Жүйке жүйесінің физиологиясы. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі



бет1/3
Дата12.09.2022
өлшемі1,15 Mb.
#38878
  1   2   3

Жүйке жүйесінің физиологиясы. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі.

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ
  • Жаратылыстану-математика факультеті
  • Жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасы

Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрондар аралығын нейроглиялар толтырып жатады.

  • Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді. Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын аксон (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады.
  • Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады.
  • Тармақтарының санына қарай нейрон бірнеше түрлерге бөлінеді: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон - биполярлы, бір тармақты нейрон - униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.
  • Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Синапс ұғымын физиология ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон. Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады.
  • Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген: пресинапстық және постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады.
  • Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок - рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады.
  • Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
  • Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды.
  • Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жене миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды. Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді.
  • Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін және орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады.
  • Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 гр. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша ми мен жалғасады да төменгі ұшы шашақтанып I және II бел омыртқа тұсында бітеді. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері, Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2- 3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 — 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.
  • Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. Сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет