Жоба тақырыбы


V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт



бет9/11
Дата26.04.2022
өлшемі1.4 Mb.
#32270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:

  Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:  -ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау; -оқушыға портфолио құрастыру. Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім-білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.



IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты  — баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;  — баланы шығармашылыққа тарту;  — баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;  — баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;  — қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.



Коррекциялық педагогика дамуында түрлі кемістіктер мен ауытқушылықтары бар балалар мен үлкендерді тәрбиелеудің, білім берудің және түзетудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістері мен құралдарын жасайды.

Сурдопедагогика- естімейтін және нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады.

Тифлопедагогика -көзі көрмейтіндерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады.

Сөйлеу кемістіктері бар балаларлармен – логопедия шұғылданады.

Ақыл-есі кемдерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен – олигофренопедагогика шұғылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет