Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»


Орман ресурстары, оны пайдалану және қорғау



бет26/79
Дата07.01.2022
өлшемі1.21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
1. Орман ресурстары, оны пайдалану және қорғау

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бір - орман болып табылады. Ол жер шарының 7% территориясын құрайды, бірақ биологиялық активті оттегінің 60% береді. 1 га орман тәулігіне 220-280 көмірқышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 оттегіні бөліп шығарады. Орман ауданы сауықтырушы, тазартушы қызметін атқарады, топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын болдырмайды, су көздерін қорғау қызметін атқарады және ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын, жел, құм, шаң болудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына құнды материал ағаш береді, орманда дәрілік, тағамдық, техникалық өсімдіктер, жеміс-жидектер өседі.

Қазақстан орман қорына бай емес, оның көлемі 21,2 млн. га. Ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден әкелінеді.

Орманның өзі мемлекеттік заповедниктер, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді.

Бағалы табиғат байлығы орманды қорғау еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты.

Орман шаруашылығының міндеттері:



  1. орманды ұдайы, жаңғыртып отыру, құнды ағаштар отырғызу;

  2. орманды қышқылдықтан және өрттен сақтау;

  3. ормандардың өнімділігін молайту;

  4. ағаштардың сапасын жақсарту;

  5. өскен ағашты тиімді пайдалану;

  6. ағаштардың денсаулық, табиғат қорғауда атқаратын рөлін сақтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет