Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатын



Дата31.12.2021
өлшемі14,62 Kb.
#23406

Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? деген сұрақ туады.

Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі.

Қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды.

Қамкоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын киянаттардан корғап жүретіндігінде.

Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысың қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жұзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.

Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылык жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.

Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.

Егер бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.

Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.

Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.

Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жүбайының келісімі талап етіледі.

Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.

Корғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушынын алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.

Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет