Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»



бет28/79
Дата07.01.2022
өлшемі1.21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
3. Балықтар мен құстарды қорғау

Сонғы кездері республикамызда балық өнімдері азайып келеді, әсіресе Арал, Балқаш, Алакөл су бассейндерінде. Бұлда табиғатты дұрыс пайдаланбаудың бір көрнісі. Жылдық аулайтын балық шамасы 50 мың. тоннаға кеміді.

Аралдың балық өндірістік қоры таусылды деуге болады. Кезінде мұнда жылына 20 мың тонна балық өндірілген. Балқаш балығы 10 мың. т; Бұқтырма су қоймасында – 6 мың. Т; Алакөлде – 3% кеміді. Басқа да су қоймаларында да осындай құбылыс байқалуда. Осы жағдайларда балық өнімдерін өсірудің басты бағыттары мыналар:


  1. барлық су қоймаларын балықтандыру, балықтың құнды түрлерін өсіру;

  2. балық шаруашылығын жетілдіру, жас шабақтарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар құру;

  3. балықты қорғау жұмыстарын жақсарту, мұнда әкімшілік шаралармен қоса экономикалық шараларды кеңінен қолдану;

  4. су қоймаларын, өзендерді пайдалануды реттеу.

Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының болжамы бойынша осындай шаралар жүзеге асырылғанда таяу жылдарда жылдық өнеркәсіптік балық аулау деңгейін 46 мың т. арттыруға болады.

Халықаралық «Қызыл кітапқа» ҚР территориясын мекендейтін аң-құстың 24 түрі (аңның 16 түрі мен құстың 8 түрі) еңгізілген. Олардың құрамында Қазақстан жерінде тіршілік ететін құлан, қарақұйрық, барыс, қызыл қасқыр, қарақал, гепард, көк суыр, кәмшат, ақ тырна мен реликті шағала сияқты жануарлар бар. Осы «Қызыл кітапқа» тізімі тіркелген хайуанаттарды қорғап, қорын молайтып отыру жауапкершілігі сол аң – құс мекендейтін елге жүктеледі. Сол себепті соңғы кезде әр елде осы тектес ұлттық «Қызыл кітаптар» шығарылуда. Мұндай кітап біздің елімізде бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет