Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет54/56
Дата28.12.2016
өлшемі6,08 Mb.
#661
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

Әдебиеттер
1
 
Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б. 
2
 
Кузембаева С.А., Егинбаева Т.Ж. Лекции по истории казахской музыки. – Алматы: Таймас, 
2005. – 232 с. 
3
 
Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана: Күлтегін, 2002. – 832 б.  
4
 
Жұбанов А. Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы. Алматы: Қазақтың бірінші 
мемлекеттік баспасы,  1942. – 236 б. 
5
 
Аравин  П.  Даулеткерей  и  казахская  музыка    ХІХ  века.  –  Москва:  Советский  композитор,  
1984. – 120 с. 
6
 
Нұрымбетов Е.Ш., Мәулетова С.А., Сертеков Н.О. Ақжайық өңірінің музыкалық фольклоры 
ІІІ 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
337 
томдық. І том. (Қаратөбе Сырым аудандары). – Алматы: Исламнур, 2005. – 184 б. 
 
Ергалиева А.Т., Шакенова А.Н. 
Западно-Казахстанская кюевая традиция 
Западно-Казахстанское кюевое искусство является одной из вершин художественного творчества 
казахского  народа  и  феноменальным  явлением  в  истории  кочевой  цивилизации.  На  Букейординской 
земле жили и творили более 30-и кюйши, творческое наследие каждого из них – это памятник духовной 
культуры, обращенного на века. 
Ключевые  слова:  токпе  кюй,  западно-казахстанское  исполнительское  искусство,  традиционная 
музыка, жанр, стиль, композиционная форма кюя. 
Ergalieva A.T., Shakenova A.N. 
West Kazakhstan kyuis tradition 
West Kazakstan kyuis art is one of the Kazakh artistic creativity’s top. There were more than 30 kuishi on 
the land of Bukeyorda, and creative inheritance of each one is a monument of spiritual culture saved for a many 
centuries. 
Keywords:  West  Kazakhstan,  performing  art,  tokpe  kui,  traditional  music,  genre,  style,  kui’s 
compositional form.
 
 
 
ӘОЖ: 95 (574):633.194 
 
Қайыржанов Қ.Б. – тарих ғылымдарының магистрі, 
Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер институты 
(Орал қ., Қазақстан), E-mail: 
kumaz_90@mail.ru
 
 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ КОНФЕССИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ  
(1991-2011 ЖЖ.) 
 
Аннотация.  Мақалада  тәуелсіздік  жылдардағы  Батыс  Қазақстан  аймағындағы  діни 
конфессиялардың  даму  тарихы  және  олардың  қызметі  мен  қоғамдағы  рөлі,  сонымен  қатар  зерттеу 
нәтижелері мен статистикалық мәліметтер негізінде жете талданған. 
Кілт сөздер: конфессия, діни бірлестіктер, ағым, сенім, сәләфи, ислам, уағыз, иудаизм. 
 
Төбемізге  күн  туып,  Егеменді  ел  болғалы  бері  ішімізде  елеулі    оқиғалар  орын  алды. 
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер 
ағымында  мемлекет  билігінің  қайнар  көзі  болып  табылатын  халқымыздың  рухани  өмірі  мен  діни 
көзқарастары  да  бір  жағынан  толығып  ал  енді  бір  жағынан  әралуан  бағыттар  бойынша  дамып, 
бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан Республикасы 
– көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет [1, 57 б.]. 
Қазіргі таңда қырықтан аса конфессияны ұсынатын үш мыңнан астам діни бірлестіктер еркін 
жұмыс  істейді.  Қазақстан  Республикасының  егеменді  дамуы  барысында,  1990  жылы  дін 
мәселелерімен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұйымдастырылды. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  Дін  істері  жөніндегі  агенттік  тарапынан  дайындалған  «Діни  қызмет  және 
діни  бірлестіктер  туралы»  заң  жобасының  елеулі  артықшылықтары  бар  екенін  атап  айтуымыз 
қажет.  Бұған  дейін  қолданыста  болған  «Діни  сенім  бостандығы  және  діни  бірлестіктер  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Заңының  кеңестік  кезеңнің  құрсауынан  шыққан  тәуелсіздіктің  алғашқы 
жылдарында, мүлде басқа діни ахуал жағдайында қабылданғаны белгілі. 1991 жылы елімізде небәрі 
671  діни  бірлестік  болса,  қазір  олардың  саны  4  551-ге  жетіп,  ірі-ірі  конфессиялар  мен 
деноминацияларды құрап отыр [2, 560 б.]. 
Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  Қазақстан  барлық  мұсылман,  православиеліктер,  католиктер, 
протестанттар,  иудейлердің  дін  уағыздау  еркіндігін  қамтамасыз  етті.  Діни  институттардың  елеулі 
сандық  және  сапалық  дамуы  басталды.  Діни  бірлестіктердің  саны  бірнеше  есе  өсіп,  рухани 
дәстүрлер жаңаруда, жаңа культтік ғимараттар – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері бой көтеруде. 
Тұрғындардың діндарлық деңгейі де өсуде. Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, 80 жылдардың 
ортасындағы жағдайға қарағанда қазір діндарлар саны 20-25 тен 60-65 пайызға артқан.  
Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар  – ислам және христиандық. Жалпы 
еліміздегі  діндарлардың  90-нан  аса  пайызын  осы  екі  дін  құрайды  екен  [3,  267  б.].  Ислам  дінін 
ұстанушылар  халық  санының  шамамен  67-70  пайызын  құрайтын  24  этникалық  топ.  Республика 
халқының 58 пайызы қазақтар  және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, шешен, дүнген, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
338 
әзірбайжан,  башқұрт,  ингуш,  балкар  қатарлы  бауырлас халықтар  түгелдей  ислам  дінін және  оның 
ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен 
шағын  ирандық  топ  ғана  шиға  (шиит)  жолын  ұстанады.  Еліміздегі  екінші  орындағы  дін 
христиандықтың  бүгінгі  ахуалы  исламмен  салыстырғанда  тым  күрделі.  Біздегі  христиандық 
(мәсіхшілдік)  алуан  түрлі  конфессиялар  мен  секталардан  құралған  және  бір  діни  орталыққа 
бағанбайтын  бытыраңқы  көрніс  береді.  Христиандардың  басым  көпшілігі  славяндық  православие 
бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты болған болса, бүгінгі күні 
240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді [1, 57-58 б.]. 
Еліміздің батыс өңірі Қазақстанда діни экстремизм шоғырланған аймақ болып отыр. 
Тоқтала  кетсек,  Атырау  облысындағы  діни  ұстанымда  дәстүрлі  ислам  және  православие 
діндері  негізгі  басымдылықтарды  алып  отыр.  Қазақтар  мен  басқа  да  ислам  дінін  ұстанатын  ұлт 
өкілдерінің діни сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыстық «Иманғали» мешітінің жанында 
дінтану,  құран  үйрету  курстары  ашылған,  сондай-ақ  православиелік  Успен  соборы 
жанындажексенбілік  мектеп  бар.  Атырау  облысында  қызмет  ететін  діни  бірлестіктерді  шартты 
түрде үш топқа классификациялауға болады. 
Бірінші топтағылар – ұзақ уақыт Қазақстан территориясында қызмет етіп келе жатқан, елдегі 
басым бөлікті құрайтын халықтың мәдени-тарихи дәстүрлерін анықтайтын діндерді ұсынады. Бұл 
топқа ислам мен православиелік христиандық бағыттағы діни бірлестіктер жатады. 
Екінші топ – бұл Қазақстанда қызмет еткеніне біршама ұзақ уақыт болған діни бірлестіктер. 
Бұл топқа католиктік және протестанттық 
(негізінен баптисттік) христиандық, сонымен қатар иудаизм кіреді. 
Үшінші топ – бұл өз қызметін 90 жылдардың басында бастаған жаңа діни ағымдар. 
Бірінші  топтағы  діни  бірлестіктер,  соның  ішінде  ислам  діні  бойынша  Атырау  қаласында 
өткен  ғасырдың  50  жылдары  салынған  қазіргі  «Құспан  молла»  мешіті  мұсылмандарды  (қазақтар, 
сауда жасаушы дағыстан, шешендер) шоғырландырушы орталық болды. 
Екінші  топтағы  католиктік  және  протестанттық  христиан-баптистерді  облыс  халқы  90 
жылдары ғана біле бастады. 
Үшінші  топқа  енетін  Атырау  облысында  дәстүрлі  емес  діни  ағымдар  негізінен  Атырау 
қаласында  шоғырланған.  Халық  арасында  ерушілерінің  саны  артып  келе  жатқан  және  белгілі  бір 
топтардан  қолдау  тауып  отырған  дәстүрлі  емес  конфессияларға,  мысал  ретінде,  ислам  діни 
бағытындағы уаһабилік ағым мен «7 күн» адвентистері, Иеһова куәгерлерін, христиан-баптистерді 
айтуға  болады.  Облысымызда  2004  жылы  17  шілде  айында  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  «Дарус-
Салам»  діни  бірлестігі  жұмыс  жасап  келді.  Діни  бірлестік  ислам  дінін  уағыздайды.  Алайда  діни 
ұстанымдары  қазақ  халқы  ежелден  ұстанып  келе  жатқан  исламдағы  Абу  Ханифа  имам  ағзам 
мәзһабынан  бөлек  сәләфилік ағым.  Қазіргі кезде жастар арасында  таза  ислам  араб елдерінде  ғана 
сақталған, Қазақстанда толыққанды ислам мүлде болған емес деген көзқарас әбден орнығып алған. 
Атырау облысында бүгінгі таңдағы діни ахуал мен діни бірлестіктердің өсу динамикасы бойынша 
олардың дінбасыларының қызмет ету қарқынына қарай төмендегідей болжам жасауға болады. 

 
2020 жылға қарай облыста негізінен ислам діні үстем әрі сенушілерінің саны ең көп болып 
қала бермек. Бұған ең әуелі жергілікті тұрғындардың 96 пайызының қазақтар болуы басты себеп. 

 
2020 жылдарға қарай исламның радикалдарының саны артар болса, онда олар, ең алдымен, 
дәстүрлі  ханафи  мәзхабын  ұстанушы  топтарды  қудалауға  салатыны  ақиқат.  Өйткені,  бұл  үрдіс 
казірдің өзінде анық байқалуда [4, 51-55 б.]. 

 
1991-1992  жылдары  Атырау  облысы  территориясында  2  діни  конфессияға  тесілі  3  діни 
бірлестік болды [5, 13 п.]. 1993 жылы 2 діни конфессия жұмыс жасады. Олардың мұсылман мешіті – 
2, христиан провослав шіркеуі – 2.  Барлық діни бірлестіктер арнайы білімдері бар қызметкерлермен 
толықпаған.  Индербор  христиан  бірлестігінің  діндары  да  құдайға  құлшылық  ететін  жерлері  де 
үйлері де болмаған. Құдайға құлшылық етушілер, әсіресе әйелдер бір-бірлерінің үйлеріне жиналған. 
Қазақстан  Республикасының  «Діни  сенім  бостандығы  мен  діни  бірлестіктер  туралы»  заңы 
қабылдануы  діни  бірлестіктердің  қолдауына  ие  болды.    Сол  жылы  оны  нақтылауға  түсінуге 
арналған  ақпараттық  таратушы  іс-шаралар  жүргізілді.  Осы  жұмыс  аясында  аудандық,  облыстық 
басылымдар беттерінде,   радио,  телебағдарламаларда  заңгерлердің жергілікті жергілікті  әкімшілік 
ұйымдардың  жауапты  қызметкерлерінің  үндеулері  ұйымдастырылды.  Мемлекеттік  қолдаулар 
көрсетіліп  және  де  жеке  қолдау  көрсетуші  азаматтар  табылып,  діни  бірлестіктердің  ғимаратары 
қолға алынды [6, 48 п.]. 

 
Ал,  Маңғыстау  облысына  келетін  болсақ,  бұл  обылыстыңда  діни  жағдайы  Атырау 
обылысымен  өте  ұқсас.  Маңғыстау  өлкесін  әулие  кезген,  360  әулиелі  мекен  деген  сөз  барын 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
339 
жұртшылық білетін болар. Ата-бабадан қалған мәліметтер, әр уақытта жазылған шығармалар, радио 
мен  теледидардағы хабарлар  арқылы  оншақты  әулиенің  аты-жөні,  жатқан  жерлері  белгілі  болған. 
Бірақ басым көпшілігі туралы мағлұмат жоқтың қасы еді. Алғашқы дін таратушылардың қатарында 
Шопан ата,  Исан ата,  Шағырық ата,  Шақпақ  ата,  Кенті баба және  т.б.,  бұлар  Жаңғақтың ойында, 
күллі  Хорезм  даласында,  кейбірі  Маңғыстауда  өмір  сүрген  киелі  әулиелер.  Жаңаөзен  қаласында 
«Бекет-Ата» діни бірлестігі қызмет атқарып, Басшысы Алибаев Рахмет, ал мешіт имамы Артықбаев 
Ідіріс.  Имам  бірлестіктің  мешіті  жоқ  болғандықтан  уақытша  өз  үйін  қолданылған.  Сол  жылдары 
қала  орталығынан  жүйелі  мешіт  құрлысы  басталып,  1995  жылға  дейін  бітуі  жоспарланып,  1995 
жылдың  1  жартыжылдығында  ашылған.  1991-1993  жылдары  Бейнеу  және  Қарақия  аудандарында 
жергілікті  атқару  комитетімен  мұсылмандардың  қолдауымен  мешіттердің  құрылыс  жоспарлары 
қолға алынып,  1993 жылы маусым айларында  қолданысқа  берілген.  Бейнеу  ауданының  мешітінің 
имамы болып Камнев Кеңесбай, ал Қарақия ауданындағы мешіттің имамы болып Ахметов Ізтұрған 
қызмет жасаған [7, 65-68 п.]. 
Бұлармен  қатар  Маңғыстаудың  киелі  аймақ  екенін  айғақтайтын  тек  қана  Адай  атаның 
кіндігінен тараған әулиелердің саны қазір 220-ға жетіп отыр екен. Таза Адай ата кіндігінен дүниеге 
келген әулиелердің өмір-шежірелері, қасиет-қырлары, географиялық белдеулері еңбекте жан-жақты 
көрініс  тауыпты.  Халықтың  ықыласына  бөленген  дүлей  ақындардың  асқақ  шабыттарының, 
батырлардың жауға шапқанда қарақұрым адам болып көрінуінің өзі аруақтың айрықша көрінісі деп 
түйінделеді.  Бұл  обылысымызда  соңғы  үш  жылда  технократтық  прагматизм  белең  алып,  рухани 
жұтаңдық пайда болғанда, әртүрлі діни радикалды-экстремистік топтар бой көрсетіп, қазіргі таңда 
діни мәселелері әлсіздей түсті. Іріткі салушы діни ағымдардан зардап шеккен азаматтармен (оның 
ішінде  мектеп оқушылары,  кәмелетке  толмаған жастар)  жұмыс  жасау  үшін, оларға көмек көрсету 
үшін «Айна» қоғамдық пікір орталығы» қоғамдық қоры жанындағы «Оңалту орталығы» жұмысын 
жүргізуде.  «Оңалту  орталығы»  жергілікті  атқару  органдары,  дәстүрлі  діни  ұйымдар  өкілдерімен 
тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Теріс пиғылды діни ағымдар қатарына түсіп кететін жастардың 
дені 14 пен 30 жас аралығындағы азаматтар мен азаматшалар. Діни ағымдар мен секталар мүшелері 
жастардың  әлеуметтік  жағдайына  қарап,  күнкөріс  нашарлығын,  жұмыссыздығын  және  моралдық-
психологиялық жағдайларын өз пайдаларына ұтымды шешеді [4, 56-57 б.]. 
Қазіргі  танда  Ақтөбе  облысы  аумағында  114  діни  ұйымдар  тіркелген.    Осылардың    84  –  
мұсылман  қоғамы,  7-  проваславие,  2-  католик,  20-протестанттық,  1-  иудейлік,  1-  дәстүрлі  емес 
(«Кришнасы санасының»  Ақтөбе қоғамы»).  Осы аталған діни ұйымдардың  82 ғибадат объектілері 
бар, олардың 62-сі – ислам, 6-уы – проваславтық, 12-сі – протестанттық, 2-і – католиктердікі. Облыс 
көлемінде  14  мешіт  және  «Рим  католик  приходы»  «Қайырымды  пастырь»  діни  бірлестігінің 
«Приход  үйі»  құрылыстары  жүріп  жатыр.  Олар  Ақтөбе  қаласында,  Қобда,  Мұғалжар,  Ойыл, 
Қарғалы  және  Шалқар  аудандарынды  жүргізілуде.  Аталған  ғибадаттардың  70  пайызының 
құрылысы  2011  жылы  аяқталуы  жоспарланған.  Обылыстық    7  шет  елдік  миссионерлер  қызмет 
етуде,  олар  Мысыр,  Түркия,  Италия,  Полша  және  Ресейден  келгендер.  Аталған  шетелгедік 
миссионерлердің  барлығы  жергілікті атқарушы органдарда есептік  тіркеуден өткен. 
Дәстүрлік  діни  бірлестіктерден    тарапынан  азаматтардың  арасында    өзара  төзімділік    пен 
құрмет,  қоғамда  діни  келісім   орнатуға   мүмкіндік  туғызатын    бұқаралық  діни  іс-шаралар аталып 
өтуге. Сонымен қатар, обылыстағы  діни  бірлестіктер тарапынан  тұрақты түрде қайырымдылық іс-
шараларыда  ұйымдастырылуда.  Қазіргі  таңда  жергілікті  «Ақтөбе»,  «Актюбинский  вестник», 
«Диапазон»,  «Керек-info»,  «Эврика»,  «Актобе тайммс» газеттері облыстағы діни ахуалды халыққа 
хабардар  етуде  [8,  23-25  п.].  Аймақта  діни  экстремизм  көріністерінің  алдын-алу,  қоғамдағы 
татулықты, бірлікті нығайту мақсатында Ақтөбе обылыснда жұмыс тобы құрылып, оның құрамына 
діни  бірлестіктермен  байланыс  жөніндегі  Кеңестің,  діни  істер  Департаментінің  ішкі  саясат 
басқармасының, құқық  органдарының, қоғамдық және дәстүрлі діни ұйымдарының өкілдеріне енді. 
Діни  саладағы  тұрақтылықты қамтамасыз ету  және  діни  экстремизмнің алдын алу  жөнінде облыс 
әкімінің  өкімімен  штаб  құрылып,  жоспары  бекітілді.  Штаб  құрамына  мемлекеттік,  құқық 
органдарының  және  «Нұр  Отан»  ХДП  өкілдері  енді.  Аталмыш  штабтың  жоспарына  сәйкес 
қыркүйек айында облыс көлемінде бірқатар іс-шаралар атқарылды [4, 48-50 б.]. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында БҚО бойынша 5 конфессияның 20 діни бірлестік жұмыс 
жасады. Ислам діні бойынша 6 мешіт тіркеліп, Орал қаласында 1 мешіт, Ақсай қаласында 1 мешіт, 
Жымпиты  ауданында  з  мешіт  және  Шыңғырлау  ауданынан  1  мешіт  тіркелген.  ОПШ  (Орыс 
православие  шіркеуі)  бойынша  4  ДБ  тіркеліп,  Орал  қаласынан  2  шіркеу,  Теректі  ауданынан  2 
шіркеу тіркелген. Лютеранттардың жымпиты ауданында 1 ғимараты болған. ЖКАШ (Жетінші күн 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
340 
адвентистер шіркеуі) Орал қаласында бір шіркеуі бой көтерген. РКШ (Рим-католик шіркеуі) біреуі 
тіркелген [9, 56-57 п.].  1992 жылы 15 қаңтар Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы 
мен  діни  бірлестіктер  туралы»  заңы  қабылданып,  Облыстық  басқармалар  мен  комитеттердің 
отырыстары,  қалалық,,  аудандық  басшыларының  семинарлары,  халыққа  діни  заңдардың  әр  түрлі 
аспектілер жөнінде кеңестер берулер жүзеге асырылды. ОҚММ-нің (Орал қаласының мұсылмандар 
мешіті)  имамы  Ахмедов  З.  басшылыққа  алып,  халық  депутаттар  кеңесінің  ДБ  жетекшілері, 
қызметкерлері аудандарға діни ахуал жайында сапарлар ұйымдастырды  [10, 1-2 п.]. 1993 жылдың 1 
желтоқсанында    облыста  10  мұсылман  бірлестіктерінің  жарғысы  (Орал,  Ақсай  қалалары,  Орда, 
Казталов, Шыңғырлау, Ақжайық, Жәнібек, Теректі) тіркелген. Орал қаласындағы мешіт ғимараты 
күрделі жөндеуден өтіп, жұмысы жанданып имамдыққа Түркия елінен бітіріп келген Губайдуллин 
Абдулмәлік келген, 10-ға жуық адам қызмет атқарған. Ораза айларында түскен пітір садақаның 30 
пайызын  мемлекетке  салық  ретінде  төленді.  Садақа  адам  басына  27  теңге  болған  [11,  11  п.]. 
Жәнібек,  Теректі,  Ақжайық,  Тайпақ,  Бөрлі  ауылдарына  мешіт  салуға  жобалау  құжаттары 
дайындалып, жергілікті халықтан қаражат жинаған. Жұмыс сәтті жүргізіліп жатқаны үшін ОҚММ-
не ҚМДБ муфтиі Ратбек қажы Нысанбайұлы екінші мәрте алғыс хатын жолдап, Қазақстанның 19 
облысынан 20 бала Түркияға оқуға тегін жіберілетін болса, 1 бала Орал облысынан жіберілді  [12, 2 
п.].  БҚО  бойынша  7  ОПШ  бірлестігінің  жарғысы  тіркелген.  Оның  үшеуі  Орал  қаласында, 
қалғандары Зеленов, Теректі, Ақжайық аудандарында және Ақсай қаласында 3 жыл бұрын Спаск-
Преображенск  шіркеуі  болған.  Оралда  сол  жылдары  дәстүрлі  емес  3  діни  бірлестікте  тіркеліп 
үлгерген.  Олар  ОПШ-нің,  ЖКАШ  бірлестіктері.  1994  жылы  шетелден  келетін  миссионерлер    де 
ағылып жатты. Атай кетсек, Германиядан Эрнст Блайт, Оңтүстік Кореядан Пак Ын Гон, Түркиядан 
Хасан Қылыш және Закке Озкан өз жұмыстарын еркін жүргізді.  Бірақ кейінгі уақыттарда бұндай 
миссионерлердің  кейбіреулері  өзге  ниетпен  келіп  жүргендері  анықталып,  елдеріне  жіберген. 
Қоғамдағы  діни  ахуалдың  өсіп  келе  жатқан  рөлін  ескере  отырып,  зерттеу,  заңның  орындалуын 
қадағалау  жұмыстары  жүргізілді.  Кейінен  барлық  діни  бірлестіктерге  жарлықтарын  қайта 
терсертулерін бұйырып, жарлықтарға өзгертулер еңгізілді. 
Бүгінде біздің облыс көлемінде, 80 діни бірлестік тіркеуден өтті десек, оның 46 мұсылман,  14 
протестанттық,    17  православиялық,    1  бахаи,    1  католик,  1  будда  діни  бірлестігі  құрап  отыр. 
Өкінішке орай, біздің облыста да деструктивтік діни ағымдардың бар екенін жасыруға болмайды. 
Өйткені, олардың ықпалының қарқыны бүгінгі саналы деп, сенім артқан жастарымыздың санасын 
улап  жатыр.  Дінге  байланысты  мәселелер  біздің  заманауи  ақпараттанған  ғылыми-техникалық 
дамудың  қарқынды  дамуы  ғасырында  қоғамдық-саяси  дмскуссиясының  ортасында  орын  алды.  
Біздер  «өркениеттер  қақтығысы»  заманында  өмір  кешіп  жатырмыз  деген  тұжырым  қазіргі  таңда 
орын алып отыр, әр түрлі шиеленістердің артында көбіне діни факторлар байқалуда. 
Қазақстан Республикасының Президенттік Мұрағат беттеріндегі мәліметтерге сүйенсек, 1993 
жылы  1-ші  желтоқсанда  Батыс  Қазақстан  облысындағы  діни  бірлестіктер  қайта  талқыланып
 
тіркеуден  өткен.  Облыста  10  мұсылман  діни  бірлестігі  тіркеліп,  осы  10-ның  8-і  аудандардан 
тіркелген. 7-і орыс православие шіркеуі тіркеліп, 3-еуі Оралдың өзінде болса, ал қалған 4-еуі жақын 
аудандардан  тіркелген.  Рим-католик  шіркеуіндегі  бірлестіктер  Батыс  өңірі  бойынша  тек  Оралда 
ғана  2-еуі  тіркелді.  Евангелиелік  христиан-баптистерінен  3  діни  бірлестік,  ал  Пятидесятниктердің 
діни  бірлестіктері  сол  бұрынғы  көрсеткішпен  қала  берді  [13,  68-70  п.].  Орал  облысы  бойынша 
бүгінде  біздің  облыс  көлемінде,  80  діни  бірлестік  тіркеуден  өтті  десек,  оның  46  мұсылман,    14 
протестанттық,    17  православиялық,    1  бахаи,    1  католик,  1  будда  діни  бірлестігі  құрап  отыр.
  
Тіркелген  діни  бірлестіктерді  әртүрлі  діни  сенімі  бойынша  төмендегідей  етіп  жіктеуге  болады: 
ислам  дінінің суннит  бағытындағы  - 45  филиал  (соның  ішінде 43-і  ҚМДБ-ның  филиалдары, 1-еуі 
«Орал» медресесі және Қазақстан қажылар ассоциациясының 1 филиалы), православтық бағыттағы 
-  18 діни  бірлестік,  протестанттық  –  14  (соның  13-і діни  бірлестіктер және 1-уі  саны аз  діни  топ), 
буддизм – 1 Тибеттік-Буддистік орталығының діни бірлестігі; католицизм – 1 Атырау Рим–Католик 
Апостолдық  әкімшілігі  филиалы;  Бахаи  –  1  діни  бірлестік.  Сонымен  қатар  3  протестанттық 
бағыттағы «Евангел христиан баптистер кеңесі» әр түрлі діни қағидалары бойынша тіркеуден бас 
тартып,  заңға  қайшы  іс  әрекет  жасап  отыр.  Батыс  Қазақстан  облысы  аумағында  51  діни  нысан 
орналасқан,  соның  38-і  мұсылман  мешіттері,  12-і  православ  храмдары  және  1  католик  шіркеуі. 
Басқа  діни  бірлестіктер  өкілдері  сыйынуларын  тұрғын  үйге  арналған  ғимараттарда  өткізеді. 
Облыста жауапты уақытта ешқандай діни бірлестіктер жабылып өз қызметтерін тоқтатқан жоқ.  
Қазіргі 
уақытта 
Батыс 
Қазақстан 
облысына алыс және жақын шетелден келген 5 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
341 
миссионер,  1  волонтер,  2  сестра  монашка  тіркеліп,  Орал  қаласының  аумағында  миссионерлік 
қызмет  жүргізуде.  Олар:  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының  филиалы  «Орал» 
медресесінің  -  Мемет  Жингөз  және  араб  тілінің  ұстаздары  Елсайед  Мохаммед  Али  Мохаммед 
Жауда  мен  Абделсаттар.  Мохаммед  Абделрахман  Абдел  Хамид,  «Орал  Епархиясының  Христос 
Спаситель  Храмы  приходы»  діни  бірлестігінің  диаконы  -  Иван  Константинович  Рошка,  Батыс 
Қазақстан  латын  дәстүрдегі  Католиктер  үшін  «Атырау  Рим-Католик  Апостолдық  әкімшілігінің» 
Орал  қаласындағы  филиалы  «Қасиетті  құдай  ана  қажырлы  жәрдем  «Рим  католик  Приходы»  діни 
бірлестік  филиалының  әкімшісі  Сакмар  Петер,  волонтеры  Каминска  Агата  Анна  және  сестра 
монашкалар  Каня  Елизавета  мен  Иоанна  Крыстына  Возняк.  Облыс орталық мешітінің бас  имамы 
С.Сейтбеков  Алматы  қалалық  Қазақстан  мұсылмандар  діни  басқармасының  бөлім  меңгерушісі 
болып ауысуына байланысты, Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілетті имамы болып Бауыржан 
Әлиұлы  тағайындалды.  Осы  күнге  дейін  «Орал»  медресесінде  ұстаз  ретінде  қызмет  атқарды, 
бакалавр, дінтанушы маман. 
Жоғарыда  аталған  діни  миссионерлердің  атқарып  жатқан  қызметтері  әрдайым  діни  істер 
департаменті  және  ішкі  саясат  басқармасының  басты  назарында,  олардың  діни  шараларының 
бағытын бақылау үшін тиісті мониторингтер жүргізілуде. Жастардың діни сауаттылығын арттыру 
және деструктивті радикалдық ағымдардың алдын-алу бойынша облыста діни экстремизмнің алдын 
алу шараларын ұйымдастырудың 2011 жылға арналған Кешенді жоспары жасақталып, жоспардың 
іс-шараларын орындау  бойынша бірқатар жұмыстар  атқарылды.  Батыс  Қазақстан облысы  әкімдігі 
жанындағы  діни  бірлестіктермен  байланыстар  жөніндегі  Кеңестің  құрамына  өзгерістер  енгізіліп 
БҚО әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №53 қаулысымен бекітілді. Дінге байланысты мәселелер 
біздің  заманауи  ақпараттанған  ғылыми-техникалық  дамудың  қарқынды  дамуы  ғасырында 
қоғамдық-саяси дмскуссиясының ортасында орын алды [14, 25-36 б.]. 
Елбасымыз  Н.  Назарбаев  өз  еңбегінде:  «Бүгінгі  таңда  терроризмнің  қауіп-қатеріне  қарсы 
сақтандыру  шараларын  жасау  –  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етудегі  басым  бағыттардың  бірі  екенін  атап  өту  қажет».  Қоғамдық  және  діни  бірлестіктердің 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қөмегімен  қоғам  діни  экстремизмге  қарсы  экстремистік 
идеяларға гуманистік идеяларымен қарсы тұру қажеттігін айтады [15, 162-164 б.]. 
Қорыта айтқанда, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасының жоғарыда атап 
көрсетілген жаңалықтары мен ерекшеліктері, сөз жоқ, мемлекетіміздің дін туралы заңнамасында елеулі 
ілгерілеудің  бар  екенін  көрсетеді.  Жаңа  заң  жобасы  өзінің  нақты  талаптарымен  қазіргі  кезең  үшін 
барынша  қажетті  құқықтық  нормаларымен  ерекшеленеді  [16,  4  б.].  «Біткен  іске  сыншы  көп», 
кемшіліксіз дүние болмайтыны тағы белгілі, дегенмен, дер кезінде шешімін тапқан игі істің оң бағасын 
беріп,  қолдау  көрсету  бәріміздің  азаматтық  парызымыз  деп  білеміз.  Сонымен,  қазіргі  таңдағы 
өлкеміздегі діни бірлестіктердің жұмысын қадағалау, үнемі назарда ұстауды қажет етеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет