Жылына 4 рет шығады



жүктеу 6.08 Mb.
Pdf просмотр
бет44/56
Дата28.12.2016
өлшемі6.08 Mb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56

Ключевые слова: термин, семантика, неологизмы, аэлогизмы, лексика. 
 
Karagulova B.S. 
Semantik neologisms in modern kazakh languages 
In  the  article  is  spoken  about  upgrading  ways  and  causes  of  old  wordsin  the  article  is  spoken  about 
upgrading ways and causes of old words. 
Keywords: Term, lexeme, neologism,  archaism, aelogizm. 
 
 
 
 
ӘОЖ 811.512.111 
 
Мәтбек Н.Қ. – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  
(Алматы қ., Қазақстан), E-mail: nursulu.m@mail.ru 
 
ЧУВАШ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация. Чуваш тілі – Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі, чуваштардың ұлттық тілі болып 
табылады.  Әлем  тілдерінің  генеалогиялық  жіктелуінде  түркі  тілдерінің  бұлғар  тобына  жатады  және  осы 
топтағы  жалғыз  тірі  тіл  болып  есептеледі.  Чуваш  тілі  Ресейдің  біршама  аймақтарына  тараған.  1,15  млн-ға 
жуық адам чуваш тілінде сөйлейді.Чуваш тілі XVIII ғасырдан бастап зерттеле бастаған.Лексикасы байырғы, 
жалпытүркілік және кірме сөздер қабаттарынан тұрады.Чуваш тілі қазіргі түркі тілдерінен көптеген белгілері 
бойынша ерекшеленеді. 
Кілт сөздер: мемлекеттік, чуваш, тіл, түркі, бұлғар, диалект, әдеби, зерттеу, кірме сөздер. 
 
Чуваш тілі – чуваштардың ұлттық тілі, Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі, сондай-ақ 
Чуваш Республикасынан тыс жерде өмір сүретін чуваш қауымының тілі. Чуваш тілі өз тілдерінде 
«чӑваш чӗлхи», «чӑвашла»деп аталады. Әлем тілдерінің генеалогиялық жіктелуінде түркі тілдерінің 
бұлғар  тобына  (кейбір  зерттеушілердің  пікірінше, батыс хун  бұтағына) жатады  және осы  топтағы 
жалғыз тірі тіл болып есептеледі. 
Чуваш  тілі  Чувашия,  Татарстан,  Башқұртстан,  Самара,  Ульяновск,  Саратов  облыстарында, 
сондай-ақ  Орал,  Поволжья,  Сібірдің  басқа  да  облыстарына,  т.б.  өлкелерге,  республикаларға 
таралған. Чуваш Республикасының мемлекеттік тілі (орыс тілімен бірге) болып есептеледі. 
Сөйлеушілер саны, 2010 жылғы санақ бойынша, 1,15 млн адамға жуық, осыдан бұрын 2002 
жылғы санақта этникалық чуваштардың саны 1 млн 637 мың адам болатын, шамамен, оның 55%-ы 
Чуваш Республикасында тұрады. 
Чуваш  әдеби  тілі  төменгі  диалект  негізінде  қалыптасқан.  Әдеби  тілдің  қалыптасуына  И.Я. 
Яковлевтің қызметі және Симбир чуваш мұғалімдік мектебі (ХІХ ғасырдың аяғы) үлкен рөл атқарған. 
Чуваш  тілін  лингвистикалық  зерттеу  XVIII  ғасырда  басталған,  1769  жылы  тұңғыш 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
263 
грамматика жарық көреді (Вениамин Пуцек-Григорович). Чуваш тілін ғылыми-зерттеу негізін Н.И. 
Ашмарин  (XIX  ғасырдың  аяғы  –  XX  ғасырдың  басы)  қалаған;  оны  зерттеуге  И.А.  Андреев,  В.Г. 
Егоров, Й.Бенцинг және басқа да зерттеушілер маңызды үлес қосқан. 
Н.И.Егоров чуваш тілі глоттогенезінің үш құрамдас бөлігін көрсетті: 
Қазіргі  жалпыұлттық  чуваш  тілі  ХV  ғасырда  орта  бұлғар  диалектісі  негізінде  қалыптасты. 
Глоттогенезде үш негізгі бөлік маңызды орын алады: 
1) орта бұлғар тілі – негіз (орта қыпшақ кірме сөздерінің біршама бөлігін сіңірген, сонымен 
қатар моңғол, парсы, арабтан шыққан лексиканы да); 
2) таулы марий субстраты (негізінен, жоғары диалектіде); 
3) чуваш  тілінің  құрылымдық деңгейінің  түрлі  дәрежесі   көрінетін қазан-татар және  мишар 
тілдерінің тарапынан зор қарым-қатынас әсері [1]. 
Лексикасы  байырғы,  жалпытүркілік  және  кірме  сөздер  қабаттарынан  тұрады.  Құрамында 
моңғол, иран, фин-угор, армян, грузин, еврей, славян кірме сөздері бар. Маңызды бөлігін шартты 
түрде  бұрын  енген  және  жаңадан  енген  деп  бөлінетін  орыс  тілінен  енген  сөздер  құрайды. 
Алғашқылары  дыбыстық  жақтан  чуваш  тілінің  ерекшеліктеріне  бейімделсе  (пӗрене  –«бревно», 
кӗрепле  –«грабли»),  кейінгілері  мүлде  өзгеріске  ұшырамаған  (делегат,  прогресс)  немесе  аздап 
бейімделген (конституци, географи). Орыс кірме сөздері, негізінен, терминология саласына жатса, 
ішінара тұрмыстық лексика да (пальто, костюм) кездеседі. 
Бұлғар-чуваш  тарихындағы  ислам  дәуірімен  (X-XIV  ғасырлар)  байланысты  лексикасында, 
әсіресе  көне  чуваш  тілінде  және  жалқы  есімдерде  араб-парсы  сөздері  бар.  Бірақ  қазіргі  чуваш 
тілінде (әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде) бұндай сөздер көп кездеспейді, сөздіктерде және әдеби тілде 
ғана қолданылады. 
Б.А.  Серебренников  чуваш  пен  моңғол  тілдерінің,  чуваш  пен  тұңғыс-манчжур  тілдерінің 
лексикалық  қатарларын,  чуваш  тілін  сібір  және  ортаазиялық  түркі  халықтары  тілдерімен 
жақындастыратын елеулі сөздер тобын көрсете отырып, төмендегідей қорытындыға келеді: «жалпы 
түркі  тілдерінің  ыдырауы,негізінен,  күмәнсіз  Азия  территориясында  жүзеге  асты,  қайта 
қалыптасқан  түркі  тілдерінің  бірі  –  қазіргі  чуваштардың  ата-бабаларының  тілі,  шамасы,  Байкал 
көлінің  ауданында,  әлдебір  моңғол  тілімен  көрші  тұрды  [2,  41  б.].  Одан  ары  ол:  «...қазіргі 
чуваштардың  түркітілді  ата-бабалары  Еуропа  территориясына  барған  алғашқы  түркі  тайпалары 
болды, соңында Еділдің төменгі ағысындағы түркі тілді қауымекі тілге: бұлғар және хазар тілдеріне 
ыдырады [2, 43 б.]. 
Бұлғар  және  чуваш  тілдерінің  тығыз  байланыстылығы  күмән  тудырмайды.  Жазбаларда 
сақталған аздаған бұлғар сөздері чуваш тілінен өзге түрік тілдеріне тән емес, тек чуваш тілінде ғана 
кездесетін ерекшеліктерге  дәлел  болып  табылады.  Чуваш  тілі  ежелгі  (ІV-ХІ  ғғ.)  және орта бұлғар 
(ХІІІ-ХVІ ғғ.) тілдеріне жатады. 
А.В. Дыбосөздер жиынтығын зерттеу және лексико-статистикалық мәліметтер негізінде түрік 
тілдері  генеалогиялық  тармақтарының  салыстырмалы  хронологиясынайқындауарқылы,  ежелгі 
түріктілінің  ыдырауы,  әдетте,  бұлғар  тобының  бөлімі  ретінде  сипатталатын  чуваш  тілінің 
бөлінуінен бастау алатынын дәлелдеді. Генеалогиялық тармақтарда тілдің тарамдануы б.з.д. 30-50 
жылдарға сәйкес келеді. Ол бұл мерзімді  хунну тайпасы бір бөлігініңБатыс Моңғолияданбатысқа, 
солтүстік  Шыңжаң  арқылы  ОңтүстікҚазақстанның  Сырдария  аймағына,  б.з.д.  56  ж.  қоныс 
аударуымен байланыстырады [3, 766 б.]. 
Итальяндық тарихшы және филолог Игор де Ракевиц(Igor de Rachewiltz) чуваш тілінің басқа түрік 
тілдерінен  елеулі,  ал  халадж  тілінен  аздаған    айырмашылығы  бар  екендігін  көрсетті.  Ол  «чуваш  тілі 
түрік  тілдеріне  тән  кейбір  жалпы  сипаттамаларға  сай  келмейді,  дегенмен  оны  кейбір  ғалымдар  түрік 
немесе моңғол тілдері секілді, алтай тобының жеке тармағына жатқызады, ал чуваш тілін түрік тілдері 
тобына қосу – тілдерді жүйелеу мақсатымен ымыраға келуден туғаншешім», – [4, 7 б.] деп түсіндіреді. 
Чуваш тілі қазіргі түркі тілдері: әзірбайжан, башқұрт, гагауз, қазақ, татар, түрікмен, өзбек т.б. 
тілдерден көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді. 
Ғалымдар  чуваш  тілін  өте  көне  тілдердің  бірі  және  басқа  түркі  тілдерінен  оның  ерекшелігі 
чуваштардың  ата-бабалары  түркі  әлемінен  ерте  ажырағандығында  деп  түсіндіреді.  Тек  соңыра 
халық өзінің тілі мен мәдениетімен этнос ретінде  қалыптасқан соң, ол қайтадан тарихи кезеңдерде 
түріктермен тығыз қарым-қатынасқа түсе бастайды.  
Чуваш жазуының қалыптасу тарихы 3 кезеңге бөлінеді: 
- ежелгі чуваш жазуы кезеңі (ХVI ғасырға дейін); 
- көне чуваш жазуы кезеңі (ХVIII ғасыр – 1871 жыл); 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
264 
- жаңа чуваш жазуы кезеңі іштей екі кезеңді қамтиды: 
1) 1871 – 1917; 
2) 1917 жылдан осы уақытқа дейін. 
Чуваш жазуы тарихының әр кезеңіне сызықтық-графикалық символдар (әріптер мен жазудың 
әріп  емес  таңбалары)  және  қағазға  немесе  басқа  материалдарға  чуваш  тілінде  құрастырылған 
мәтіндерді,  сөздерді,  хабарларды  жазуға  арналған  тәсілдерді  қамтитын  жазудың  жеке  алфавиттік 
жүйесі сәйкес келеді. Ежелгі чуваш жазуы кезеңінде екі алфавит қолданылған: 
- ХІХ ғасырға дейін ішінара сақталған руна жазуы; 
- араб графикасына негізделген әліпби (Х-XV ғасырлар). 
Көне чуваш жазуы кезеңінде (ХVIII ғасыр – 1871 жыл) чуваш сөздерін жазу үшін чуваш тілі 
дыбыстарына тән арнайы әріптеріболмаған орыс алфавиті қолданылды. 
Жаңа  чуваш  жазуы  кезеңінде  де(1871  жылдан  –  осы  уақытқа  дейін)  әрқайсысы  әр  түрлі 
дәрежеде чуваш тілін жазуға бейімделген екі түрлі алфавит қолданыста болды: 
- кириллицаға негізделген чуваш алфавиті; 
- латын жазуына негізделген чуваш алфавиті [5]. 
Чуваш тілінде 10 әріппен таңбаланатын 9 дауысты дыбыс (фонема) бар: а, ă, э (е), ĕ, и, ы. у, ӳ, 
о. Дауыссыз дыбыстар саны – 22. Оның ішінде тек қана Ç фонемасына сәйкес дыбыс орыс тілінде 
жоқ. Бұл – ызың, қатаң фонема,  орыс тіліндегі с' (сь) дыбысына ұқсайды. 
Чуваш тілі – ерекше жұмсақ тіл. Байырғы чуваш сөздерінде б, г, д, ё, ж, з, о, ф, ц, щ әріптері 
жоқ. Бұл әріптер тек орыс және шетел тілдерінен енген сөздерді жазуда ғана қолданылады. 
1871-72  жылдары  жаңа  жазу  пайда  болғанша  чуваш  тілі  ауызша  қарым-қатынас  пен  халық 
ауыз  әдебиетінің  түрлерінде  ғана қолданылды.  Жазу  пайда  болғаннан  кейін  тілдің қолданылуы  іс 
жүзінде  кеңейді.  1920  жылы  автономия  құрылғаннан  бастап  тілдің  қолданылу  аясы  елеулі  түрде 
кеңейді.  Республика  аумағында  чуваш  тілі,  орыс  тілімен  қатар,  екі  ресми  тілдің  біріне  айналды. 
Барлық аймақта чуваштардың тығыз орналасуына байланысты мектептердегі оқыту тілі (8-сыныпқа 
дейін) болды, ресми мекемелерде осы тілде сөйлеседі, іс-қағаздары жүргізіледі, кең ауқымда кітап 
басылып шығарылады, чуваш тілінде фильмдер түсіріледі, театр сахналарында осы тілде сөйлейді. 
Чебоксары, Қазан, Уфа, Самара, Симбирск, Мәскеуде чуваш тілінде газет-журналдар шығарылады. 
ХХ  ғасырдың  30-жылдары  жағдай  күрт  өзгерді.  Чуваш  АССР  Конституциясынан  чуваш 
тілінің  мемлекеттік  мәртебесі  туралы  бап  алынып  тасталынды.  Чуваш  Республикасынан  тыс 
жерлердегі  чуваш  тілінде  шығатын  газет-журналдар  жабылды,  кинофильмдер  жойылды.  1989 
жылғы  санақ  бойынша,  бұрынғы  Кеңес  Одағы  территориясын  мекендейтін  чуваштардың  төрттен 
біріне жуығы ана тілі ретінде чуваш тілін есептемеді, тіпті Чуваш АССР-індегі ана тілін білмейтін 
чуваштардың үлесі 15%-ды құрады. 
1936  жылдың  13  қаңтарында  –  БКП(б)  облыстық  комитетінің  бюросы  Чувашияның  барлық 
мектептерінің 8-10-сыныптарында барлық пәндерді орыс тілінде оқытуға шешім қабылдады. 
1938  жылдың  13  наурызында  КСРО  ХКК  және  БКП(б)  ОК  «Ұлттық  республикалар  мен 
облыстар мектептерінде орыс тілін оқыту туралы» Жарлығына сүйене отырып, Чувашияның халық 
ағарту комитеті, оқу үдерісінде орыс тілінің рөлін күрт арттыру бағытында оқу жоспарын өзгертті. 
Орыс  тілі  пәні  бойынша  ақпараттар  көлемі  ұлғайтылып,  сағат  саны  арттырылды.  БКП(б)  және 
Чуваш  Автономиялы  Кеңес  Социалистік  Республикасы  Халық  комиссарлар  кеңесінің  (ЧАКСР 
ХКК) 1938 жылы  9  сәуірдегі  «Чуваш  АКСР  чуваш,  татар және мордова мектептерінде орыс  тілін 
міндетті  оқыту  туралы»  Жарлығына  сәйкес,    1938  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  республика 
мектептерінде орыс тілін оқыту 2-сыныптан бастап қолға алынды. 
1958  жылдың  24  желтоқсанында  «КСРО-да  мектеп  пен  өмір  арасындағы  байланысты 
күшейту, білім беру жүйесін одан ары дамыту туралы» Заң қабылданды. Оқушылардың ата-аналары 
балаларын  қандай  тілде  оқытуды  өздері  таңдау  құқығына  алғаш  рет  ие  болды.  Республиканың 
көптеген мектептерінде ата-аналардың өтінішіменоқыту ана тілінен (орыс тілінен басқа) орыс тіліне 
жаппай ауыстырылды. 
2007  жылға  дейін,  жалпы  білім  берудің  мемлекеттік  стандартының  ұлттық-аймақтық 
компоненті алынып тасталынғанға дейін, республика мектептерінде ана тілін (орыс тілінен бөлек) 
оқыту ұлттық-аймақтық компонент шеңберінде жүргізілді. Чуваш Республикасының бұрынғы білім 
министрі  Г.П.  Черновойорыстілді  мектептерді  бітірушілердің  чуваш  тілін  меңгеру  деңгейі  төмен 
екендігіне  қарамастан,  2000  жылы  «Орыстілді  мектептерде  чуваш  тілін  оқыту  сағаттарын 
арттырудың қажеттілігі жоқ», – [6] деп атап көрсетті. 
Чуваш  Республикасы  Министрлер  Кабинетінің  1  маусым  2000  жылғы  №109  қаулысымен 
бекітілген«Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі жүйесіндегі Чуваш Республикасы ұлттық мектептерінің 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
265 
концепциясында»  ұлттық  мектепке  келесідей  анықтама  берілген:  «Ұлттық  мектеп  –  Чуваш 
Республикасының  әр  түрлі  ұлт  өкілдері    қатар  өмір  сүретін  аймақтарында,  оқушыларды  туған 
этномәдени  ортамен  байланыста  дамыту  қағидасына  негізделген  және  тиісті  ұлттық-аймақтық 
компонентке  сай  оқыту  бағдарламасын  іс  жүзіне  асыратын  жалпы  білім  беру  мекемесі»  [6].  Бұл 
құжат  Чуваш  Республикасы  Министрлер  Кабинетінің  29  маусым  2011  жылғы  №263  қаулысымен 
күшін жойды. 
1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған «Білім туралы» Заңның 2004 жылғы 18 қазандағы жаңа 
редакциясына  сәйкес,  бұл  анықтамаға  түзету  енгізіліп,  ұлттық  білім  беру  мекемесі  деп  туған 
этномәдени  ортасына  және  ұлттық  дәстүрлеріне  негізделген  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге 
асыратын  мекемелер  аталатын  болды.  Чуваш  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  ең  соңғы 
редакциясында «ұлттық мектеп» ұғымы жоқ. 
1993  жылдың  28  қаңтарында  Чуваш  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  қабылданып, 
онда: «Чуваш Республикасы мектепке дейінгі, жалпы бастауыш және негізгі жалпы білім беруді  – 
орыс және чуваш тілдерінде, ал түрлі ұлттардың тығыз өмір сүретін аймақтарында, сол ұлттардың 
туған тілінде білім беруді қамтамасыз етеді» [6], – деп атап көрсетілді. 
2005 жылдың 11  қарашасында  Чебоксарыда  чуваш  тілі  мен әдебиеті мұғалімдерінің бірінші 
конференциясы  өтіп,  оған  Чуваш  Республикасындағы,  Ресей  Федерациясы  аймақтары  мен  жақын 
шетелдерден  300-ден  астам  делегат  қатысады.  Конференция  нәтижесі  бойынша  Чуваш 
Республикасындағы тілдік тәжірибе қолданыстағы заңнамаға қайшы келетіндігі көрсетілген тілдік 
жағдаят туралы өтініш қабылданады. 
2007  жылдың  1  желтоқсанында  №309-ФЗ  «РФ  кейбір  заңнамалық  актілерге,  оның  ішінде 
мемлекеттік  білім  беру  стандартының  құрылымы  мен  ұғымдарына  өзгеріс  енгізу»  Федеральдық 
заңы қабылданады, соған сәйкес мемлекеттік білім беру стандарты институтынан (федеральды және 
аймақтық  (ұлттық-аймақтық),  сондай-ақ  білім  беру  мекемесінің  компонентінен)  «федеральды 
мемлекеттік білім беру стандарты» институтына ауыстырылады. 
Федеральды мемлекеттік білім беру стандарттары кемінде он жылда бір рет бекітіледі және 
олар негізгі білім беру бағдарламаларының құрамына деген талаптарды, сондай-ақ негізгі білім беру 
бағдарламаларының нәтижелерін енгізуді қамтиды. 
2010  жылдың  20  ақпанында  Чуваш  Республикасы  астанасы  Чебоксары  қаласында  Чуваш 
азаматтық  конгресінің  жетекшісі  Н.Е.  Лукианованың  бастамасымен  қоғамдық  ұйымдар 
өкілдерініңХалықаралық  ана  тілі  күніне  байланысты  ұйымдастырылған  Ресей  Федерациясы 
байырғы  халықтарының  ана  тілін  сақтау  және  дамыту  мәселелері  бойынша  форумы  болып  өтті. 
Форумда  1  желтоқсан  2007  жылғы  №309-ФЗ  «РФ  кейбір  заңнамалық  актілерге,  оның  ішінде 
мемлекеттік білім беру стандартының құрылымы мен ұғымдарына өзгеріс енгізу»,мемлекеттік білім 
беру  стандартынан  ұлттық-аймақтық  компоненттерді  алып  тастаған  Федеральды  заңының 
салдарлары  талқыланды.  Форумға  қатысушылар  Ресей  халықтары  өкілдерінің  БҰҰ,  Еуроодақ, 
әлемдік БАҚ басшылығы, РФ Президенті, Парламенті мен Үкіметіне Үндеу қабылдады. Сонымен 
бірге  «Ресей  Федерациясы  халықтарының  ана  тілін  сақтауға,  оны  зерттеу  және  дамыту  үшін 
жағдайлар жасауға конституциялық құқығын қалпына келтіру туралы» резолюция қабылданды. 
2010  жылы  Чебоксары  қаласындағы  №10  орта  білім  беретін  мектеп  негізінде  «Бастауыш 
мектепте  чуваш  тілін  интенсивтібілім  беру  арқылы  дамыта  оқыту»  экспериментті  алаңының 
жұмысы  қолға  алынып,  екі  тілде:  орыс  және  чуваш  тілдерінде  оқитын  бірінші  бір  сыныпқа 
оқушылар  қабылдай  бастады.  Бірқатар  пәндерді  чуваш  тілінде  оқытуда  арнайы  әдістемеліктер 
пайдаланылып,  оқушылардың  чуваш  тілін  меңгеру  деңгейіне  қарамастан,  оларды  оқыту  сатылай 
жүргізіле бастады. 
Чуваш Республикасы Президентінің 21 наурыз 2008 жылғы №25 Жарлығына сәйкес, Чуваш 
Республикасында  білімді  дамытудың  2040  жылға  дейінгі  бекітілген  стратегиясында  келесідей 
мәліметтер келтірілген:  «Бүгінгі күні республикада 344 чуваш, 177 орыс, 17 татар ұлттық мектебі 
бар,  жалпы білім  беретін  4 мекемеде  мордова  тілі  оқытылады.  Қалыптасқан жүйе көп мәдениетті 
кеңістікте балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ете алады» [6]. 
Чуваш  тілі  Чуваш  Республикасы  Білім  министрлігінің  2009-2010  оқу  жылындағы  мәліметтері 
бойынша, республикада мектептердің 65%-ы – чуваш, 31%-ы – орыс, 3%-ы татар тілдерінде білім берді. 
Чуваш тілі 344 чуваш мектебінде – ана тілі, ал қалған 198 мектепте мемлекеттік тіл ретінде оқытылды. 
Чуваш,  татар  ұлттық  мектептерінің  1-5-сыныптарында  оқыту  ана  тілінде  жүргізілді.  Өкінішке  орай, 
Алатырь, Канаш, Шумерли қалалары мен Порецк ауданында чуваш мектептері болмады. 
Чуваш ұлтының жартысына жуығы Чуваш Республикасынан тыс жерлерде өмір сүреді. XIX 
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Чуваш Республикасы мен одан тыс жерлерде 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
266 
чуваш тілінде білім беретін бастауыш сыныптар мен пән мұғалімдерін даярлайтын бірқатар жоғары 
және  арнайы  оқу  орындары  ашылды.  Чуваш  АКСР-дегі  педагогикалық  институт,  техникум  мен 
училищеден  өзге,  арнайы  педагогикалық  училищелер  Ульяновск,  Самара,  Қазан,  Сенгиль, 
Похвистнев, Белебей, Аксубаев және т.б. қалаларда жұмыс істеді. 
Ульянов  облысы  және  басқа  да  Чуваш  Республикасынан  тыс  жерлерде  өмір  сүретін  ұлт 
өкілдерінің  пікірі  бойынша,  чуваш  тілі  мен  әдебиетін  оқытатын  педагог  мамандарға  сұраныс  өте 
жоғары.  Қазіргі  уақытта  үкімет  чуваш  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімдеріне  сұраныс  жоғары  болуына 
қарамастан,  Ульяновск  мемлекеттік  педагогикалық  университетінің  чуваш  тілі  мен  әдебиеті 
бөлімдерін жабуда. Чуваш Республикасынан тыс жерлерде өмір сүретін чуваштардың ана тілін білу 
деңгейінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – маман педагогтердің болмауы. 
Чуваш  тілінде  көптеген  газеттер  шығарылып,  чуваш  театрлары  мен  хор  ұжымдары  жұмыс 
істейді. Чуваш тілі Чуваш Республикасының, Башқұртстан мен Татарстанның кейбір аудандарының 
мектептерінде пән ретінде оқытылады, Чувашияның бірқатар ЖОО-ларында екі семестр бойы пән 
ретінде  оқытылады.  Чуваш  Республикасында  чуваш  тілінде  аймақтық  радио  және 
телебағдарламалар таратылады, мерзімді басылымдар жарық көреді. Республикада ресми іс жүргізу 
орыс тілінде жүргізіледі. 
Чуваш  тілі  ұдайы  даму  үстінде.  Онда  жаңа  сөздер  пайда  болып,  тұрақты  тіркестер 
жасалынуда,  жаңа  грамматикалық  құрылымдар  қолданылынып,  жаңа  орфографиялық  ережелер 
енгізілуде.  Әйтсе  де  чуваш  тілінің  жойылып  кету  қаупі  жоқ  емес,  қазіргі  уақытта  лексика 
саласында, әсіресе ауызекі тілде орыс тілінің әсері қатты байқалады.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Егоров Н.И. Глоттогенез чувашский // Чувашская энциклопедия. Гл. ред. В.С. Григорьев. – 
Чебоксары: Чувашское книжное издательство, 2010. Т.1. – 289 с. 
2.
 
Серебренников  Б.А.  Происхождение  чуваш  по  данным  языка  //  О  происхождении 
чувашского народа. Сборник статей. – Чебоксары: Чуваш. гос. изд-во, 1957. – С. 41. 
3.
 
Дыбо  A.B.  Хронология  тюркских  языков  и  лингвистические  контакты  ранних  тюрков. – 
М.: Академия, 2004. – 766 с. 
4.
 
Rachewiltz,  Igor  de.  Introduction  to  Altaic  philology:  Turkic,  Mongolian,  Manchu.  –  Leiden; 
Boston, 2010. – P. 7. 
5.
 
Фомин  Э.В.  Чувашская  книга  в  конце  ХIХ  –  начале  ХХ  вв.  //  Известия  Томского 
политехнического университета. – 2007. – №2. – С. 244-248. 
6.
 
ru. wikipedia.orq /wiki/ Чувашский язык. 
 
Матбек Н.К. 
Особенности чувашского литературного языка 
В  статье  рассматриваются  история,  нынешнее  состояние,  будушее  и  особенности  одного  из 
тюркских  языков  –  чувашского  языка.  А  также  анализируется  область  распространения  и  применения, 
общественно-социальная функция, основы развития чувашского литературного языка.  
Ключевые  слова:  государственный,  чуваш,  язык,  тюркский,  булгар,  диалект,  литературный, 
исследование, заимствованные слова. 
 
Matbek N.K. 
Features ofchuvashliterarylanguage 
This  article  discussesthe  history,  current  state,  futureand  features  of  one  of  theturkic  languages-the 
chuvash language. And alsoanalyzesthe distribution area, public-social function, the basis of development ofthe 
chuvashlanguage. 
Key words: state, chuvash,language, turkic,bulgar,dialect, literary, research, loan words. 
 
 
ӘОЖ: 372.8 + 372.8:82 
 
Тастемирова Г.А. – филология ғылымдарының кандидаты,  
аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
(Алматы қ., Қазақстан), Е-mail: gulshar.t@mail.ru 
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
267 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ӘЗИЗ НЕСИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Аннотация.  Мақалада  Әзиз  Несин  шығармаларының  қазақ  тіліне  аударылу  мен  оны  оқытудың 
жолдары сөз болады. Өзге тілден аударылған аударма саласындағы туындылармен таныса келе, ондағы 
жетістік пен кемшілік аралас екенін айтуға болады.   
Кілт сөздер: оқыту, қазақ әдебиеті, шығармалар, сатира, аударма, Әзиз Несин. 
 
Сатираның  өзіндік  даму  динамикасында  аударманың  рөлі  өте  ерекше.  Өйткені    аударма 
өнерінің    қыры  мен  сыры  мол.  Оның  өзіндік  қиындықтары  да  баршылық.  Аударма  сапасын  сөз 
еткенде,  ондағы  әдеби  көркемдікке  тіл  кестесінің  дұрыс  өрілуіне,  стильдік  тазалыққа  баса  назар 
аудару  қажет.  Аударма  жасау,  бір  халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа  мәңгілік  мақтаныш  етіп  қалдырып 
келе жатқан асыл мұрасын, бүкіл адам баласының мәңгілік рухани азығын өз халқыңның игілігіне 
айналдыру жолында тырбанып қызмет ету – бұл аса жауапты міндет. 
Қазіргі  дәуірде  ғылымның  ой-өресі  биік  екенін  мойындай  отырып,  адамның  ойы  жететін 
нәрсеге көзі, тілі де жететінін ешбір талассыз деп санауымыз керек. “Тіл жүйрік емес, шын жүйрік” 
деудің осы орайда терең мағынасы барлығы айқын аңғарылады. Әр дәуірдің әдебиеті – сол дәуірдің 
айнасы.  Сөз  өнерінің  өмір  шындығын  “шыңдап”  қана  қоймай,  келешекке  келер  ұрпақтан-ұрпаққа 
“шегелеп” қалдыратын құдіреті де осы арада жатыр. Адам баласының ар-ожданына, ақыл-ойына, сыр-
сезіміне суарылған көркем әдебиет немесе әр халықтың автопортреті, ұлттық кескін-келбеті, тағдыры 
мен  тіршілігінің  көркем  шежіресі  болып  табылатын  сөз  өнері  әрқашан  өз  орнында,  тапжылмайды, 
өзінің  түбегейлі  тарихи  қызметін  атқаруда.  Сөз  табуға,  қисынымен  қолдануға  үлкен  талғампаздық, 
шеберлік, шешендік қажет. Ағыл-тегіл ойдың ағымымен ілескен сөздер еркін төгіліп келіп отырады, 
ой қисынынан сөз қисыны, сөздің мағыналық дәлдігі, терең мазмұндылығы келіп туады. 
Қоғамның  дамуына,  халықтың  мүддесіне,  тілек-талаптарына  сай  әдебиет  те  өзгеріп,  дамып 
отырады. әдебиет қоғамдық ой-сананың басқа салаларымен де сабақтасып, халықтың дүниетанымы, 
адамгершілік  моральдық  ұғым-түсініктері  көзқарасы,  наным-сенімі,  эстетикалық  түсінік-сезімдері 
бір-бірімен  қалайда  жалғасып  жатады.  Сонымен  бірге,  әдебиеттің  дамуы  тарихи  әдеби  үрдіс  сөз 
өнерінің  өз  заңдылықтарымен,  саяси  ой-пікірлерінің  өріс  алуы,  халыққа  білім  беру,  ағарту  ісінің, 
баспасөздің өсу дәрежесі, ұлттық поэзиялық дәстүрлер мен халықтың көркемдік ойлау, сөз қолдану, 
тіл ұстарту ерекшеліктерімен тығыз байланысты болады. 
Қазақ  халқының  өнер  жағынан  даму  тарихында  оның  өзге  халықтармен  әдеби  байланысы, 
қарым-қатынасы қалыптасып, нығая берді. Бұл дәстүр фольклордан басталып, кәсіби әдебиетімізбен 
бірге  жасасып,  әр  тарихи  кезеңнің  мақсат-мұратына,  тыныс-талабына,  қажет-мұқтажына  сәйкес 
мән-мазмұн, сыр-сипат ала береді. 
Қазақ әдебиетінде тіпті көршілес елдер әдебиетімен өзара байланыс, әсер-ықпал тұрсын, алыс 
елдер әдебиеттерімен де қарым-қатынас қалыптасып, әдебиетіміздің ұлтаралық мақсат-мұраттарына 
келіп жалғасты. Қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау үдерісінің кезеңдері, 
ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, түр-түс, реңк-бояу тауып, жаңа жолдар, 
соны мүмкіндіктер тауып, әдебиетіміздің гуманистік, ұлтаралық сыр-сипатын айқындай түсті. Қазақ 
сөз  өнері  биікке  өрлеген  сайын  оның  басқа  әдебиеттермен  қарым-қатынас,  байланыс  жасау 
мүмкіндіктері артты. 
Көркем  әдебиеттің  маңызды  да  ажырамас  салаларының  бірі  –  көркем  аударма.  Сөз  өнері 
жасаған  көркем  туындылардың  халықтың  рухани  мұрасын  байыта  түсетіні  де,  үздік 
шығармалардың тек бір ұлттың, бір халықтың ғана емес, әлемдегі өзге де ұлт өкілдерінің, басқа да 
халықтардың  игілігіне,  әлемдік  жалпы  адамзаттық  рухани  байлыққа  айналары  сөзсіз.  Ұлт 
әдебиеттерінің өзара байланысы, олардың бірін-бірі байытуы осы асқақ мұраттан бастау алады. 
Қазіргі кезеңде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен халықтар арасындағы 
экономикалық,  саяси,  мәдени  байланыстар  ауқымының  кеңеюі  тек  қана  аударма  ісінің  ілгерілеуі 
мен  білікті  мамандарды  қажет  етіп  қоймай  сонымен  қатар  тәржіма  қызметінің  көптеген  зәру 
мәселелерін күн тәртібіне ұсынып отыр. 
Тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы бейнесінің нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік, мәдени 
ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда заман талап етіп отырған тұрғыдағы тәржіма ісінің 
көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың, талдап-талқылаудың маңызы зор. Қоғамдағы сан-
салалы өзгерістер әдеби аудармаға да тың көзқарастар туғызып отыр. Ұлттық рухани байланысты 
басқа ұлттар мен ұлыстарға өз тілінде ұсынудың мүмкіншіліктері, әлемдегі озық үлгілерді қазақша 
сөйлету жолдары назардан тыс қалмауы қажеттілігінен туындап отыр. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
268 
Замана  тынысын,  дәуір  сипатын  танытарлық,  өмір  ағымына  ілесе  жазылған  бұл  шығарма 
жаңа идеяның жаршысы болды. Өршіл идеяны көпшілік бұқараның санасына сіңіру  – міне, автор 
мен  аудармашының  асыл  мақсаты;  көркем  шығарманың  мұраты;  егіз  ерекшелігі  мен  бірлігі  – 
осында. Таланттар осылай тұтасар. 
Әдебиет – бір халықты екінші бір халыққа кеңінен таныстырып, оларды өзара табыстыратын, 
бір-бірін өзара шын пейілден құрметтеуге үндейтін, қысқасы, рухани теңестіретін өнер екені мәлім. 
Осыған орай әдебиеттің көтерер жүгі мен атқарар міндеті ерекше. Әлем халықтарының сонау ілкі 
заманнан  қалыптасқан  діни,  рухани,  наным-сенімдік  дүниетанымының  айнасы,  поэтикалық 
құдіретін танытушы фольклорлық мұраларды толыққанды етіп өзге тілдерге аудару мәселесі біздің 
елде ХХ ғасырда бой көтере бастады. 
Халықтардың  бір-бірімен  танысып,  өзара  идеялар  алмасуы,  соған  орай  әдебиеттерінің  дамуы, 
ақыл-ой  өрісінің  ұлғаюы  бір  халық  әдебиетінің  екінші  халық  тіліне  аударылуына  негізделуі  аударма 
қызметінің ең басты мақсаты болып табылады. Бұл орайда аудармашы шын мәнінде екі ел мәдениеті 
мен  әдебиетінің  өкілі,  ол  өзінің  шығармашылық  шеберлігінің  желісі  -  аударма  арқылы  өзге  ұлт  пен 
халықта, бөгде ортада туған әдеби шығарманы туған топырағына әкеліп, ана тілінде сөйлету жолымен 
рухани жаңалық ашады, дүниетанымы шеңберін, сана-сезімін ұлғайтуға себепші болады. 
Аударманың  ақпараттық  бағдарлама  болып  табылатындығы  белгілі.  Нақтырақ  айтқанда, 
аудармашы  өз  ана  тілінің  жүйесінде  түрлендіре  отырып,  түпнұсқа  авторының  мәтінінде  берілген 
ақпаратты  шифрлайды,  ал  сол  мәтіндегі  ақпаратты,  аударманы  оқырман  қайта  қабылдайды. 
Гносеологиялық көзқарас бойынша, аударма – бұл түпнұсқаның балама (адекватное) көрінісі және 
шығармашылық  жолда  қайта  түрленуі.  “Аударма  аудармашылық  шығармашылықтың  нәтижесі 
ретінде” түпнұсқа баламасы болып есептелінеді. 
Ғалым  А.Попович  аудармаға  аударма  барысында  оның  тілдік  жаңа  бейнесі  мен 
стилистикалық және өзіне тән басқа да ерекшеліктерін басым түрде сақтай отырып, өзгертетін үрдіс 
ретінде  тілдік  мәтіннің  қайта  туындауы  деп  анықтама  береді.  Сонымен  қатар  ғалым:  «Көркем 
аударма  теориясы  сөздің  тар  мағынасында  салыстырмалы  тіл  білімі,  салыстырмалы  стилистика, 
әдебиет компаративистикасының теориясы мен әдебиет теориясы сынды төрт пәннің тоғысуының 
нәтижесінде, яғни соның негізінде пайда болған», - дейді [1,  181 б.]. 
Аударма  -  бір  тілде  жазылған  мәтінді  екінші  тіл  арқылы  жеткізу.  Сондай-ақ,  осы  іс-әрекет 
арқылы  алынған  нәтиже  туынды.  Аударылатын  мәтін  қазақ  тілінде  оқитын  адамның  қабылдау, 
түсіну  ерекшеліктеріне  сәйкес  келуі  керек.  Демек,  қазақша  жасалған  мәтінде  қазақ  әдеби  тілінің 
табиғи заңдылықтары, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктері сақталуы тиіс. Аударма 
көркем  шығарманың  өзгеше  бір  саласы  болып  табылады.  Аудармашы  жасалғанды  жаңадан  қайта 
жасау,  өз  әдебиетінде,  ана  тілінде  жаңа  қорлар  ашу  және  тың  салаларды  игеру  арқылы  автормен 
күш сынасады. 
Аудармада  екі  тілдің  –  түпнұсқаның  тілі  мен  аударылатын  тілдің  қызметі  айрықша. 
Аударматану  ғылымы  үшін  маңыздысы  –  бір  тілдегі  таңбалар  жүйесін  екінші  тілге  формальды 
түрде  көшірудің  жолдарын,    айтылған  ойды  беру  үшін  екінші  тілдің  тілдік  құралдарының  қалай 
орналасқандығын,  қалай  ұжымдасқандығын  айқындау  емес.  Түпнұсқаның  коммуникативтік-
функционалдық  белгілерінің  қандай  тәсілдермен,  қалай  жеткізілгендігін  зерттеу,  жүйелеу,  ортақ 
заңдылықтарын белгілеу. 
Көркем аудармаға қояр критерий көп: оның ішінде аударманың тек қана дәлдігіне ден қойып, 
дәлдік  нормасынан  сәл  асса  шіміркене  қалатын  кейбір  сыңаржақ  пікілер  де  аз  емес.  Олар 
аударманың  көркемдігінен  гөрі  сол  аударманың  неғұрлым  сөзбе-сөз  шығып  сіресіп  тұруына  зер 
салады [2, 103 б.]. 
Көптеген ғалымдар “аудару – бір тілдің тілдік құралдармен дәл әрі нақты, толық жеткізу” деп 
тұжырымдайды.  “Аударма  жасау  үшін ең қажеттісі  бір  тіл құралдары  мен бейнеленген  мазмұнды 
өзге тіл құралдарының көмегімен пара-пар дәрежеде жеткізу болмақ, демек, аударма теориясында 
тілдің  мөлшерлі  бірліктері  білдіріп  отырған  ойдың  ортақтығы  негізінде  ғана  салғастырып  көру 
мүмкін  болады,  яғни  екінші  сөзбен  айтқанда,  бұл  белгілі  бір  бірліктің  семантикалық,  яғни 
мағыналық ортақтығы негізінде істеді деген сөз” [3,  9 б.]. 
Аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қара дүрсінділікке саяды, ал 
түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп, ұғымсыз етіп сірестіріп қою  – тіл бұзарлық болады. Мұның 
екеуі  де  сорақы.  Нағыз  творчестволық  аударма  дегеніміз  түпнұсқаның  тілдік,  стильдік 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оның  көркемдік  идеялық  қасиеттерін  толық  жеткізу    әрі  қазақша 
биязы  да  жатық  етіп  шығару.  Осы  екеуі  шебер  ұштасқанда  ғана  аударма  нағыз  аударма  болады. 
Аудармадағы әлі күнге дейін толық шешімін таппаған күрделі мәселелердің бірі – шет тілінен қазақ 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
269 
тіліне  аудару  мәселесі  туралы  кітаптардың  аздығына  көз  жұмсақ  та,  нақты  теориялық  қазақша 
жазылған  еңбектер  жоқтың  қасы.  Бұл  -  әрине,  келешек  аудармашылардың  алдында  тұрған  зор 
міндет. Қай халықтың да жазба әдебиеті өкілдері көркем шығармалар тудырумен қатар, жалпы сөз 
өнерінің тағдыр талабына араласып, оның тарихи даму жолына, талантты тұлғалар ізденісіне орай, 
әсіресе өз заманының сұранысы, келелі мәселелері бойынша қалам тербеп отырған. 
Аударма қызметiнiң тiлiмiзде келтiрiп жатқан зор пайдаларының  бiрi – көптеген орыс сөздерi 
мен  шетел  сөздерiнiң  енуiне  тiкелей  себепшi  болатындығы.  Бұрын  қазақша  баламасы  болмаған 
шетелдiк сөздер, әсiресе терминдiк атаулар аудармада сол күйiнде еркiн қолданылып келдi. Соның 
нәтижесiнде  тiлiмiз  толып  жатқан  жаңа  сөздермен  байыды.  Аударманың  арқасында  бiзде 
неологизмдiк сөздер де көбейдi [4, 7-8 б.]. 
Аударма әрқашанда адамдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, 
рухани,  ғылыми  қарым-қатынастың  айырбастау  құралы,  елтанудың,  достықтың,  ынтымақтастықтық 
тәжірибенің, тағылым алмасудың құралы. Ал аудармашылық – нағыз творчестволық өнер. Аудармашы - 
өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Яғни ол екі тілді де жетік білумен 
қатар, әрі жазушы, әрі ақын, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы 
мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Көркем аудармаға қойылатын ең басты талаптардың 
бірі  –  шығарманың  көркемдік-идеялық  күйі  мен  эстетикалық  ләззатын  жеткізу.  Қазақ  ұғымына 
қонымды  шығарма  тыңдаушысын  елең  еткізіп,  ұлттық  әдебиетіміздің  өз  топырағында  туған  төл 
шығармасындай қазақ оқырмандарының жүрегіне жол табуы керек. 
Орыс  әдебиетін  қазақшаға  аудару  кезінде  еркіндікке  жол  берілгенмен,  толық  адаптацияға 
көше қойған жоқ. Ұлттық адаптация деген бөгде елдік ұғымдар мен атрибуттарды (оқиға орнын өз 
еліне  ауыстыру,  кейіпкерлерін  қазақ  қылу)  толық  не  жарым-жартылай  ауыстыру  десек,  20-30-
жылдардағы  қазақ  аудармасында  бұндай  болған  жоқ.  Шәкәрімнің  Пушкинннен  “Боран”  мен 
“Дубровский  әңгімесін”  әңгімелей  баяндауы,  Әсет  Найманбаевтың  “Евгений  Онегин”  оқиғасын 
қайта  жырлауы  “назира”  үлгісіндегі,  “Пушкин  сарынындағы”  туындылар.  Оқырманның  әдеби-
мәдени  сауатына  лайықталып  жасалған  бұл  аудармалар  әдебиетті  қарабайырландырды.  Жазушы 
халықтың көзқарасын жақтап, халықтың тілінде қарапайым жазуға тырысты. Жаңа саяси-әлеуметтік 
қоғамның бұл талабы қазақ әдебиетіне де қойылды. 
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті 
қажетті іске айналуы заңды. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі  - өзге жұрттың мәдени 
байлығына иек арту. Өзге елдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өркендеткен. 
Өз  мәдениетін  дамытқан  халық  қашан  да  басқа  елдің  ғылым-білімін  үйреніп,  соны  үйренуге 
ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықшы қызмет атқарғандығы белгілі. 
Қазіргі  кезде  аударманың  көбейгені  соншалық  тек  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударылған 
шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді. Ол осылай ғылыми пәнге айналады. Қазақ 
тіліндегі  аударма  сынына  үңілгенде,  осыны  байқаймыз.  Аударма тарихын  сөз  еткенде оның  әрбір 
ұлттық әдебиет  пен мәдениет  құрамдас бөлігі болғандықтан,  ізін  де,  дәстүрін  де,  даму  ережесінің 
қандай сатыда болғанын да солардан іздеген жөн. Аударманың тарихи тамыры тереңде жатыр. Ол 
ой  тұжырымының,  сөз  өнерінің  қажетті  қасиетін  жинақтаған  қазына  іспеттес.  Аударма  өнерінің 
дәрежесі тума мәдениеттің кемелденуіне әсер ете отырып, аударманың өзі де сол мәдениеттің нақты 
нәтижесі, көрнекті жемісі ретінде өркендейді. 
Қазақ  көркем  аудармасы  мәселелеріне  қатысты  еңбектерде  де  тек  «түпнұсқа  ырғағы 
сақталған»  немесе  «ырғақ  сақталмаған»  деген  пікірлер  айтылғанмен,  оның  дәлелін  кездестіре 
алмаймыз. Қыры мол, сыры терең проза ырғағын аударма нұсқада сақтауда оңай шаруа емес, ол тек 
өзіндік жазу өрнегі бар сөз зергерінің, талантты сөз шеберінің қолынан  ғана келер іс екені даусыз 
[5, 10 б]. 
Аударма  әдебиет  Қазақстандағы  ұлттық  мәдениеттің  рухани  бай  саласы  ретінде  дамыды. 
Республикадағы  талантты  аудармашылар  тобы  өсіп  жетілді.  Қазақ  тобынан  шыққан  аударма 
кітаптарының  ішінде  Шекспирдің  “Отеллосы”,  Пушкиннің  “Полтавасы”,  Гогольдің  “Ревизоры” 
сияқты  қызық  еңбектер  аз  емес.  Қазақ  оқушылары  туысқан  халықтар  әдебиеті  мен  дүние  жүзі 
мәдениетінің бай мұрасын өз тілінде еркін оқып, сол халықтың өмірі мен тұрмысын білумен бірге, 
жазушының  стильдік,  тілдік,  көркемдік  шеберлігімен  де  танысуды  қалайды.  Мұның  өзі 
аудармашыларға  зор  міндет  жүктейді.  Ол  жазушының  өзіне  тән  ерекшеліктерін,  шығарманың 
рухын, ұлттық түрін түгелдей бере білуге міндетті. Сонда ғана біздің көркем аударма саласындағы 
жұмысымыз алға басады. 
Бір  халықты  екінші  халыққа  кеңінен  таныстырып,  оларды  өзара  табыстыратын,  бір-бірін 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
270 
өзара  шын  пейілден  құрметтеуге  үндейтін,  қысқасы,  рухани  теңестіретін  өнер  екені  мәлім.  Оның 
ішінде әдебиеттің көтерер жүгі, атқарар міндеті ерекше. 
Л.Соболевтің  мына  сөздері:  “Егер  орыс  прозаигі,  драматургі  немесе  ақыны  әдебиетін  орыс 
тіліне  аударып  отырған  халыққа  жанымен  берілген  болса,  егер  сол  халықтың  тарихын,  дәстүрін, 
қазіргі  тұрмыс  салтын  жақсы  білген  болса,  осы  елдің  табиғатын  сүйсе,  былайша  айтқанда,  осы 
халықтың  шексіз  досы  болса,  онда  сол  халықтың  әдебиетінің  тағдыры  үшін  толық  түрде  өзінің 
жауапкершілігін сезінеді, онда аудармасының нәтижесі де керемет болмақ” [6, 45 б.]. 
Әдебиет  өз  тілінде,  ұлт  көлемінде  өсумен  қатар,  басқа  да  өскелең  ұлт  әдебиетінің 
шығармаларын ұдайы  қосып алып, байып отыратыны бәрімізге мәлім. Біздің қазақ әдебиетінде де 
басқа тілдерден көптеген кітаптар аударылып жатқаны да, бұл жұмыстың кең көлем алуы да заңды 
құбылыс. Бұл мәдениетіміздің өскендігінің белгісі. Жазба әдебиет тіліміздің баюына, қалыптасуына 
көп  қызмет  ететіні  белгілі.  Кейінгі  ұрпақ  тілді  ел  аузынан  үйренумен  қатар,  кітаптан,  газет-
журналдардан, радио, теледидардан үйренеді. Әдебиет тілі көпшілікке ұстаздық етеді. 
Аударма  біздің  ана  тіліміздің  сөздік  қорын  байытып,  ұлттық  дүниетану  өрісімізді  ұлғайтады. 
Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі 
асыл  сөз  байлықтарын  шебер  пайдалануға  тырысады.  Ескіріп  бара  жатқан  сөздер  қайта  жаңғырып, 
қазіргі  жанды  әдеби  тіліміздің  қорына  жаңа  сөз  тіркестері,  көркем  сөз  баламалары  қосылып  жатады. 
Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп 
еңбектер олардың қолдану аясын кеңейтіп, қолдану нәтижесінде тұрақтандыруға халықтың ойы мен тіл 
байлығын  өсіруге,  сол  сөздің  ұғымдық  шегін  қалыптастыруға  себепші  болады.  Аударма  әдебиеті  – 
халықтар достығының дәнекері. Осы пікірді дәлелдей алатын айғақты тиянақты ойды, орыс тіліне араб 
әдебиетін аудару жөнінде айтылған мына пікірді алайық: “Мың жыл деген тек бір халықтың тіршілігі 
үшін ғана емес, бүкіл адамзат өмірі үшін де өте көп уақыт, мың жыл бұрын өтіп кеткен ұлы ата-бабасын, 
олардың  келешек  үрім-бұтаққа  қалай  өмір  сүрудің  жарқын  үлгісін  көрсетіп,  болашаққа  жөн  сілтеп 
ұмытпаған халық  –  бақытты халық.  Өзінің  алыс-жақын  көрші елдерінде  болған  ұлы адамдарды  біліп 
отырудан да бақыттылық” [7, 7-8 б.]. 
Аударма жұмысы  – бүгінгі  таңда  мақсат-мүддесі,  тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы 
аса  маңызды,  шартты  құбылыс.  Аударма  –  ұшан-теңіз  өмір  ағысының  бүкіл  үрдісін  ұштастыруға 
себепші болып отырған елеулі күштердің бірі. Адамзат тарихындағы әрбір ұлттың, әрбір қоғамның 
алмасуы  нәтижесінде  өмір  ағымы  алға  жылжиды,  өседі,  өркендейді.  Яғни  өзінде  жоқты  өзгеден 
алады,  білмейтінін  үйренеді,  білетінін  басқаға  үйретеді.  Осындай  ауысудың  тиянақты  тірегі  – 
аударма. Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және 
оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндігін тудырады. 
Қазақ елінің мәдени  даму  ерекшеліктеріне қарай  аудармада  түрлі  әдіс  орын  алғаны  белгілі. 
Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның 
өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады. 
Әзиз  Несин  әңгімелерін  аударған  жазушылардың  аударма  үлгілері  де  өз  кезеңінің  тамаша 
мұрасы ретінде қарастырылуы қажет. Себебі  аударма саласы – мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, 
үлкен  дүниесі.  Аударма  өнері,  аударма  үлгілері  әр  дәуірдің  жемісі  болғандықтан,  әр  кезеңде 
түрліше бой көрсетуі заңды құбылыс. 
Қазақ  сатирасының  дамуындағы  ерекше  кезең  60-90  жылдарда  қазақ  оқырмандарына  ана 
тілінде ұсынылған  шығармалардың  дені орыс  тілінен аударғандықтан  түпнұсқамен  тең  дәрежелес 
тәржімалану деген ұғым шартты түрде алынады. Қашанда автордың өз нұсқасыныњң шоқтығы биік 
тұрары  анық.  Оның  үстіне  орыс  әдебиетінде  қалыптасқан  үлкен  аудармашылық  мектеп  пен  мол 
тәжірибеге  қарамастан,  көркем  шығарманың  толыққанды  бояуының  сәл  де  болса  өзгеруі  де, 
интонациялық екпіннің кедергіленіп жетуі де ықтимал. Бұл арада түпнұсқа дәрежесінде салыстыру 
шартты,  салыстырмалы  мағына  беретіні  де  сондықтан.  Біз  аударма  сапасын  сөз  еткенде,  ондағы 
әдеби көркемділікке, тіл кестесінің дұрыс өрілуіне, стильдік тазалыққа баса назар аударуымыздың 
себебі де осыдан туындаса керек. 
Жалпы,  өзге  тілден  аударылған  аударма  саласындағы  туындылармен  таныса  келе,  ондағы 
жетістік пен кемшілік, күнгей мен көлеңке аралас екенін байқауға болады. Мақалад нысаны болып 
отырған Әзиз Несин шығармалары туралы осыны айтуға болады. Бірақ ең бастысы салмақты  - да 
салауатты,  мазмұнды  да  мағыналы  өнер  туындыларының  ана  тіліміздегі  жарық  көріп,  халық  
игілігіне айналуы. 
Қорыта  айтқанда,  қазір  жер  жүзі 
әдебиетінің  көптеген  тамаша  туындылары 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
271 
қазақ  жазушыларының  туындылары,  керісінше  әлем  әдебиетінің  жауһарлары  төл  тілімізге 
аударылып келеді. Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып, байи түседі.  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет