Жоғары мектептегі білім мазмұны



Дата26.04.2022
өлшемі412,19 Kb.
#32430

Жоғары мектептегі білім мазмұны

Білім берудің мазмұны

«Білімнің мазмұны дегеніміз – тұлғаға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі».

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Исаак Яковлевич Лернер

Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді. Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді

Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың деңгейлері

Педагогикалық процестің жүру ерекшелігін ескере отырып білім берудің мазмұнынының үш негізгі деңгейін анықтауға болады:

  • Жалпы теориялық түсінік деңгейі – бұның негізінде студент алғалы жатқан білімінің жалпы мазмұнымен таныс болады, және оның қоғамдағы орыны мен рөлінен хабардар болады.
  • Оқу пәні деңгейі  мұнда жұмыс жеке элементтер бойынша жүреді, мазмұны анықталып, жекелеген мақсаттары белгіленеді. Мұнда педагогикалық процесте жүзеге асырылатын жұмыстың мазмұны анықталып, нақтыланады. Құжаттар қатар көрсетіліп бекітіледі.
  • Оқу материялы деңгейі мұнда оқылатын пәннің мазмұны, пәннің өзі өңделеді.

Білім мазмұнының түрлері:


Күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер ;

Көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер ;

Болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары 

Белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер ;

Ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер ;

Әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.


Жоғары мектептегі білім берудің мазмұнын қалыптастырудың принциптері, квалификациялық мінездемесі.


Мамандардың тұлғалық моделі – оқу тәрбие процесінің арысында қалаптасатын мамандардың сапалық деңгейін көрсетеді. Жоғары мектеп психологиясының тәжірибесінде оқу тәрбие процесінің бағдарын анықтап білген дұрыс. 

Кәсіби іс әрекеттің психо-педагогикалық мінездемесі маман тұлғасын қалаптастырудың модельін анықтауда маңызды құралы болмақ, не болмаса болашақ маманың идеал тұлғасының қалаптасуына ықпал етпек.  

Мамандардың модельік қалаптасуна ықпал жасайтын оқытудың мазмұны болады. Маманның бойындағы жеке қасиеттері іс әрекеттің мазмұнын анықтайтын нармативтік анықтамасы болмақ.

Жоғары метеп бұл оқу тәрбие процесінің барысындағы оқытушылар мен студенттердің өзара қарам қатынасы. Мұнда студенттердің жан жақты дамуы жүреді.


Жалпы білімнің мазмұнына оқу пәндерінің 3 түрі енеді.


Ғылыми-жаратылыс;

Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат заңдылықтары туралы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болып табылатын физика, математика, химия, биология енеді.

Гуманитарлық;

Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамды дамытатып заңдармен таныстырады. Әр түрлі тілдер қоршаған өмірді терең түсінуге, ақыл-ой тәрбиесіне, әлеуметпен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Гуманитарлық білімдер - тарих, әдебиет, саз, ән, бейнелеу өнерлерінің баланың дамуына үлкен ықпалы бар.

Еңбек және дене дайындығы

Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып, іскерлік, дағдыға үйретеді. Сонымен оқушылар ғылыми білімдер жүйесін зерделеп, табиғат және қоғам құбылыстарының мәніне жетіп, ғылымның зерттеу әдістері және даму тарихымен танысады.


Стандарт туралы ұғым

  • Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта бакалавр, магистр, оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, құзыреттілік дайындығына қойылатын талаптар белгіленген. Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат.
  • Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді.

Білім беру стандарттарының негізгі қызметтері:
  • – білім беру жүйесінің реттеушілік және басқарушылық дәрежесін көтеру;
  • – білім беру сапасын көтеру;
  • – білім беру процесіне қатысушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
  • – республика деңгейінде стандарттар талаптары мен оларға қол жеткізу туралы білім беру мекемелерін, оқу топтарын, жеке білім алушыны ақпараттандыру.


ЖМ педагогикасының теориялық әдістері


1

Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту.

2

Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру.

3

Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу.

4

Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру.

5

Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.

6

Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.



7

Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идеалдық үлгілері көмегімен зерттеу.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет