Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы Күні



Дата06.01.2022
өлшемі20,42 Kb.
#15371

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 17.01.2017ж Тобы: 11

Күні: 18.01.2017ж Тобы: 8

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Тақырыбы: «Мен елгезек баламын»

Мақсаты: Тыңдау, тіл алу, елгезектік туралы түсініктерін кеңейту; үлкендердің өтінішін, тапсырған ісін орындауға үйрету; өзара жағымды қарым- қатынастарын дамыту; үлкендерді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі  құралдар: Үнтаспа, дәптер, түрлі-түсті қарындаштар.

Қызметтердің кезеңдері

               Тәрбиешінің  қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық
қозғаушы


Шаттық шеңбері

Б.Ысқақовтың «Өзім жақсы баламын» деген өлеңін бірге айтады.



Шаттық шеңберін құрып, бірге өлең айтады.



Ұйымдастыру-іздестіру 


Әңгімелесу

-Балалар, қандай әдеттермен балалар сүйкімді көрінеді екен? Неліктен? Жақсы әдеттерді атайықшы. Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Ойыншық жинау, гүлге су құю, ыдыс жуу, аналарына көмектесу.

Әдептілік ережелерімен таныстыру.

Сұрақтарға жауап береді.
Әңгімелеу

«Ұқыпты қыз» атты әңгімені оқып талдау. Әңгіме бойынша сұрақтар қою.

А) Анарды қандай қыз деп айтуымызға болады?

Б) Анасы Анарға неліктен риза болды?



Сергіту сәті.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміміз,

Өзіміз жуып аламыз.

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз.

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.
Дәйексөз.

«Ұқыпты бала- үлгілі бала» Ұқыпты бала үнемі таза жүреді, ойнаған ойыншықтарын жинап қояды, бөлмесін таза ұстайды. Ұқыпты балаларды басқаларға үлгі тұтады.


Дәптермен жұмыс

«Ұқыпты қыз» атты әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын білу.


Тыныштық сәті, жәй әуен жіберіледі.

Әдептілік ережелері:

-әрқашан сәлемдеседі;

-әрқашан сыпайы болу;

-үлкендерге орын беру;

-ескертусіз үйден кетпейді;

Көздерін жұмып, ережелерді жадында сақтауды ескереді.

Ойын: «Жақсы мен жаман» Балалар шеңберге тұрып, допты лақтырып- қағып алу арқылы бір- біріне жақсы, жаман әдеттерді айтады.


Балалар тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.


Балалар әңгімені мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Әңгімені мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Түрлі – түсті қарындаштармен ұқыпты баланың суретін салу.

Балалар әсем әуенмен бірге ережелерді есте сақтайды.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.



Рефлексивті- түзетушілік

Ғажайып сөздер

Біз - әдепті, сыпайы баламыз. Әдепті бала -жақсы бала сөздерін естерімізде сақтап жүруіміз қажет.



Қорытындылау

- балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Не ұққанын айтады.


Жүректен-жүрекке

Балалар, бүгін біз сабағымызда «ұқыптылық» деген сөздің мағанасын түсіндік.Ұқыпты болу деген тазалықты сүю, жинақы жүру, өз бөлмеңді ретке келтіру екенін білдік, ұқыпты болсақ үлгілі бала атанады екенбіз.

«Болайықшы осындай» өлеңін бәрі бірге мақтана қайталайды.


 
Сұрақтарға жауап береді.

Жүрекше арқылы тілек айтады.




Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек: Ұқыпты болу, жағымды әдеттерді үйрену керек екенін білді.

Болуы керек: «Ұқыптылық» туралы түсінді.



Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:  Ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет