ЖОҒары білім беру жүйесіндегі қҰзыреттілік тәсілі с.Ә. Исаев – ф м.ғ. к., профессор, А.Ә. Ақжолова



жүктеу 89.04 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі89.04 Kb.

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛІ 

С.Ә.Исаев – ф.-м.ғ.к., профессор, А.Ә.Ақжолова - магистр, оқытушы, Қазмемқызпу, Алматы 

қ.

Түйін cөз

Мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі құзыреттілік тәсілі қарастырылады.

Қазақстан   Республикасының   «Білім   туралы»   Заңында   «Білім   беру   жүйесінің   басты 

міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 

негізінде   жеке   адамды   қалыптастыруға,   дамытуға   және   кәсіптік   шыңдауға   бағытталған 

сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және 

күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 

қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап 

көрсетілген.   Аталған   міндетттерді   жүзеге   асыру   үшін   оқытудың   жаңа   технологияларын 

енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты 

ұстаным   ретінде   әркімнің   өзінің   білім   алуға   деген   жеке   әлеуетін   қоғамда   барынша 

пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді [1].

Құзыреттілік   тәсілі   Қазақстандағы   жоғары   білім   беру   модернизациясының 

концептуалды басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі күнде ол білім берудің 

жаңа   парадигмасын   қайта   ұсынуда.   Бұл   құзыреттілік   тәсіл   әлеуметтік   дамудың   нақтылы 

стратегиясын   қалыптастыруда   білім   беру   саясатының   концептуалды   негізіне     қатысушы 

ретінде   жергілікті   педагогикалық   теорияны   қоғамдық   маңызды   құбылысқа   біртіндеп 

айналдыруда. 

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру қалай болады деген мәселеге қызығушылық күн 

санап   артуда,   сондай-ақ,   осы   мәселе   туралы   түсінікті   қажет   ететін   сұрақтардың   да   саны 

артып   келеді.   Сонымен   қатар,   қазақстандық   білім   беруге   құзыреттілік   тәсілін   енгізгенде, 

жаңа білім беретін стандарттардан қоғам күтетін ғылыми-педагогикалық білім беру қайта 

жаңарады   ма   деген   сұрақ   туындайды.   Құзыреттілік   тәсілін   тәжірибеде   мойындаудың 

күрделілігі төмендегідей болады:

құзыреттілік тәсілі білім берудің негізгі мақсатының ресми өзгерісінің кезекті нұсқауы 



ретінде қабылданады: «жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы» орнына «мектеп 

бітіруші   түлектің   базалық   және   кәсіби   жалпы   мәдениетін   қалыптастыру,   оның   еңбек 

нарығында әлеуметтік ұтқырлығына және тұрақтылығына мүмкіндік туғызу»;

ғылыми-педагогикалық қоғам жаңа білім беру тәсілін қабылдауға дайын емес және 



оның қажеттілігіне көзі жетпейді;

қазақстандық   мектептер   мен   жоғары   оқу   орындарындағы   білім   алушы   жастар 



меңгеріп жатқан құзыреттілікті кең таралған диагностика ретінде қабылдамауы;

құзыреттілік   және   құзырет   номенклатурасы,   сондай-ақ,   олардың   мазмұндық 



сипаттамасы негізінен ойша құрастырылады;

құзыреттілік тәсілін енгізу механизмінің нақты анықталмағандығы [2].



Біздің   ойымызша,   жоғары   білім   берудегі   құзыреттілік   тәсілі   кәсіби   міндетті   сапалы 

шешуге және жоғары оқу орындардың білім беру жүйесіндегі болатын қабілетті мамандар 

мен   сұранысты   қамтамасыз   ететін   жұмыс   берушілердің   арасындағы   қарама-қайшылықты 

болдырмауға   арналған.   Сонымен   қатар,   ол   қазіргі   уақыттағы   мемлекеттік   білім   беру 

стандарттарының алдында тұрған білім беру компоненттерінің мазмұнының басымдылығын 

және   қазіргі   таңдағы   білім   беру   мазмұнына   жаңаша   көзқараспен   қарау,   оқу   үдерісінің 

практикалық,   қызметтік   компоненттерін   қайтадан   құрастыру   және   олардың   пайдасын 

арттыруға мүмкіндік береді. 

Жоғары   мектептің   еңбек   нарығымен   және   көптеген   әлеуметтік   әріптестермен   өзара 

байланыстарды   орнатуы,   қарым-қатынасты   күшейтуге   мүмкіндік   береді.   Білімдермен 

қамтамасыз   етілген   тәжірибелік   іс-әрекет   әлемді   тану   үдерісінде   жетекші   білім   беру 

компоненті ретінде танылуға тиіс.



Технологиялық   тұрғыдан   алып   қарағанда,   жаңа   әдістерді,   инновациялық 

технологияларды,   ұйымдастыру   формаларын,   білім   алушының   танымдық,   әлеуметтік   іс-

әрекетін қарқындату және оларға сәйкес базалық іскерліктерін дамытуды пайдалану маңызды 

болып табылады. Білім беру сапасын бағалау мәселесін шешу үдерісінде тек жоғары оқу 

орнының профессор-оқытушылар құрамы ғана қатысып қоймай, ғылыми-зерттеу ұйымдары, 

жұмыс берушілер және басқа да әлеуметтік әріптестер де қатысуы керек [3]. 

Бүгінде құзыреттілік тәсіл жаңаша идея болмағанымен жоғары оқу орындарының білім 

беру   бағдарламаларын   жүзеге   асыруда,   атап   айтқанда,   студенттерге   бағдарланған 

құзыреттілік пен білім беруден күтілетін нәтижеден олардың мазмұнды және процессуалды 

білім беру үдерісінің негізгі мақсатын көруге болады.

Барлық потенциалды жоғары білім беру саласында құзыретті түлекті қалыптастыру үшін 

бәрінен   бұрын,   бүгінгі   білім   алушылардың   танымын,   коммуникативтілігін,   дербес 

белсенділігін дамытатын технологияларды қолдану керек. Білім беру тәжірибесіне құзыретті-

бағдарланған   тәсілді   енгізу   үшін   ерекше   ұйымдастыру   түрлерімен   қатар,   мысалы, 

әдістемелік жүйеге оқытудың жеке тұлғаға бағытталған әдісін, даралық, дифференциялдық, 

жобалық-зерттеуші әдістерін енгізген сияқты, маңызды құзыреттілікті құрастыру қажеттігін 

талап етеді.

Бүгінгі   күні   инновация   білім   берудің   мақсатына,   мазмұнына,   оқу-тәрбие   түрлері   мен 

әдістеріне,   оқытушы   мен   студенттің   бірлескен   іс-әрекетін   ұйымдастыруға   жаңалықтар 

енгізіп, кәсіби педагогикалық ойлау стилін өзгертуде.  

Негізгі екі инновациялық типтерді қарастырайық: білім беру үдерісіндегі репродуктивті 

және   мәселеге   бағытталған   технологиялық   тәсілге   сәйкес   келетін   инновациялық-

модернизация және инновациялық-трансформация.

1.   Инновациялық-модернизация   бұл   кепілді   нәтижелерге   қол   жеткізуге   бағытталған 

түрлендіруші   оқу  үдерісі.   Мұның   негізінде   студенттердің   білімін   және   үлгі   бойынша   іс-

әрекет   әдістерін   қалыптастыруға   өте   тиімді   репродуктивті   оқытуға   бағытталған 

технологиялық тәсіл жатыр.

2. Инновациялық-трансформация, ізденуші оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруға, оның 

зерттеушілік сипатымен қамтамасыз етуге бағытталған және түбегейлі өзгертетін оқу үдерісі. 

Оқытуға сәйкес іздену тәсілі студенттердің жаңа білімді өзбетінше іздеуге, шығармашылық 

іс-әрекет тәжірибелерін қалыптастыруға, оларды болашақта қолдануға арналған [2].

Көптеген   ғалымдардың   пікірінше,   инновациялық   білім   беру   технологиялары 

студенттердің   шығармашылық   ойлау  жүйесін   қалыптастыруға,   олардың   оқу,   практикалық 

немесе   шығармашылық   тапсырмаларды   орындау   қабілеттерін,   сондай-ақ   болашақ 

мамандардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Білім   беруді   модернизациялаудың   негізгі   талабы   оқытудың   ақпараттық   моделінен 

студенттердің пәндік білімін ғана қалыптастыруды ұсынатын емес, іскерліктерін өзбетінше 

меңгеретін дамытушыға өту болып табылады. 

Бүгінгі күні оқу жоспарын жүзеге асыруда оқу уақытының 50% студенттердің өзіндік 

жұмысына   бөлінеді,   ал   оқыту   жүйесінің   Болон   үдерісіне   өту   үшін   студенттердің   өзіндік 

жұмысын 75%-ға көбейту керектігін талап етеді. 

Информатикада   «ақпарат»   ұғымының   әмбебаптылығына   байланысты   білім   беру 

үдерісінде   пәнаралық   байланыс   құру   және   болашақ   маманның   кәсіби   қажеттіліктеріне 

дағдыландыру,   сондай-ақ,   білім   алушылардың   тәжірибелік   білімдері   мен   іскерліктерін 

өзбетінше толықтыруға мүмкіндік туғызады.

Қалыптасудың   негізгі   біріктіруші   факторы,   көрсетілген   мақсатты   ойлау   жүйесін 

стратегиялық міндеттермен, принциптермен қызмет ету жүйесі мақсатты компонент болып 

табылады.

Мұндай   жағдайда,   информатика   пәнінің   оқытушыларының   алдына   студенттердің 

ақпараттық-коммуникациялық   және   оқу-танымдық   құзыреттілік   деңгейлерін,   ауыспалы 

әлемге бейімделу қабілеттерін көтеру мақсаттары қойылады.

    Осы мақсаттарға жету үшін оқытушылардың алдына келесідей міндеттер қойылады:



студенттердің шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік туғызу;

студенттердің   алған   білімдерін   өзбетінше   жетілдіруге,   яғни   ақпараттарды   іздеуді 



жылдам орындауға, оларды жіктеу мен өңдеудің тиімді алгоритмін табуға үйрету;

оқушылардың   жобалық-зерттеуші   іс-әрекетін   ұйымдастыру   арқылы   кілттік 



құзыреттілігін қалыптастыруға педагогикалық жағдай жасау;

жобалық-зерттеуші іс-әрекетінің мониторингін жүзеге асыру.



Білім беру жүйесінің моделіне негізделетін принциптер:

мульти   мәдениеттілік   –   танымдық,   бос   уақыт,   өнертапқыштық,     мәліметтерді   алу 



мәдениетін  қалыптастыру;

оқыту   нәтижелілігі   –   білім   алушылардың   барлық   тіршілік   процестеріне   қатысуы, 



тіршілік әрекетінің барлық саласында білімді қолдану және меңгерген үдерістерді біріктіру;

даралық – оқу техникасын көздеуде адамның жеке гуманистік, базалық қажеттіліктерін 



танымдық, қарым-қатынас, өзін-өзі жетілдіру әрекеттерінде қанағаттандыру;

ашықтығы – педагог пен студенттің бірлескен әрекетінде студент тарапынан туындаған 



ұсыныстар мен идеяларға оқытушының дайындығы;  

жеке білім беру траекториясын таңдау;



оқу   үдерісін   ұйымдастырудың   икемділігі   –   педагогтың   ықпалымен   студенттің 

жоспарын икемді өзгерту мүмкіндігі;

білім беру рефлекциясы [3].



Маманның   құзыреттілік   моделі   білім   беру   мақсатында   еңбектің   пәні   және   объектісі 

ретінде   нақты   қызметін   орындаумен,   сондай-ақ,   пәнаралық   интегралданған   талаптармен 

білім беру үдерісінің нәтижесімен байланысады. 

Көрсетілген құзыреттілік тәсілі тек нақты кәсіби білімдер мен іскерліктерді меңгергенде 

ғана ынтымақтастық пен әрекеттестіктің негізінде тәжірибелік іс-әрекетті жүзеге асыру және 

оқу   үдерісіндегі   күрделі   тапсырмаларды   шешу   мақсатында   жаңа   білім   берудің 

парадигмасының негізі болуы мүмкін.

Мұндай   жағдайда   кәсіптік   құзыреттілік   түсінігінің   мазмұны   білім   берудің   қазіргі 

заманғы   қажеттіліктеріне   жауап   беретін,   дидактикалық-әдіснамалық   модель   даярлауға 

мүмкіндік беретін, нақты және логикалық түрін қабылдайды.

Нәтижесінде,   құзыреттілік   тәсілінің   барлық   тарихы   оның   теориялық   негіздемесі   мен 

тәжірибесін   жоғары   кәсіби   білім   беруге   енгізу,   қазіргі   кездегі   педагогика   ғылымдарын 

зерттеудің жетістіктері мен ғылыми тәжірибенің жүйелі құрылымының кезеңі, құзыреттілік 

тәсілінің жаңа кезеңі болып табылады. 



Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27 шілде 2007 жыл, №319-ІІІ.

2. 

Бермус   А.Г.   Проблемы   и   перспективы   реализации   компетентностного   подхода   в 



образовании // Интернет-журнал «Эйдос». – 2005г.

3. 


Хуторской А.В. Ключевые компетенции и образовательные стандарты // Интернет-журнал 

«Эйдос». – 2002

г.

Резюме

В статье рассматриваются компетентностный подход в системе высшего образования.



Summary

This article deals with the competence method in higher educational system.



Каталог: images -> Stati -> Fizmat
Fizmat -> Әож 378. 017. 02: 004. 92 (574) 6М011100-информатика мамандығының 2-курс магистранты
Stati -> Әож 372. 8: 811. 111 Шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолданудың маңызы
Stati -> Әож 582. 26. Іле алатаудың солтүстік беткейіндегі жайылымдықтардың жемшөптік өсімдіктерінің ТҮрлері
Stati -> Әож 811. 111 Студенттердің шетел тілінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
Stati -> Қатысты ойлар у. Р
Fizmat -> Әож 519 513. 3/494 Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық ЖӘне интерактивтік технологиялар
Fizmat -> Магистр, аға оқытушы Уразова П. Б. Мектеп оқушыларына арналған тестілеу тапсырмаларының
Fizmat -> Информатика пәні бойынша интерактивті оқыту әдісін оқУ Үрдісінде қолдану


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет