдем  басқа  сападағы  түрін  білдіреді;  Президенттік  басқарудың 
жергілікті жерлеріндегі бұтағын білдіретін заң  термині. Келтірген күнә, күнәкәр, әкім сөздері тілімізге 
араб тілінен енген кірме сөздер екенін айттық. Заң терминдерінің құрамы, сонымен  шығу төркіні екі 
бағытта  болды:  біріншісі  –  қазақтың  төл  сөзіне  саналы  түрде  терминдік  мағына  беру  де,  екіншісі  – 
басқа тілден ауысқан кірме сөздерді терминдік қызметте қолдану. Қазақ тіліндегі шеру, шерік сөздері 
«әскер,  жауынгер»  мағыналарында  қолданылады.  Мысалы,  Ағайының  көп  болса,  Ұлы  шерік  қолмен 
тең (Ақтамберді жырау); 
Сонымен бірге бұл сөз Арқалық батырда да кездеседі:  
Апарып сұрақ қылған жерге келдім, 
Күзетші жатыр шерік соны көрдім... 
Жөнелді отыз шерік байлап алып, 
Шегелдеп қол сияқты жайғап алып. 
Аталған сөз  тілдік деректерге қарасақ, көне  түркі жазуларында да  (Оғыз  нама,  Құтты  білік, 
Диуани лұғат ат түрік т.с.с.) «әскер» мағынасында кездеседі және көптеген түркі тілдерінде дәл осы 
мағынада  колданылады.  Мысалы,  қарақалпақ  тілінде  черів,  ұйғыр  тілінде  черик  –  қолбасшы, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
261 
жауынгер, монғол тілінде церік – әскер.  Қазіргі қазақ тілінде шеру сөзінің бұл мағынасы мүлдем 
көнерген,  тілдік  қолданыста  жоқ.  Шеру  сөзі  мағыналық  өзгеріске  түсіп,  тілімізге  қайта  оралып 
отыр,  тек  орыс  тілінің  «парад»,  «шествие»  мағыналарында  қолданыста.  Жалпы  көнрген  сөздер 
тілімізге  қайта  оралу  барысында,  негізінен,  терминдену  жолы  арқылы  арқылы  жаңғырады.  Бұл 
ойымызды  дәлелдеу  мақсатында    осындай  жаңа  терминдік  мағынаға  ие  болған  сөздер    жайында 
айтқан  Ш.  Құрманбайұлының  пікірін  келтіре  кетейік:  «...  көнерген  сөздерді  әлі  де  ұмыт  бола 
қоймаған  өз  мағынасында  немесе  олардың  мағынасын  жаңғыртып,  сәл  қосымша  мән  үстеп 
қажетімізге  жаратуға  болады»  деп,  кіреуке,  сауыт  сөздерін  мысалға  келтіреді:  «Ертеректе 
батырлардың жаугершілікте жауға киетін темір сауытын кіреуке деп атаған болса, қазір медицина 
ғылымының  стоматология  саласында  кіреуке  (эмаль)  деп,  «құрамында  96,5  процент 
бейорганикалық  заттар  мен    гидроксиапатит  кристалдары  бар.  Тіс  сауытын  жаба  отырып,  дентин 
мен  ұлпаны  сыртқы  тітіркенуден  қорғайтын,  беріктігі  жағынан  кварц»  деп  [2,  53  б.],    кіреукенің  
эмальға  айналуының  себебін  екі  ұғымның,  яғни  олардың  қорғаныштық  қызметтерінің  өзара 
ұқсастыған деп түсіндіреді [7, 145 б.].  
Осындай терминдену үдерісі арқылы қайта жаңғырған сөздердің бірі – делдал.  
Заң терминдерінің құрамы, сонымен шығу төркіні екі бағытта болды: біріншісі – қазақтың төл 
сөзіне  саналы  түрде  терминдік  мағына  беру  де,  екіншісі  –  басқа  тілден  ауысқан  кірме  сөздерді 
терминдік  қызметте  қолдану.  Осындай  сөз  "делдал"  сөзі.  Соның  бір  мағынасы  заңдық  ұғымды 
білдіріп,  заң  терминдерінің  қатарынан  орын  алған.  Бұл  сөзге  қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде 
төмендегідей анықтама берілген: "Делдал",  зат. 1. Екі адамның арсын келістіру үшін жүретін кісі. 
Қазіргі  таңда  экономикалық  терминдік  мәні  мынандай:  "Посредник"  –  делдал.  Келістіруші  кісі 
немесе ұйым.   
Қазіргі  қазақ  тілінде  семантикалық  неологизмдерді  көптеп  кездестіруге  болады.  Енді 
халықтық тілде кезедесіп, кейіннен терминденген атауларды төмендегідей кесте арқылы көрсетейік. 
 
1-кесте. Әскери, құқық салаларында қайта оралған атаулар:
 
 
Халықтық 
сөздер 
Орыс тілінде 
Терминденуі 
Берен  
Бронежелет  
Батырлар киетін болаттан жасалған сауыт 
Дабыл  
Тревога  
Төтенше жағдайда берілетін белгі 
Сарбаз  
Солдат 
Әскери жауынгер   
Жасақ 
Отряд 
Жауынгерлер  
Жертөле  
Блиндаж 
 
 Сыбаға 
Паек  
Әрбір әскерге бөлінетін  тамақ үлесі 
Қазақ 
тіліндегі терминдер 
Орыс 
тіліндегі 
баламасы  
Мағынасы 
Делдал  
Посредник 
1.Екі  кісінің  арасын  келістіру  үшін  жүретін  дәнекер, 
келістіруші  адам;  2.Сатушы  мен  алушы  арасында  жүретін 
пайдакүнем. 
Құн  
Стоимость 
Тауарға 
сіңген 
қоғамдық 
еңбекті 
көрсететін 
экономикалық категоия  
Өтем 
Компенсация 
Қарымта, қайтару, өтеу 
Салық 
Налог 
Жеке  адамдар  мен  кәсірорындардан  міндетті  түрде 
алынатын мемлекеттік алым 
 
Сол  сияқты  мемлекет  пен  құқық  саласында  «бағынышты,  тәуелді»  мағынасын  білдіретін 
«бодан»  сөзі  «подданство»  мағынасында  термин  ретінде  қалыптасқан.  Дәл  сол  сияқты  «кежеуіл-
телехранитель»,  «қарымжы-задаток»,  «бопса-шантаж»,  «жарна-пай,  взнос»,  «ереуіл-забастовка», 
«сыбаға-паек», ақпараттық технологияда «ауани жады-виртуальная память», «айқұлақ-знак», «нобай-
версия»  сияқты  т.с.с.  көптеген  сөздер  тілімізге  қайта  оралып,  термин  ретінде  қалыптасқан.  Аталған 
терминдер ұлт тарихында кездесетін сөздер, сондықтан кірме терминдерден гөрі көрсетілген терминдер 
халық танымына, болмысына жақын сөз-атаулар болып табылады. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы, 1994 – 190 б. 
2.
 
Момынова Б. Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2004. – 110 б.  

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
262 
3.
 
Қарағұлова Б. Сөз мағынасындағы өзгерістердің болу себептері. // «С. Аманжолов және қазіргі 
қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты конференция жинағы. – Алматы, 2004. – 247 б.  
4.
 
Попова Т.В. Русская неология и неография: учебное пособие. – Екатеринбург: ГОУ ВПО 
УГТУ-УПИ, 2005 – 96 с. 
5.
 
Сенько Е.В. Инновации в современном русском языке. – Владикавказ, 1994 – 185 б. 
6.
 
Ағыбаев А. Қылмыстық құқықтың орысша-қазақша терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1994. 
– 178 б. 
7.
 
Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. – Астана, 2004. 
– 294 б. 
 
Карагулова Б.С. 
Семантические неологизмы в современном казахском языке 
В  статье  рассматривается  семантические  неологизмы  в  современном  казахском  языке  и  их 
способы неологизации


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет