Жол сапары мен практика барысында ерте тұрып, уақытында кешкі ұйқыға жатады



бет1/2
Дата18.11.2023
өлшемі32,75 Kb.
#124535
  1   2
Байланысты:
ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ (копия)





  • Жол сапары мен практика барысында ерте тұрып, уақытында кешкі ұйқыға жатады;

  • қоғамдық орында сағат 22.00 кейін тыныштық сақтайды;

  • уақытша орналасқан ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды;

  • өзінің шыншыл, адал және иманды мінез-құлқымен үлгі болады;

  • өзі үлгі бола отырып, ұжымда ынтымақ-бірлікті, моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға үлес қосады;

  • практика барысында жеңіл, шапшаң қозғалыс-қимылға лайық киінеді;

  • практиканың бағдарламасындағы көрсетілген барлық оқу және қоғамдық жұмысты жауапкершілікпен орындайды;

  • жеке бас қауіпсіздігі ережелері қағидаттарын қатаң сақтап, практика жетекшісінің тапсырмаларын уақытында зор жауапкершілікпен орындайды;

  • қоғамдық орындар мен көлікте (поезд, автобус) тазалық, тәртіп сақтайды;

  • қоғамдық орындар мен көлікте (поезд, автобус) бөгде адамдармен қарым-қатынас жасамайды;

  • поездағы сапар барысында вагондар арасында бос жүріске салынбайды;

  • темір жол аялдамаларында жеке бас қауіпсіздігі мақсатында бей-берекет тамақ сатып алмайды;

  • темір жол аялдамаларында перроннан ұзап кетпейді;

  • сапар барысында жолсерік ескертулерін тыңдап, орындайды;

  • кездейсоқ көлікке мінуге қатаң тиым салынады;

  • практика жетекшісінің рұқсатынсыз ешқайда шықпайды;

  • жеке басындағы кез-келген тосын жағдай туралы практика жетекшісін хабардар етеді;

  • әлеуметтік желілерде тексерілмеген, дәйексіз немесе әдепсіз ақпаратты таратпайды;

  • сапарға күнделікті жеке бас гигиенасына қажет құралдары мен ас ішетін ыдыстарын және дәрі-дәрмегін алып шығады;

  • жол сапары мен практика барысында алкогольдік ішімдік түрлері мен есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға қатаң тиым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет