Жоба портфолионың қорғауы мен көрсетуі Жоба портфолиосы



Дата06.01.2022
өлшемі18,39 Kb.
#13675

Жоба портфолионың қорғауы мен көрсетуі


Жоба портфолиосы – барлық жұмыс материалы жинақталған папка (нұсқа жазған парақтап, есеп, жоспар, зерттеу мен талдау нəтижелері т.б.)

Жобалау әрекеті барысында оқушылардың портфолиосы жасақталады, онда оқушылар жасаған зерттеу нәтижелері, талдаулары, идеялары мен шешімдері жинақталады. Олар модель, сурет, схема түрінде қысқа, нақты болуы қажет. Мәтін түрінде жазбаша жазылғаннан гөрі модельдеу түрінде беру–оқушылардың символдық, таңбалық ойлауын да дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылар өз портфолиосын безендіруге уақыт жібереді, оларға портфолионың жұмыс құжаты екенін түсіндіру қажет, ең бастысы, жоба нәтижесінің рәсімделуі, күтілетін нәтиженің алынуы.

Жобаның нәтижесі үш түрлі болады, олар:

- жобаланған, дайындалған, сыналған, бағаланған материалдық бұйым;

- жобалау портфолиосы;

- оқушылардың танымдық, білімдік деңгейінің дамуы жаңа сапаларының пайда болуы;



Жобаны қорғау. Оқушылар жасалынған жұмыстар жөнінде, алынған нәтижелерді түсіндіруге, шығарылған қорытындысының себебін көрсетіп, дəлелдей білуге үйрену

Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 минут) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, сондай-ақ жұмыстың логикасы, тіл құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мініп бағаланады.

Мазмұны бойынша портфолионы 3 моделге бөледі.

Құжаттар портфолиосы – сертификатталған жеке білім жетістіктерінің портфелі. Оған жататындар: диплом, грамота, оқушының колледжде және одан тыс белсенділігі мәнтабысын растайтын басқа да ресми құжаттар.

Жұмыс және жоба портфолиосы.

Студенттердің әр түрлі шығармашылық және жобалық жұмыстарының жинағы, сондай-ақ оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрі мен бағыттарының сипаттамасы: ғылыми конференция, конкурстарға қатысуы, факультатив өтуі, спорт пен өнердегі жетістіктер т.б.



Портфолионың осы түрін студент жұмысының, суретінің, бейне жазбасының қосымшасы берілетін шығармашылық кітапша ретінде рәсімдеуге болады.

Пікірлер портфолиосы – оған мұғалімдер, топ студенттері, сондай-ақ өзінің жұмысы мен оның нәтижесі туралы студентті жазбаша талдауы енгізіледі. Ол қорытынды, пікірлеме, пікір, резюме, ұсыныс хат пакеті түрінде болуы мүмкін.

Ал портфолионың қызметі жөнінде осындай түрлі тұжырымдарды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:

  • студенттердің білім, білік, дағдыларының ауқымын көрсете отырып, бағалау процесін жеделдету;

  • оқу мақсаттарын қолдау;

  • белгілі бір уақыт аралығында студенттің өзгерісі мен өсуін тіркеу;

  • студенттердің, оқытушы мен ата-аналардың қатынасын нығайту;

  • оқу процестерінің сабақтастығының қамтамасыз ету;

  • өздігінен оқуды қолдау;

  • оқу мүмкіндіктерін кеңейту;

  • оқыту процесін зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту;

  • анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау;

  • алынған нәтижелерге нұсқау жасау мен бағалауға арналған ортақ тәсілді құрастыру;

  • студенттер өз оқуларын еркін бағалай алатын тәсілмен қамтамасыз ету;

  • студенттер дамуын біркелкі қолдау мүмкіндіктері.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет