Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»


ҚР-ның жер ресурстары, оның маңызы және ерекшеліктері



бет20/79
Дата07.01.2022
өлшемі1.21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
1. ҚР-ның жер ресурстары, оның маңызы және ерекшеліктері

«Байлықтың атасы – еңбек, оның анасы - жер» деп У. Петти дұрыс айтқан, оны тарих дәлелдеді. Жер ең негізгі табиғат байлығы, барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы.

Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88 пайызын егістік жерлерден, 10 пайызын ормандармен жайылымдардан, 2 пайызын теңіз бен мұхит суларынан алады.

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі 9 мемлекет. Жалпы жер ауданы – 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн.га, барлық жердің 12,8 пайызы ғана.

Өндіріс құралы ретінде жердің өзіндік ерекшеліктері бар, олар мынандай:


  • Жер табиғат байлығы, дұрыс пайдаланған жағдайда жер тозбайды, керісінше өз қасиетін жақсартады;

  • Жер таптырмайтын дүние, оны өндірістің басқа құралымен ауыстыруға келмейді;

  • Жерді өндіріс құралы ретінде пайдалану орын тұрақтылығымен және жердің кеңістікте шектелгендігімен байланысты болады;

  • Жер учаскелері құнарлығы, бедері, орналасқан орны бойынша бір-бірінен ерекшеленеді, мұны ауыл шаруашылық өндірісіне жоспарлау мен орналастыру кезінде, сондай-ақ жер бағасын, жер салығын және аренда ақысын анықтаған кезде ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет