Жұмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»


Тақырып 2.6 ХV- ХVІ ғ.ғ. қазақ хандығы



бет8/19
Дата26.10.2022
өлшемі131,09 Kb.
#45335
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Тақырып 2.6 ХV- ХVІ ғ.ғ. қазақ хандығы.
Қазақ хандығының құрылуы (1466 ж.). Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшаққа саяси әмірлігінің таралуы. Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек. Бұрұндық пен Қасымның Мұхаммед Шайбан мен Ноғай ордасына қарсы шығуы. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін соғысы.
Қазақ хандығының күшеюі. Қазақ хандығының ХVІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Шаруашылық: Мал шаруашылығы, егіншілік, қалалар, сауда. Сырдария бойындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидың Қазақ хандығына қарсы жорығы. Шайбани ханның өлімі. Моғолстанның саяси тұрақтылығының әлсіреуі. Қазақ хандығының Орта Азиядағы күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ территориясына қосылуы. Қасым ханның тұсындағы хандықтың күшеюі. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. Қазақ хандығы ХVІ ғ. екінші ширегінде. Тақ үшін талас. Қазақ хандығының Моғолстанмен арақатынасы. ХVІ ғ. орта шеніндегі Қазақ хандығының әлсіреуі. Қазақ ноғай қарым-қатынасы.
ХVІ ғ. екінші жартысындағы қазақ хандығы. Хақ Назардың басқаруы. Қазақ пен ойрат қарым- қатынасы. Қазақ пен ноғай қарым-қатынасы. Қазақ хандығы және Мәуеренақыр Шайбанидтері. Бұқара мен Сібір хандығының одағына қарсы қазақ хандарының күресі. Қазақ хандығы мен Мәуеренақыр қарым-қатынасына Ташкент көтерілісінің әсері. Орта Азияға билік басына Аштарханидтердің келуі.
Тақырып 2.7 ХVІІ- ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ хандығы.
ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі.
Қазақ және Бұқар хандықтарының өзара қарым-қатынасы. Қазақ хандығы және Шығыс Түркістандағы феодалдық меншік. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасы. Жоңғар хандығының пайда болуы, оның агрессивті саясатының бастамасы. ХVІІ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасының нашарлауы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер үстемдігінің өсуі. Жәнгір тұсындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның билігі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет