Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының үлгісі



Дата31.12.2021
өлшемі13,34 Kb.
#21689

Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының үлгісі

Педагогтің аты-жөні

Бағдатова М.Б

Күні

22.10.2021

Тобы

«Балбөбек» ортаңғы тобы

Білім беру саласы

«Денсаулық»

Бөлімі

Дене шынықтыру

Тақырыбы

«Арынды арқан»

Мақсаты

Тапсырмаларды орындап шеңбер бойымен жүру және жүгіру. Кішкентай қапшықтарды алысқа лақтыру. Гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу.

Сөздік жұмыс

-

Көптілді компонент

-

Ресурстар

Гимнастикалық орындықтар, доптар, кішкентай қапшықтар.

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

Бір қатарға тұрғызу. Сәлемдеседі.

Балалар бір қатармен сап бойына түзеліп тұрады. Сәлемдеседі.

Негізгі бөлім

Тапсырмаларды орындап бір шеңбер бойымен жүру және жүгіру.

Үш қатарға тұрғызып, доппен орындалатын жаттығулар жасатады.


Негізі қимылдарды орындау.

А)Допты еденге соғу.

Б.қ-қа тұруды ұсынады – аяқ алшақ, доп төменде. Жаттығулар көрсетіледі.
Б) Гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу.

Екі гимнастикалық орындықты қояды. Үстінен еңбектейді.


В)Кішкентай қапшықтарды алысқа лақтыру. Нұсқаушы көрсетіп, түсіндіреді.

Қ/о ұсынылады, «Арынды арқан»

«Арынды арқан» ойынына қатысушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерге ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2-3 немесе 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» - деп дауыстайды. Содан соң, ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім секіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.


Шеңбер бойымен жүріп, жүгіреді.

Нұсқаушының команда беруімен бастап жаттығуларды орындайды.

Үш қатарға тұрады.

Екі қатарға тұрады.

Гимнастикалық орындық үстімен еңбектеп жүреді.

Қапшықтарды белгіленген жерге лақтырады.


Ойын ойнайды.



Қорытынды бөлім

Іс-әрекетті қорытындылау. Балаларды мадақтайды. Балалармен қоштасады.

Қоштасады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет