ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі118,96 Kb.
#9228
түріЖұмыс бағдарламасы

        Рабочая программа                                                                                            

            Форма

                                                                                               Ф СО

ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

« Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша 050205

«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының

студенттеріне арналған



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

     Лист утверждения к рабочей 

                                Форма

        программе дисциплины

                     Ф СО ПГУ 7.18.1/07

      разработанной на основании 

              государственного 

     общеобязательного стандарта 

     образования специальности и 

         типового учебного плана 

         

                                                                 БЕКІТІЛДІ

                                                                           ОІ жµніндегі 

проректоры

        

                                                                 

________________ Н.Э. Пфейфер  

                                                                          

«___»_____________2008ж.

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева __________

           

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс   бағдарламасы   050205   -   «Қазақ   филологиясы»

мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.017-2004 Мемлекеттік

стандарты  және мамандықтың типтік оқу жоспары негізінде

дайындалды   және   С.Торайғыров   атындағы   ПМУ   Ғылыми

кеңесінің   мәжілісінде   бекітілді.  «___»_________________2007ж.

№_____хаттама. 

Кафедра мәжілісінде ұсынылды.  «___»_________________2007ж. 

 №_____хаттама. 

Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

          

                                   

Филология,   журналистика   және   өнер   факультетінің

әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2007 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова 


КЕЛІСІЛДІ

 Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев.  



«____»_____________2007 ж.

ЖӘҚБ МАҚҰЛДАДЫ

ЖӘҚБ бастығы______________Л.Т.Головерина  

«____»____________2008 ж 

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері     

«Қазіргі   қазақ   тілі   морфология»   пәні   қазақ   тіліндегі

грамматикалық   мағыналардың   жасалу   жолдары   мен   амал-

тәсілдерін,   грамматикалық   формаларды,   грамматикалық

категорияларды,   сөздердің   морфологиялық  құрылымын,   сөз

формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық

сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына

бөлінуін   зерттейтін   –тіл   білімінің   күрделі   саласы   екендігін

жөнінде ғылыми түсінік беру.                                            

Пәнді оқыту мақсаты

:  


Студенттерге теориялық білім беріп,

сол   теориялық   түсінікті   пайдаланыпа   тілдік   элементтердің

құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы ерікін

пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.



Пәннің міндеттері:

- Сөз   –лингвистиканың,   оның   ішінде   грамматиканың   да

нысаны болуы себебін ашу;

- Қазақ   сөзінің   лексикалық   және   грамматикалық

мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсету;

- Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету;

- Негізгі грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді талдау;

- Грамматикалық   форма   мен   грамматикалық   мағынаның

ерекшеліктерін айқындау, олардың жасалу жолдары мен

тәсілдеріне тоқталу;

- Грамматикалық категорияларды саралап көрсету;

- Морфемаларды   жіктеу,   жұрнақ   пен   жалғаудың

қасиеттерін анықтау;

- -Сөздің негізгі түрлеріне тоқталу;

- сөз   таптары   мен   олардың   морфолгиялық   құрылымын

анықтау.


Студенттер білуі тиіс:

-Негізгі грамматикалық ұғымдарды білуі тиіс;

- Сөздің морфолгиялық құрылымын білуі керек;

- Сөз формалары, олардың жасалу тәсілдерін, түрлерін білуі

керек;


- Сөз таптарын, олардың морфологиялық құрамын білуі тиіс.

Студенттер істей білуі тиіс:

- Сөз таптарын ажырата білуі тиіс;

- Әр сөз табының ерекшеліктеріне қарай талдау жасай білуі

тиіс;

- Морфологиялық талдау жасай білуі тиіс.



2 Пререквезиттер:

1 Фонетика

2 Лексика

3 Синтаксис

4 сөзжасам

  

          



Тематический план                                                                                                  Форма                       

                   дисциплины                                                                                                   СО ПГУ 7.18.2/07





Пәннің мазмұны

Ф СО ПГУ 

7.18.1/13

Ф СО ПГУ 7.18.1/13



3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ 

Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

ҚФ-21

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Кіріспе.



 

Негізгі


грамматикалық ұғымдар

1

2



6

2

Сөздің



 

морфологиялық

құрылымы.   Қосымшалар.

Жұрнақтар

1

2

6



3

Жалғаулар.   Көптік   жалғау.

Тәуелдік жалғау.

1

2



6

4

Септік   жалғауы.   Жіктік



жалғауы

1

2



6

5

Сөз   формалары   мен



олардың   жасалу   тәсілдері,

түрлері


1

2

6



6

Сөз   таптарыжәне   олардың

морфологиялық   құрамы.

Зат есім. Көмекші есімдер

1

2

6



7

Зат   есімнің   жұрнақтары.

Синтаксистік қызметі

1

2



6

8

Сын есім



1

2

6



9

Сын


 

есімнің


 

шырай


категориясы   Сын   есімнің

синтаксистік қызметі.

1

2

6



10 Сан есім

1

2



6

11 Есімдік

1

2

6



12 Етістік

1

2



6

13 Етістіктің   грамматикалық

формасы

1

2



6

14 Үстеу


1

2

6



 15 Еліктеуіш

 

сөздер.



Одағайлар,

 

Көмекші



сөздер. Шылаулар

1

2



6

Барлығы:  сағат

15

30

90

                                                           

    

                                           



3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе. Негізгі грамматикалық ұғымдар.

«Қазіргі   қазақ   тілі.   Морфология»   пәнінің   зерттеу   нысаны,

мақсаты,   міндеті,   өзге   пәндермен   байланысы,   тіл   білімінде

алатын   орны.     Қазақ   тілінің   граммтикасы,   оның   салалары.

Зерттеу   мақсатына   қарай   грамматиканың   түрлері:

сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы. Қазақ

тілі   морфологиясының   зерттелу   тарихы,   қазіргі   жай-күйі.

Қазақ   тіл   морфологиясына   байланысты   жазылған   еңбектер

мен   оқулықтар   туралы.   Сөз-лингвистикалық   зерттеулердің

негізгі   объектісі.   Грамматикалық   мағына,   грамматикалық

тәсіл,   грамматикалық   форма,   грамматикалық   құрылым,

Граммтикалық мағына берудің  тәсілдері: қосымша, көмекші

сөз,   сөздердің   орын   тәртібі,   қосарлану,   интонация.

Қосымшалардың   жіктелуі.   Қосымшалардың   мағыналық

жақтан   ерекшеленуі.     Сөзформа   –   сөздің   өмір   сүру   тәсілі.

Сөзформаға   тән   белгілері.   Сөз   формалары.   Негізгі   және

туынды формалар. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері.

2-тақырып. Сөздің морфологиялық құрылымы. Қосымшалар.

Жұрнақтар

Морфологияның   ең   кіші   тілдік   бірлігі   –   морфема.

Морфемалар-   сөздің   мағыналық   ұсақ   бөлшектері.

Мофемалардың   түрлері.   Түбір   морфема,   оның   белгілері,

сипаттары.   Қосымша   морфемалардың   деривациялық   және



реляциялық   мағыналары.   Қосымшалар   (аффикстер).

Қосымшалардың   түрлері:   жұрнақтар   және   жалғаулар.

Қосымшалардың   пайда   болуы,   даму   жолдары   туралы.

Жұрнақтар,   оларға   тән   белгілер.   Көпвариантты   болуының

себебі. 

3-тақырып. Жалғаулар. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.

Жалғаулар,   оларға   тән   белгілер.   Көпвариантты   болуының

себебі.   Жалғаулардың   түрлері:   көптік,   септік,   тәуелдік,

жіктік. Көптік жалғау. Көптік категориясы мен көптік жалғау.

Көптік   категориясының   берілу   тәсілдері:лексикалық,

морфологиялық,   синтаксистік.   Көптік   категориясының

тарихы.   Тәуелдік   жалғау.   Тәуелдеу   категориясы,   тарихы,

зерттелуі   және   тәуелдік   жалғау.   Тәуелдеу   категориясының

жасалу   жолдары:   морфолгиялық,   синтаксистік,   аралас   –нікі

формасы. Оңаша, ортақ тәуелдеу және олардың мағыналық

ерекшеліктері.   Тәуелді   форманың   ілік   септігіндегі   сөзбен

тіркесіп изафеттік құрылыс жасауы. I, II жақта ілік септігінсіз

қолданылуының   себебі.   III   жақтың   қолданылу   ерекшелігі,

мағынасындағы   айырмашылықтар.   Тәуелдік   жалғаудың

эмоционалды-экспрессивті және синтаксистік қызметі. 

4-тақырып. Септік жалғауы. Жіктік жалғауы.

Септік   жалғауы,   тарихы,   зерттелуі.   Септеудің   екі  түрі:   жай

және   тәуелді   септеу,   оларға   тән   ерекшеліктер.   Септік

жалғауларының   көп   вариантты   болуы   себебі.   Атау   септігі,

сұраулары,   синтасистік   қызметі,   сөздерді   байланыстыру:

матасу,   изафеттік   форма.   Атау   септігінің   негізгі,   белгісіздік

септік     аталуының   себептері.   Атау   формалы   сөзге   тіркесіп

қолданылатын  шылаулар. Ілік  септік,  мағынасы,  сұраулары,

жалғаулары,   синтаксистік   қызметі.   Ілік   септігінің   жалғаулы

және   жалғаулықсыз   қолданылуының   себебі.   Барыс   септігі,

оның   мағынасы,   сұраулары,   жалғаулары,   синтаксистік

қызметі. Барыс жалғауының жасырын түрде келуінің себебі.

Жатыс   септігі,   оның   мағынасы,   сұраулары,   жалғаулары,

синтаксистік   қызметі.   Шығыс   септікгі,   оның   мағынасы,

сұраулары,   жалғаулары,   синтаксистік   қызметі.-нда,   -нде

жалғауының құрамындағы   н   дыбысының тарихы. Көмектес

септік, оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік

қызметі.   Көмектес   септігінің   пайда   болуының   тарихы.

Көмектес септігінің жалғауының тек жіңішке варинатта ғана

ұшырасуының   себебі.   Барыс,   жатыс,   шығыс   септіктерінің

көлемдік,   кеңістік   септіктері   деп   аталуының   себебі.   Осы

септіктерге   тән   ортақ   ерекшеліктер:   синтаксистік

қызметтері,   олардың   пысықтауыш   жасауға   қатысы.   Жіктік

жалғау,   зерттелуі,   тарихы,   оның   мағынасы,   жалғаулары,



синтаксистік қызметі. Жіктік жалғауының ықшам түрлерінің

пайда   болуы   себептері.   Жіктік   жалғауының   болымсыз   түрі

және жіктік жалғауының қолданылмайтын жағдайлары, өзге

жалғаулармен қабаттасып келуі. 



5-тақырып. Сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, 

түрлері.


Сөздің   негізгі   түрлері.   Құрамына     қарай   жалаң   және

күрделі сөздердің болуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды

түбір. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір.   Негіз түбірлер, оларға

тән   белгілер,   қасиеттер.   Негізгі   түбірді   ажыратудың

принциптері   (синхрониялық   тұрғыдан).   Негізгі   түбір   және

түбір морфема. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы. Туынды

түбір,   типтес   туынды   түбіпрлер.   Туынды   түбір   тудырудағы

жұрнақтардың   қызметі,   жалғаулардың   қатысы.   Күрделі

сөздер   –лексика-грамматикалық   еденицалар.   Негізгі

белгілері:   семантикалық   тұтаситық,   морфологиялық

тұтастық,   синтаксистік   тұтастық,   фонетикалық   факторлар.

Күрделі сөздерді фразеолгиялық сөз тіркестері мен еркін сөз

тіркестерінен   ажырату   жолдары.   Күрделі   сөздердің

түрлері:біріккен   сөз,   қос   сөз,   қысқарған   сөз,   құрама   сөз.

Біріккен сөз, басты белгілері, оларды күрделі сөздердің өзге

түрлерінен   ажырату   мәселесі.   Кіріккен   сөздердің   пайда

болуындағы   фонетикалық   факторлардың   маңызы,   олардың

орфограммасы,   зерттелуі.   Қос   сөздер,   сипаттары,   түрлері:

қайталама   қос   және   қосарлама   қос   сөз.   Қайталама   және

қосарлама қос сөздердің фонетикалық, морфологиялық және

семантикалық   сипаттары.   Қос   сөздердің   орфограммасы,

зерттелуі. Қысқарған сөздер және олардың түрлері, олардың

жасалу жолдары, жазылуы мен айтылуы.

6-тақырып. Сөз таптары және олардың морфологиялық 

құрамы. Зат есім. Көмекші есімдер.

Қазақ   тіліндегі   сөздерді   семантика-морфолгиялық

белгілеріне   қарай   атауыш,   көмекші,   одағай   сөздер   деп

топтастыру.   Сөздерді   топтастыруда   олардың   мағыналық

ерекшеліктері,   морфологиялық   белгілері   мен   синтаксистік

қызметтері   ескерілетіні.   Сөздерді   іштей   бір   категориядан

екінші   категорияға   ауысу   құбылыстары:   субстантивтену,

адъективтену, прономиналдану, адвербиалдану, вербалдану.

Қазіргі   қазақ   тіліндегі   сөз   таптары,   олардың   зерттелуі,

қиындықтары.   Зат   есім.   Лексика-грамматикалық   сипаты.

Адамзат және ғаламзат есімдер, ерекшеліктері. Жалқы және

жалпы   есімдер,   олардың   семантика-морфолгиялық   сипаты.

Көптік   мәнді   білдіретін   зат   есімдер.   Эмоционалды-

экспрессивті   мәнді   зат   есімдер,   жасалу   жолдары.   Көмекші


есімдер, лексика-грамматикалық сиптаы. Құрылымына қарай

жалаң (негізгі, туынды) және күрделі (бірікен, қосарланған,

қысқарған,   тіркескен)   зат   еісмідер   болып   бөлінуі,   ерекше

сипаттары. 



7-тақырып. Зат есімнің жұрнақтары. Синтаксистік қызметі.

Зат   есім   тудыратын   жұрнақтар.   Есімдерден   зат   есім   және

етістіктерден   зат   есім   тудыратын   жұрнақтар,   олардың

өнімді,   өнімсіз   түрлері.   Зат   есімнің   реңк   мәнін   тудыратын

жұрнақтар, олардың өнімді, өнімсіз түрлері. Зат есімнің реңк

мәнін тудыратын жұрнақтар (

-еке,   -й,-тай,   -жан,   -қай,

-шақ,   -шық,   -ша,   -сымақ,   -шығаш,   -екеш).   Зат   есімдердің

көптік,   тәуелдік,   септік,   жіктік   жалғаулармен   түрлену

жүйесі. Зат есімнің синтаксистік қызметі, зерттелуі.



8-тақырып. Сын есім.

Сын  есімнің семанткалық  мағынасы,  морфолгиялық сиптаы,

синтаксистік   қызметі.   Сын   есімдерді   зат   есімдерден,

үстеулерден ажырату тәсілдері, категориялық  белгілері. Сын

есімнің семантикасы сапалық және қатыстық болып бөлінуі,

олардың   тұлғалық   және   мағыналық   ерекшеліктері.   Сын

есімнің   морфолгиялық  құрамы,   жалаң   және   күрделі,   негізгі

және туынды сын емсімдер. Сын есімдердің морфолгиялық,

синтаксистік,   морфолгиялық-синтаксистік   тәсілдермен

жасалуы.   Есімдерден   сын   есім   тудыратын   өнімді   –қы,   -лы,

сыз,-шыл,   -мпаз,   -қой,   -қор)   жұрнақтар.   Етістіктерден   сын

еісм тудыратын өнімді (-қ, -ыңқы, -ынды, -малы,-қыш, -ымды,-

улы, -қақ,- ма) және өнімсіз (-ыс, -мыс, -ымтал, -қы, -ыр, -у,

-аған, -ын,- қалақ,- алақ, -анақ, -ғылықты,- мсақ) жұрнақтар.

Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы, күрделі сын

есімдердің негізгі үлгілері.



9-тақырып.  Сын   есімнің   шырай   категориясы.   Сын   есімнің

синтаксистік қызметі.

Шырай категориясы, мағынасы, формасы. Шырай тудыратын

жұрнақтар   (-ғыл,   ғыш,   ілдір,   қан,   ақ,   шыл,   ша),   олардың

мағыналық, қолданыстық ерекшеліктері.  Шырай түрлері мен

жасалу   жолдары.   Жай   шырай   формасы-негізгі   форма.

Салыстырмалы шырайдың мағынасы мен жұрнақтары (-рақ,

лау, қыл, тым, шыл, қай, аң). Күшейтпелі шырай, мағынасы,

күшейткіш буынның қабаттасуы арқылы жасалуы. Асырмалы

шырай,   мағынасы,   күшейткіш   буынның   қабаттасуы   арқылы

жасалуы.   Асырмалы   шырай,   мағынасы,   күшейткіш

үстеулермен (аса, тым, тіпті, ең т.б) тіркесуі арқылы жасалуы.

Сын есімнің синтаксистік қызметі, зерттелу тарихы.

10-тақырып. Сан есім.



Лексика-грамматикалық  сипаты.   Дара,   күрделі   сан   есімдер.

Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-

морфолгиялық   топтары.   Есептік   сан   есім.   Бір   сөзінің

ерекшеліктері.   Реттік,   жинақтық,   топтық,   болжалдық,

бөлшектік сан есімдер, мағыналары, жасалуы, жалғаулармен

түрленуі,   синтаксистік   қызметтері.   Сан   есімнің   зерттелуі

жайында.

11-тақырып. Есімдік.

Есімдіктің   сипаттары,   басты   белгілері.   Оның   басқа   сөз

таптарының   орынан   қолданылуы,   мағыналық   топтары:

жіктеу,   сілтеу,   сұрау,   өздік,   белгісіздік,   болымсыздық,

жалпылау   есімдіктері.   Бұлардың   мағыналық,   түрлену

ерекшеліктері,   синтаксистік   қызметтері.   Есімдіктердің

зерттелу тарихы. 

12-тақырып. Етістік.

Етістіктің   зерттелуі.   Етістіктің   лексика-семантикалық   және

морфолгиялық   сипаты.   Жалаң   етістіктер.   Негізгі   түбір

етістіктер.   Туынды   түбір   етістіктердің   семантикалық   және

морфологиялық   құрылымы.   Есімдерден   етістік   жасайтын

жұрнақтар: -ла, -лан, -лас, -лат,- а, -ай, -қар, -ар, -ал, -ық, -сы,-

сын,   -сыра,   -ырай.   Етістік   негізді   етістіктер.   Амалдың   өту

сипатын   білдіретін   жұрнақтар:-ла,   -қыла,-ғышта,-ымсыра.

Амалдың субъектіге қатысын білдіретін жұрнақтар:-ыс,-тыр,-

қыз,-ыл,-ын.   Күрделі   етістіктер,   түрлері:   күрделі   құранды

етістіктер, құрама күрделі етістік, саралама (аналитикалық)

етістер, суреттемелі етістіктер. Жетекші етістік пен көмекші

етістіктің   арақатынасы,   байланысу   жолдары.   Көмекші

етістіктер   және   аналитикалық   форма,   толымды   және

толымсыз   көмекші   етістіктер.   Аналитикалық   форманаттар

және   олардың   мағынплары.   Көмекші   етістіктерідң   (бол,   ет,

қыл, жазда, де) қызметі.

13-тақырып. Етістіктің грамматикалық формасы.

Қимыл атауы, мағынасы, жасалуы, синтаксистік қызметі, зат

есім мен сын есімге айналуы. Салт және сабақты етістіктер.

Сабақты  етістіктің  салтқа,  салт етістіктің  сабақтыға айналу

жолдары.   Етіс   категориясы,   оған   тән   сипаттар.   Етіс

категориясының   грамматикалық   форма   тудыруға   қатысы.

Етістердің түрлері: негізгі етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз

етіс.   Болымды   және   болымсыздық   категориясы.   Сипат

категориясы.   Есімше,   оның   есімдер   мен   етістікке   тән

сипаттары,   жұрнақтары,   шаққа  қатысы.   Есімшенің   зерттелу

тарихы.   Көсемше,   оның   жұрнақтары,   шаққа   қатысы,

мағыналық   және   қолданыс   ерекшеліктері,   синтаксистік

қызметі.   Көсемшенің   зерттелу   тарихы.   Рай   категориясы,


мағынасы,   түрлері:   ашық   рай,   неғайбыл   рай,   бұйрық   рай,

қалау рай, шартты рай, олардың мағыналық және формалық

ерекшеліктері.   Шақ   категориясы,   белгілері.   Шқ   түрлері:

өткен шақ, осы шақ, келер шақ.



14-тақырып. Үстеу.

Үстеуге   тән   ерекшеліктер,   морфологиялық   құрылысы   мен

құрамы. Негізгі үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік. Туынды

үстеулер,   оларды   тудыратын   жұрнақтар  (-ша,-лай,  -шалық,-

лай,-   шылап,-   қары,-   ын   т.б).   көнеленген   септік   (барыс,

жатыс, шығыс, көмектес) формалары арқылы туған туынды

үстеулер.

 

Күрделі



 

туынды


 

үстеулер,

 

жасалу


жолдары.үстеудің   мағнасына   қарай   бөлінуі:   мезгіл   үстеул,

мекен   үстеу,   мөлшер   үстеу,   сын,бейне   үстеу,   күшейтіш

үстеулер,,   мақсат   үстеу,   себеп-салдар   үстеу,   топтау

үстеулері. Үстеулердің синтаксистік қызметі, зерттелуі. 



15-тақырып. Еліктеуіш сөздер. Одағайлар. Көмекші сөздер. 

Шылаулар.

Еліктеуіш   сөздердің   мағыналық   топтары.   Еліктеуіш   және

бейнелеуіш   сөздер.   Еліктеуіш   сөздердің   фонетикалық

ерекшеліктері. Негізгі түбір және туынды түбір еліктеуіштер,

оларды жасайтын жұрнақтар (-ың, -ің, -аң,- ең, -лаң, --алаң).

Еліктеуіш   сөздердің   синтаксистік   қызметі.   Одағайларға  тән

ерекшеліктері. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайларды

мағынасына   қарай   көңіл-күй,   ишарат,   шақыру   деп   бөлу.

Одағайлардың   синтаксистік   қызметі,   тыныс   белгілері,

зерттелуі.   Шылаулар,   олардың   мағынасы,   тілдегі   қызметі,

қолданылуы.   Септеуліктер,   демеуліктер,   жалғаулықтар   деп

бөлінуі.   Жалғаулықтар,   семантикалық   мағыналары   мен

абстрактілі   грамматикалық   қызметтері,   тілде   пайда   болу,

даму   жолдары.   Салыстырғыш   және   сабақтастырғыш

жалғаулықтар.

 

Ыңғайластық



 

және


 

талғаулықты

салыстырғыш   жалғаулықтар.   Қарсылықты,   себептік,

салдарлық,   шарттық,   айқындағыш   болып   сабақтастырғыш

жалғаулықтардың   бөлінуі.   Септеуліктердің   септік

жалғауларын   меңгеретін   көмекші   сөздер   екендігі.

Демеуліктер,   олардың   лексика-грамматикалық   сипаты,

түрлері.   Сұраулық   демеуліктер,   күшейткіш   демеуліктер,

нақтылық   демеуліктер,   шектік   демеуліктер,   болжалды

демеуліктер.   Бұлардың   қолданылу   ерекшеліктері,   жазылу

емлесі, белгілері. Зерттелу тарихы. 

3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1-тақырып. Кіріспе. Негізгі грамматикалық ұғымдар.


«Морфология»   пәнінің   нысаны,   өзге   ғылым   салаларымен

байланысы.   Түрколог   ғалымдардың   түркі   тілдерінің

салғастырмалы   және   салыстырмалы   морфологиясы   туралы

көзқарастары.

 

Морфологияның



 

басты


 

ұғымдары,

терминдерінің   қалыптасуы   жөнінде.   Грамматикалық   ұғым,

грамматикалық мағына, грамматикалық категория туралы. 



2-тақырып. Сөздің морфологиялық құрылымы. Қосымшалар. 

Жұрнақтар.

Морфемалар, олардың түрлері. Қосымшалар. Жұрнақтардың 

зерттелуі.



3-тақырып. Жалғаулар. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.

Көптік   жалғаудың   ерекшеліктері.   Көптік   жалғауының

тарихы.   Бір   заттың   екінші   затқа   меншіктілігін   білдіретін

арнайы   грамматикалық   категория   тәуелдік   категория

екендігі. Оңаша, ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.

4-тақырып. Септік жалғауы. Жіктік жалғауы.

Септік   жалғауының   зерттелуі.   Ғалымдардың   пікірлері.  Жай

және тәуелді септеу туралы.  Жіктік жалғауының зерттелуі,

ғалымдардың пікірлері. 



5-тақырып. Сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, 

түрлері.


Қазақ   тіліндегі   күрделі   сөздер,   олардың   морфологиялық,

семантикалық,   синтаксистік   тұатстықтары   туралы.   Күрделі

сөздерді   еркін   сөз   тіркестері   мен   фразеологиялық

тіркестерден ажырату амалдары.



6-тақырып. Сөз таптары және олардың морфологиялық 

құрамы. Зат есім. Көмекші есімдер. Зат есімінң құрылымы. 

Зат есімнің түрлену жүйесі.

Қазақ   тіліндегі   сөздерді   семантика-морфолгиялық   белгілері

қарай   топтастыру.   Көптік   мәнді   есімдерге   жататын   зат

есімдер жөнінде.



7-тақырып. Зат есімнің жұрнақтары. Синтаксистік қызметі.

Есімдерден зат есім және етістіктерден зат есім тудыратын

жұрнақтар. Зат есім жұрнақтарының зерттелуі.

8-тақырып. Сын есім.

Сын   есімнің   зерттелуі.   Сын   есімнің   морфологиялық  құрамы,

синтаксистік   қызметі.   Сапалық   сын   есімдердің   мағыналық

жағынан,   түрлену  жағынан  өзіндік  ерекшіліктері,   белгілері.

Қатыстыұқ сындардың ерекшелігі.

9-тақырып. Сын есімнің шырай категориясы.

Шырай   формалары,   асырмалы   және   күшейтпелі   шырай,

жасалу жолдары, ерекшеліктері.

10-тақырып. Сан есім.


Дара және күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің 

жасалуы. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары.



11-тақырып. Есімдік.

Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. 

Есімдікке ауысқан сөздер.

12-тақырып. Етістік.

Түбір   етістіктің   морфологиялық   сипаты.   Амалдың   өту

сипатын   білдіретін   етістіктер.   Күрделі   етістіктің   түрлері.

Аналитикалық форманттар және көмекші етістіктер.



13-тақырып. Етістіктің грамматикалық формасы.

Етіс   категориясы,   түрлері.   Етіс   түрлеріне   тән   мағыналық,

формалық ерекшеліктері. Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше,

шаққа қатысы, синтаксистік қызметі



14-тақырып. Үстеу.

Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік 

қызметі.

15-тақырып.  Еліктеуіш сөздер. Одағайлар. Көмекші сөздер.

Шылаулар.

Еліктеуіш   сөздер,   олардың   фонетикалық   ерекшеліктері.

Көмекші   сөздер.   Шылау,   шылаудың   түрлері,   абстрактілі

грамматикалық қызметтері.

3.4 С¤Ж мазм±ны

СӨЖ түрі



Есеп беру

формасы


Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс 


сабақтарын 

өңдеу


Сабаққа 

қатысу


15(1x15)

2

Үй 



тапсырмасын 

орындау


Жұмыс дәптері

Сабаққа 


қатысу

30 (1x30)

3

Бақылау 


жұмысын 

орындау


Бақылау жұмысы

3

Қосымша 



материалдарғ

а дайындық

Конспект

Коллоквиум

25

4

Семестрлік 



тапсырманы 

орындау


Реферат

Семестрлік 

тапсырманы 

қорғау


16

5

Бақылау 



шараларына 

дайындық


РК1, РК2

4

Барлығы



90

Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1.   

Грамматикалық мағынаның түркі тілдеріндегі әмбебаптық

қасиеттері

¦сынылатын   єдебиет:  [1],  1-50бет,  [3],1-20    беттер,  [5],

19-38 беттер.

2.   Грамматикалық   категорияның   сөз   таптарымен

байланыстылығы

¦сынылатын єдебиет: [2], 1-80 бет, [6],  1-50 беттер, [8],1-

20 беттер.

3.   Көптік   мағынаның   берілу   жолдары.   Тәуелдік   жалғаудың

грамматикалық

 

қызметі.



 

Ә.Кекілбаевтің

 

«Үркер»


романындағы тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі

¦сынылатын   єдебиет:   [4],   5-36   бет,   [5],   10-56   беттер,

[9],7-90 беттер.

4.     Септік   жалғауларының   мағынасы.   Ж.Аймауытовтың

«Ақбілек»   романындағы   ілік   септігінің   қолданыстағы

мағынасы  

¦сынылатын  єдебиет:  [10],  5-50 бет,   [11],  5-100 беттер,

[12],5-100беттер.

5. Күрделі зат есімдердің түрлері, орфограммасы.

¦сынылатын   єдебиет:   [1],   5-200   бет,   [2],1-100     беттер,

[2],5-90 беттер.

6. Сын есімнің басқа сөз таптарына ауысуы. Салыстырмалы

шырайдың жасалу жолдары

¦сынылатын єдебиет: [2],5-50 бет, [4], 5-90 беттер, [6],5-

80 беттер.

7.     Сан   есім   мен   сын   есімнің   ұқсастықтары   мен   өзіндік

ерекшеліктері. Сандық категориясы.

¦сынылатын   єдебиет:   [1],   15-75   бет,   [3],15-86     беттер,

[11], 5-65 беттер.

8   Есімдіктің   мағыналық   ерекшеліктері.   С.Мүратбековтің

«Жабайы   алма»   повесіндегі   есімдіктің   мағыналық

ерекшеліктері.

¦сынылатын єдебиет: [5], 5-73 бет, [7],  5-95 беттер, [9],5-

73  беттер.

9. Етістіктің лексика-семантикалық топтары. 

¦сынылатын   єдебиет:   [5],   15-80   бет,   [8],   15-70   беттер,

[10], 15-70 беттер.

10. Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері.

¦сынылатын   єдебиет:   [2],   56-80   бет,   [8],   10-80   беттер,

[11],5-96 беттер.

11 Еліктеу сөздің мағыналық топтары

¦сынылатын   єдебиет:   [6],   15-95   бет,   [9],   5-46   беттер,

[11],5-80 беттер.


12. Шылаудың емлесі. Шылаулардың бөлінуі.

¦сынылатын єдебиет: [8], 5-100 бет, [10],50-100   беттер,

[11], 40-80 беттер.

13. Одағай, тұлғалық құрылымы

¦сынылатын   єдебиет:   [3],   5-90бет,   [7],   5-100   беттер,

[12],5-100 беттер.

Реферат 

тақырыптары

1 Көптік жалғауының зерттелуі

2 Септік жалғауының зерттелуі

3 Тәуелдік жалғауының зерттелуі

4 Жіктік жалғауының зерттелуі

5 Зат есімінің зерттелуі

6 Сын есімнің зерттелуі

7 Сан есімінің зерттелуі

8 Есімдік тің зерттелуі

9 Етістіктің зерттелуі

10 Үстеу, шылау, одағайдың зерттелуі



Курс жұмысының тақырыптары

1 Көмекші есімдердің түрлері және негізгі сипаттары.

2 Аналитикалық форма және аналитикалық етістіктер

3 Күрделі сөздер және күрделі етістіктер

4 Көмекші етістіктер және олардың түрлері

5 Күрделі туынды етістіктер

6 Қазақ тіліндегі нөлдік форма

7 Оқшау сөздер және одағайлар

8 Есімдіктердің тарихы туралы зерттелер

9 Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру принциптері

10 Негіз түбір мен түбір морфема

11 Жіктік жалғаулардың ықшамдалуы, болымсыз түрінде 

қолданылуы

12 Грамматикалық мағына берудің тәсілдері

13 Негізгі және туынды формалар

14 Қазақ тіл морфологиясының зерттелу жайынан

15 Қосымша морфемалардың деривациялық және 

реляциялық мағыналыры

16 Қос функциялы жұрнақтар

17 Жұрнақтардың құрамы және мағыналық жақтан бөлінуі



18 Қазақ тіліндегі изаафеттік құрылыс туралы

19 Сөз таптарының зерттелу тарихы

            

Выписка из рабочего                                                                                              Форма    

                  учебного плана                                                                                          Ф СО ПГУ 7.18.1/10

                специальности(ей) 



050205   «Қазақ   филологиясы»   мамандыќтарыныњ   оќу

ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

Оқу 


түрі

Бақылау формасы

Студент 

жұмысының

көлемі

Сағаттың курс және семестр



бойынша бөлінуі

Е

м



т

.

сы



н

а

қ



К

К



ұ

м



.

Е

Г



Ж

б

а



қ

ұ



м

Барлығы


Д

ә

р



іс

Т

ә



ж

ір

и



б

е

О



С

¤

Ж



С

Ө

Ж



Д

ә

р



іс

Т

ә



ж

ір

и



б

е

О



С

¤

Ж



С

Ө

Ж



ж

а

л



п

ы

А



у

д

и



т

о

р



.

С

Ө



Ж

О

С



Ө

Ж

Күндіз



гі 

ЖОБ 


негізін

де

4



13

5

45



90

 3-семестр

4- семестр

1

5



3

0

22,



5

67,


5

Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:  

1 Аханов К.Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1980

2 Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. Алматы, 1992

3 Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967

4 Қазақ грамматикасы Астана, 2002

5 Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966

6 Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 

ұғымдар. Алматы, 1992

7 Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 

сипаты Алматы,1998

8 Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 191

Қосымша 

9 Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы,1959

10 Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы 

Алматы,1951

11 Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы Алматы,1998

12 Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы,1982



Document Outline

  • Ф СО ПГУ 7.18.2/06
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    • Павлодар
      • БЕКІТІЛДІ
        • ОІ жµніндегі проректоры
    • Қазақ филологиясы кафедрасы
    • «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша
    • ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
  • Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
  • ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова
    • КЕЛІСІЛДІ
    • Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2007 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет