Жоба атауы: Асыл сөз 1-4 сынып оқушыларына халық ауыз әдебиетін насихаттайтын жоба Жобаның өзектілігі



Дата04.10.2022
өлшемі15,24 Kb.
#41330

Жоба атауы: Асыл сөз
1-4 сынып оқушыларына халық ауыз әдебиетін насихаттайтын жоба
Жобаның өзектілігі:
Қазіргі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды, дәстүріміз бен тілімізді сақтап қалу және дамыту. Тіліміздің маржанын, асыл қазынамызды халық ауыз әдебиеті арқылы балаларымыздың бойына сіңіру. Бұл өскелең ұрпақтың өз ұлтының, тілінің, дәстүрінің жанашырлары болатынына кепілдік береді.
Жобаның мақсаты:
Халық ауыз әдебиетін мектеп оқушыларына насихаттаудың мақсаты ұлттық фольклорды жатқа біліп қана қоймай оны күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
Міндеттер:

Іске асу жолдары:

  • Әр апта сайын оқушыларға 3 ертегі беріп отыру

  • Берілген ертегілерді түсініп оқу

  • Соның ішінде біреуіне сурет салу (иллюстрация) аптасына 1 сурет

  • Апта соңында сол 3 ертегі бойынша тест болады. Google forms- та толтырады.

  • Сурет, тест нәтижелерінен АПТА жеңімпазы анықталады. Жеңімпаздың жұмыстары инстаграмда мектеп парақшасында жарияланып отырады.

  • Қосымша тағы тапсырма болады. Біз бір аяқталмаған ертегі береміз. Балалар өз қиялымен ертегіні жалғастырып, аяқтау керек. Және оқушы 3 жұмбақ құрастыру керек (айына 1 рет).

  • Ай соңында нәтиже шығарылып, үздік оқушылар марапатталады.


Қорытынды:
Жоба барысында бала көптеген ертегілер оқып, мақал-мәтел, жұмбақ, өлең-жырлармен танысады. Ертегілерден жақсы мен жаманды ажыратып үйренеді, қиялы дамиды, жаңа дүниелер ойлап табуға ынтасы ашылады. Сөздік қоры көбейіп, қазақ тілінде еркін сөйлей бастайды. Марафон ретінде ұйымдастырылған бұл жоба баланың көп оқу, аналитикалық ойлау, түйген ойын түрлі жолдармен интерпретациялай алады. Ал жақсы нәтиже көрсеткенде жеңімпаз атану мүмкіндігі үлкен мотивация болады. Ең бастысы халық ауыз әдебиетін терең игерген балаларымыздың рухы көтеріліп, ана тіліне деген сүйіспеншілігі артады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет