Жолдасбек МӘмбетов /4 ім л т и 2011



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата09.03.2017
өлшемі8,36 Mb.
#8626
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
8626

ӘДЕБИЕТТІҢ
ЭСТЕТИКАЛЫ Қ
НЕГІЗДЕРІ
Жолдасбек  МӘМБЕТОВ
/4  ім л т и   2011

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ¥ЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жолдасбек Мәмбетов
ӘДЕБИЕТТІҢ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Алматы
«Қазақ университеті»

ББК 84. Қаз.7-5
М 12
Кдзак
филология,  эдебиетптану және элем тілдері факулътетініц
Ғылъши  кеңесі жғне Редакциялъщ-баспа 
кецесі шеиіімімен үсы нъш ан
Пікір жазғандар:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтгық университеті қазақ әдебиетінің
тарихы және теориясы кафедрасының 
профессоры, филология ғылымдарының докторы
А. Темірболат
ш   0уезов атындағы әдебиет және енер институтыньщ бас ғылыми 
қызметкері, филАШ! М  тЛЫЬШ ІМішц дТГТГы, профессор
Абай атындағы Қ а |іқ  
ун{|верситеті қазақ
әдеор
филология ғыйыNі
Мһцпырүлы
62>ОІ55~
  |КІТАПХАНАО   ‘
М әмбетов Ж . О.
М 12  Әдебиеттің эстетикалық негіздері: монография.
-  Алматы: Қазақ университеті, 2011. -   163 б.
І5ВЫ 978-601-247-341-4
әдебиеттің  өнер  ретін деп
болмысы,  әр  өнердің  өзіне  тән  сипаты   ж ән е  қоғамдағы   ала- 
ты н  орны   мен  м аңы зы   ж ан -ж ақты   қарасты ры лған.  Б ұ л   зерт- 
трл
^  енбек  буоы н   казак  м әдениеттануы   м ен  әдебиеттануы нда
тілінде
құнды
категорияларға  ұлтты қ  дүниетаны м   тұрғы сы нан  б ар л ау   ж а- 
сап, оны ң өнердегі ерекш елігін қазақ әдебиетінен алы нған мы-
т ү а н д ір е д і
оры ндары ны ң
студенттеріне
ББК 84. Қаз.7-5
І5ВЫ 978-601-247-341-4
© Мәмбетов Ж.О., 2011 
© Әл-Фараби атындағы ҚазҮУ, 2011

К І Р І С П Е
ты-
стетика  әсемдік  туралы  ғылым.  Са- 
налы  адамзат  баласының  сұлулыққа 
сұқтанбайтыны,  әдемі  нәрсеге  қызық- 
пайтыны  болмайды.  Адам  жаратылысынан  әдемі- 
лікке,  әсемдікке  құштар.  Адам  қоғамдаса  өмір  сүре 
бастаған  ең  ежелгі  дәуірлердің  өзінде  айналадағы 
өздеріне  жұмбақ  құбылыстардың  сырын  ұғуға 
рысқаннан басгап-ақ әсемдіктің де сыр-сипатын тануға 
талпынғаны  байқалады.  Оны  бізге  жеткен  әр  алуан 
тарихи  деректер  мен  аңыз  әңгімелер  дәлелдеп  отыр. 
Біздің  қазақ  халқы  да  одан  шет  қалған  деп  айта  ал- 
мас  едік.  Мүмкін  сұлулықты  сезіну,  оны  талғаммен 
бағалау жағынан өзгелерден ерек болмасақ та, ешкімге 
есе  жібере  қоймаған  сияқтымыз.  Оның  нақты  мысал- 
дарын  мыңдаған  жылдар  бойы  өзімен  бірге  жасасып 
келе жатқан бай да көркем сөз өнерінен, ұлтымыздың 
өзіне  ғана  тән  музыкалық  әуендерінен,  көзге  ерекше 
айшықты  көрінетін  қол  өнерінен  анық  байқаймыз. 
Егер  әсемдікті  сезінбесе  халқымыз  сөз  өнерін  «Өнер 
алды  —
  қызыл  тіл»  деп  дәріптемеген  болар  еді.  Егер 
сұлулықтың  сыртқы  бітімі  мен  ішкі  болмысының 
үйлесімділігін  танып,  өнердің  эстетикалық  қасиетін 
түсінбесе ұлы Абай «Екі түрлі нәрсе ғой, сыр мен сым- 
бат» леп толғанбас еді. Бірақ қазақ сол әсемдік туралы


М әм б ет о в Ж олдасбек
о й л а р ы н   ғы л ы м и   негіздеуді,  ж ү й е л і  ойға  ай н ал д ы р у - 
ды  к ө п ке д ей ін  ескере б ер м еген  секілді. С онан  да б о л ар  
ж а п п а й   сауаттан ған ы м ы зға  ғасы рға  ж у ы қ   у ақ ы т  өтсе 
де, әлі күнғе ш ей ін  бізде әсем дік ту р ал ы  ұ л ты м ы зға тән 
т е о р и я л ы қ   о й -п ік ір л е р   ж и н а қ т а л ы п ,  ғы лы м и   б ір   ізге 
т ү с п е й  келеді.
Қ а за қ   қо ғам ы   ж ү зд еғен   ж о ғар ы   оқу   о р ы н д ар ы н  
аш ы п ,  он д а  сексен  ж ы л д а н   астам   у ақы т  қоғам тан у
щ /  
-  
"  
• /
п ө н д ер і  о қ ы ты л ы п   келе  ж атса  да,  әлі  күнге  ш ей ін  
эс т е т и к а л ы қ  о й л а р д ы  о р ы с тіліндегі к ітап тар д ан  оқуға, 
тек  қан а о р ы с ш а  п ай ы м д ау ға төселіп  ал ған д ай м ы з. Осы- 
д ан   ж и ы р м а   екі  ж ы л   б ұ р ы н   берген   сұхбаты нда  эстет- 
қ а л а м ге р  З е й н о л л а  С ер ік қ ал и ев  б ы л ай  д еп  о й  толғаған 
екен:  «...3. Ф рейд, О.  Ш п ен гл ер  ең б ектер ін  тіп ті ауы зға 
ал м аған н ы ң   өзінде,  халқы м ы зға,  ж астар ы м ы зға  П ла- 
то н   «Д и алогтары »,  А р и сто тел ь  «П оэтикасы »,  Л ессинг 
«Л аокооны » тэр ізд і ай ту л ы  қ азы н ал ар д ы , алты  то м д ы қ  
« Э стети кал ы қ о й л а р  тари хы н » қ а за қ ш а  о қ ы т п а қ  түгілі, 
эстети к а тақ ы р ы б ы н д а ө зім із о қ у л ы қ т а р  ж а з б а қ  түгілі, 
он даған   ж ы л д а р   б о й ы н а  М осквада  сан  р ет  қ а й т а л а п  
ж а р и я л а н ғ а н ,  ж о ға р ы  о қ у  о р ы н д ар ы н д а  студен ттердің  
қ о й ы н   кітабы н а  ай н ал д ы р у ға  т ұ р а р л ы қ   кәдім гі  Ю р и й  
Б о ревтің   «Э стетикасы н»  да  әлі  күнге  ау д ар ы п   ү л гер е 
а л м а у ы м ы з 
б ізд ің  
ж а л п ы  
м әд ен и  
д ә р е ж е м ізд ің
щ г
қ а н ш а л ы қ т ы  м е ш е у  хәлде б е й ш а р а л ы қ  к ү й  к еш іп  келе
ж а т қ а н ы н  д әл ел д есе керек»  [1.157 б.].
Ә д еб и ет  — сөз  ө н е р і  б о л ған д ы қ тан ,  он ы ң   да  ауы лы  
эстети к ад ан   а л ш а қ   ж а т қ а н   н әр се  емес.  Ә д еб и ет  тео- 
р и я с ы   п ән і  ж о ға р ы   о қ у   о р ы н д а р ы н д а   қ ан ш а  ж ы л д а н  
б е р і  о қ ы л ы п   келе  ж атса  да  о н ы ң   негізгі  қ ағи д ал ар ы н  
о р ы с  тіл ін д е  ж а зы л ға н   эстети к ад ан   а л ы п   п а й д а л а- 
н ы п   кел е  ж а т қ а н ы м ы зд ы   да  ж а сы р а  а л м а й м ы з.  Б ір ақ  
күн і  бүгін ге  ш е й ін   қ а за қ   тіл ін д е  б ір қ а т а р   ауы з  толты - 
р ы п   а й т а р л ы қ   ә д е б и -т е о р и я л ы қ   ең б ек тер д е  эстети ка 
м әселесі  ә р   қ ы р ы н а н   тал д ан ы п ,  негізгі  т е р м и н д е р ін ің  
д е  қ а л ы п т а с ы п   қ ал ған ы н   а т а п   өтуге  ти ісп із.  Ә р и н е

Әдебиеттің эстетикалық негіздері__________ 5
бұл  саУіадағы  1926  жылы  жарық  көрген  Ахмет  Бай- 
тұрсыновтың  «Әдебиеттанытқышынан»  бастап,  Мұх- 
тар  Әуезовтің,  Есмағамбет  Ысмайловтың,  Қажым 
Жұмалиевтің,  Мұхамеджан  Қаратаевтың,  Зейнолла 
Қабдоловтың, Зәки Ахметовтің, Рымғали Нұрғалидың, 
Бақьггжан  Майтановтың  бірқатар  еңбектерінде  жал- 
пы  өнерге  қатысгы,  соньщ  ішінде  әдебиетке  байланысгы 
эстетикалық  таным-тұсініктерге  талдау  жасалып, 
нақты  тұжырымдар  берілген.  Әдеби  сында  өздерінің 
айшықты  іздерін  қалдырған  А.  Сүлейменов,  3.  Серік- 
қалиев,  С.  Әшімбаев,  А.  Егеубаев,  Ә.  Бөпежанова  т.б. 
сыншылар  да  аталған  саланы  дамьпуға  үлкен  үлес
қосты деп сеніммен айта аламыз.
Дей  тұрғанмен  де  эстетика  мәселесі  тұтастай  сөз 
өнерімен бірлікте әлі күнге шейін толық қарастырыла 
қойған жоқ.
Қазақ  тілінде  эстетикаға  қатысты  еңбек  жазудың 
өзіне  тән  қиындықтары  бар  екені  де  рас.  Өйткені 
баска  елдерде  мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасып
терминдер
түсініктерді
налыстан  шығып  қалған  қазақ  тілінде  сөилету  үшін 
де  біраз  ізденуге  тура  келеді.  Ғылым,  білімі  ертерек 
дамыған  басқа  халықтар  тілінде  белгілі  бір  термин- 
ге  айналып  кеткен  ортақ  ұғымдарды  қазақ  тіліне  бір 
сөзбен  аударудың  мүмкін  болмай  жататын  кездері 
де  жиі  кездеседі.  Сондықтан  кейде  ол  ұғымдарды 
бірнеше  сөзбен тәптіштеп  түсіндіруге тырыстық.  Мы- 
салы  ең  қарапайым  орыс  тіліндегі  «прекрасное»  де- 
ген  сөздің  өзін  әсемдік  деп  аударып  жүргенімізге  де 
талай  уақыт  болды.  Бірақ  осы  аталған  атаудың  тер- 
мин  ретінде  дыбысталуы  да,  қазақша  мағынасы  да 
оншалықты  дәл  сәйкесе  бермейтінін  ішіміз  сезеді. 
Амал  қанша  қалыптасып  тұрақтанғанша,  екінші*бір 
баламасын  тапқанша  аталған  сөзді  місе  тұта  тұруға 
тура  келеді. Оған  шүкіршілік қыламыз.  Ал  «безобраз-


Мәмбетов Жолдасбек
ное»,  «низменное»,  «ужасное»  деген  эстетика  катего- 
рияларына  байланысты  терминдерді  қалай  аударуға 
болады?  Егер  сөздіктердегі  қолданылып  жүрген  ау- 
дармаларын  өзгертпей  қалдырсақ,  онда  ол  сөз  кейбір 
өнер түрлерінің мазмұнын ашпайды, мағынасы сәйкес 
келмейді, тіпті күлкілі жағдайға ұшырауы мүмкін. Мы- 
салы  «безобразное»  деген  сөз  көріксіз,  ұсқынсыз  деп 
беріліпті.  Жарайды  сурет  пен  мүсін ұсқынсыз болсын 
делік, ал музыка мен сөз өнері қалай ұсқынсыз болмақ? 
Сондықтан  уақытша  болса  да  оларды  шамамыз  жет- 
кенше  қазақшаға  аударып,  қасына  жақш а  ішіне  орыс
тіліндегі баламасын қоса беріп отырдық.
Аталған  еңбекті  жазу  барысында  беліілі  сыншы- 
ғалым Зейнолла Серікқалиұлының эстетикаға қатысты 
жазған еңбектерін басшылыққа алдық. Ғ алымның эсте- 
тика терминдері туралы толғамдарын да әрдайым жа- 
дымызда ұстауға тырыстық. Бірақ ол кісі қарасгырмай 
кеткен немесе қарастыруға уақыты жетпеген мәселелер 
ұшан-теңіз  екені  айдан  анық.  Біз  де  барлығын  бірдей 
бір  ізге  түсірдік,  күллі  эстетикаға,  оның  әдебиетпен 
байланысына қатысты негізгі мәселелерді түгел қамты- 
дық  десек  асылық  болар  еді.  Әркім  шамасына  қарай, 
өзінің  көзі  жеткен  ақиқат  шындықты  ғана  сөз  етері 
мәлім.  Сондықтан  біз  де  тек  қазақ  тілінде  шағын  да 
болса  әдебиеттің  эстетикалық  негіздеріне  қатысты, 
эстетиканың тарихы мен негізгі категорияларына бай- 
ланысты  ой-пікірлерді  ана  тілімізде  қағазға  түсіруді 
мақсат  тұттық.  Болашақта  тәуелсіз  елдің  өсіп  келе 
жатқан  ғылымға  бет  бұрған  жастары  бұл  саланы  да- 
мытар,  биік  белестерге  де  алып  шығар,  ал  біздікі  тек 
соларға жолбасшы болу ғана.

ЭСТЕТИКА ТАРИХЫ
стетика 
гректің 
«айстетикос» 
(сезі- 
летін)  деген  сөзінен  шыққан.  Ол  сөздің 
мағынасы  біз  қазір  қолданып  жүрген 
эстетика  ұғымымен  онша  сәйкесе  қоймайды. 
тика  тек  қана  ақыл-ойды  немесе  олардан  тыс  адам 
сезімдерін  ғана  қарастырады  десек  қателескен  болар 
едік. Бұл сөздің астарында оның екеуі де бар және ин- 
туиция  мен  елестету  (қиялдау),  армандауға  қатысты 
қасиеттер де осы ұғымның шеңберінде қарастырылады. 
Біз  эстетикалық  деген  ұғымға  тек  сезім  арқылы 
танығандарымызды  (қабылдағандарымызды)  жатқыза 
салмаймыз.  Эстетика  және  эсгетикалық  дегенде  біз 
өмір  мен  өнердегі  әсемдікті  қабылдаудан  бөліп  алып 
қарай  алмаймыз,  заттар  мен  құбылыстарды  өзгеше 
көркемдік  тұрғыдан  қабылдаудан  ажыратып  та  жат- 
паймыз.  Мұнан  эстетикаға  деген  адамзат  қауымының 
қызығушылығы  ол  сөздің, яки  эстетика деген атаудың 
пайда  болуынан  кейін  ғана  басталған  екен  деген  ой 
тумауы  керек.  Эстетикалық  мәселелер  ол  атау өмірге 
келмей  тұрып-ақ  пайда  болғаны  баршаға  аян.  Адам- 
зат  тарихында  эстетикалық  таным  тегінің  тарихы  өте 
көне  дәуірлерден  тамыр  тартатынын  бүгінгі  ғылым

Мәмбетов Жолдасбек
дәлелдеп отыр. Бірақ олар оны эстетика деп атын атап, 
түсін  түстей  қоймаған  болатын.  Оның  ғылым  ретінде 
орнығуын ғалым А. Қүлсариева өзінің «Эстетика» деген 
оқу құралында былайша түсіндіреді: «Эстетика ұғымын 
ғылыми қолданысқа ХҮПІ ғасырдың орта шенінде неміс 
философы  Александр  Баумгартен  енгізді.  Ол  эстети- 
каны  грек  тіліндегі  «айстетикос»  сөзінен  құрастырып 
шықты.  Этимологиялық  тұрғыдан  алған  «айстети- 
кос»  -   сезім,  сезіммен  қабылданатын  деген  мағынаға 
ие.  Этимологиялық түбірі  әлі күнге дейін  «анестезия» 
сөзінде кездеседі», -  дейді [2. 3 б.]. А. Баумгартен (1714- 
1762) адам ақыл-ойы арқылы жүйелі нақты түсіндіруге 
көне  бермейтін  құбылыстың  бар  екенін  мойындап, 
оған  танымның  ерекше  саласы  ретінде  эсгетикалық 
деген атау берген. Эстетика ғылымы -  адамның ақиқат 
шындықты көркем игеру заңдылықтарын, оны көркем
қабылдау заңдылықтарын зерттейді.
«Эстетика»  деген  созді  біз  күнделікті  өмірде  жиі
•  
•  
•  
•  
•  
а Я !
Адамдар
саласында
түсінікті, жалпыға ортақ ұғым сияқты әсер қалдырлды. 
Киім эстетикасы, кино эстетикасы, спектакль эстетика- 
сы, үй жабдықтары (шкаф, сандық, орындық, стол т.б.) 
эстетикасы  деп  айта  береміз.  Әрине  мұның  бәрі  қате 
екен  деп  айтуға  болмайды.  Бірақ  эстетика  негізінен
онер туралы философиялық ғылым.
Ғылым саласынан тыс «эстетика» сөзінің кең көлем- 
де  қолданылуы  оның  тарихи  даму  жолының  ұзақ- 
тығынан,  әр  алуан  ғылым  салаларымен  тығыз  байла- 
ныста болуынан, мазмұнның тереңдігінен болса керек.
Тұрмыстық  және  кәсіби  деңгейде  әр  алуан  түрде 
қолданылуына  қарамастан  (эстетика  деп  аталатын 
бұл  ұғым)  өнер  мен  өмірдегі,  табиғат  феномендерінің 
сезімдік  бейнелеу  қасиеттерін  жинақтаушы  бір  ғана 
принципке бағынады. Оны өз кезінде А. Баумгартен де
атап көрсеткен.

Әдебиеттін эстетикалык негіздері
Бірақ  эстетика  тарихы  әлемдік  ғылым  ретінде  өз
фологиялық
алады.
тутан
туралы
болғанда олардың адамды әр алуан көңіл-күйге түсіруі, 
жақсы мен жаманды айыра бастауы кейін эстетикалық 
талдау дәстүрінің негізі ретінде қаланды.
Расын  айтқанда  эстетика  ғылымының  өзі  әсемдік 
категориясының  негізінде  пайда  болды  деуге  болады. 
Қалған  категориялардың  барлығы  да  сол  әсемдіктен 
туындайтын  мәселелерге  қызмет  ететін,  бойлары- 
на  этикалық  және  діни  мазмұнды  қоса  сіңірген  ара- 
лас  (дүбәра)  категориялар  болып  саналады.  Мысалы, 
трагикалық  немесе  сентиментальдық  категориялар- 
да  эмоциональды  реңк басым,  сондықтан да  оны  таза 
эстетикалық деуден  гөрі,  эстетикалық-психологиялық
деген дұрысырақ сияқты.
«Өткеннің  бәрі  де  жақсы»  деген  қанатты  сөз 
бар.  Өзімізден  бұрын  өткен  нәрсені  біз  көріп  тани 
бермейміз,  біз  оны  біреулердің айтуымен ғана  танып, 
оның  эстетикалық  сипаты  туралы  топшылау  жасай- 
мыз. Мәселен, миф, аңыз, ертегілердегі сұлу қыздарды 
немесе табиғат сұлулығын біз көрмейміз, біз оны екінші 
бір адамның айтуымен, белгілі жеке тұлғаның санасын- 
да жаңғыртуымен ғана танимыз. Сондықтан да М. Бах- 
тин «өмірді эстетикаландыратын біздің санамыз»  (жа- 
дымыз)  деген  болатын.  Бір  кездегі  алабұртқан  көңіл- 
күй,  эмоционалды толқу адам  санасында  қорытылып, 
уақыт өте келе тұрақты сипатқа ие болады. Бұл әрине 
бастапқы  көңіл-күй,  алғашқы  эмоция  емес,  көптеген 
қосымша  элементтермен  араласқан  сол  сезім  туралы 
жинақталған  әңгіме  болып  шығады.  Композициялық 
бүтіндігі  мен  нақты  сипатына  қарап  оны  эстетикалық 
құрылым ретінде де қарастырамыз.

10 
Мәмбетов Жолдасбек
Эстетикалық  ілімнің  о  баста  философиямен  ті- 
келей  байланыста  дамығанын  білеміз.  Кейін  өз  да- 
муы  барысында  әр  алуан  ғылымдармен  кейде  жа- 
қындасып,  кейде  мүлде  басқа  салаларға  бағыт  түзеп, 
ауытқумен  болғанын  аңғаруға  болады.  Мысалы, 
антикалық  эстетикалық  ой  философиямен  бір  арна- 
да дамыса,  орта  ғасырларда  теологияға  жақын  болды, 
ал  қайта  өрлеу  дәуірі  тұсында  ұлы  суретшілер  мен 
композиторлардың нақты әсерімен көркем төжірибеге 
көбірек  мән  беріліп,  эстетика  өз  дамуында  негізінен 
соны  басшылыққа  алды.  Ал  ХҮП-ХУШ  ғасырларда 
көркем  сын  мен  публицистика  эстетиканың  одан  әрі
дамуына негіз болды.
Бұған қарағанда эстетиканың ғылым ретіндегі өз ор- 
нын нақты танып,  көрсету мүмкін емес, оны қандай да 
бір пәнге жатқызудың өзі қиын, өйткені зерттеушілердің 
субъективті  чөзқарастарына  орай  оның  зерттеу  пәні 
де  өзгермелі  болып  келеді.  Олай  болса,  бір  жағынан, 
жалпы  философиялық  талдау  компоненттерінің  бірі 
ретінде,  екінші  жағынан,  өнертануды  оқып-үйрету, 
зерттеу сипатына  қарап,  оның нақты  өз орнын,  айқын 
шекарасын белгілей қоймағанын аңғарамыз.
Расында  да  эстетика  ғылым  ретінде  пәнаралық  си- 
патқа ие. Эстетиканы меңгерудің қиындығының өзі оның 
бойында «от пен судың» қатар жүруінен болса керек.
Бұл  ғылымдағы  ең  маңыздысы  елестету  теория- 
сы  «біздің  сезгендеріміз,  біздің  санамыз  сыртқы 
әлемнің (дүниенің) образы ғана,  мұнан келіп шығатын 
қорытьгады  елес  елестетілетін  құбылыссыз  өмір  сүре 
алмайды,  ал  керісінше  елестетілетін  құбылыс  оны 
елестететінсіз де өмір сүре береді».
Мысалы неміс философы Гегель эстетиканың пред- 
меті  адамның  көркемдік  саладағы  әрекеті,  яғни  адам 
қолынан  туған  өнер,  өнердегі  әсемдік  деп  түсіндірді. 
Егер  оның  айтқанымен  келісер  болсақ  эстетика  ғы- 
лымы  танымын  тарылтып  алған  болар  едік.  Онда

Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
11
табиғат тудырған әсем құбылыстарға адамның сүйсіне 
қарап,  ләззат  алуын  жоққа  шығаруға  тура  келеді. 
Көрнекті  алаш  әдебиеттанушысы  А.  Байтұрсынов  та 
өзінің  «Әдебиеттанытқыш»  деген  еңбегінде  өнерге 
ғылыми  талдау  жасай  келіп,  «табиғат  ісінен  шыққан 
жаратынды  нәрселердің  бәрі  табиғат  дүниесі  бола- 
ды,  адам  ісінен  шыққан  жасалынды  нәрселердің  бәрі 
өнер дүниесі болады; өйткені жасалынды нәрселердің 
істеліп  шығуына  адам  ақылы,  әдіс-амалы,  шеберлігі, 
өнер  күші  кіріскен», -  деген  тұжырым  жасаған  [3.  340 
б.].  Әрине  бұл  пікірдің  айтылғанына  да  бір  ғасырға 
жуық уақыт  өтті.  А.  Байтұрсыновтың  өз  кезінде  өнер 
туралы  Гегель  пайымдауларымен  үндес  пікір  айтып 
отырғандығы  да  сондықтан.  Ол  Гегельді  оқыды  ма, 
оқымады  ма  бізге  беймәлім,  бірақ  оның  эстетикалық 
ой-тұжырымдарымен орыс  ғалымдары  арқылы  таныс
болғанына шүбә келтіре алмаймыз.
Эстетика философияның бір тармағы. Сондықтан да 
өз тарихын адамзат баласы саналы өмір сүре бастаған 
тұстан  алады.  Ежелгі  шығыс  халықтарынан  шыққан 
философтар  сол  ерте дәуірлердің өзінде  сөз  өнерінің, 
музыканың адамға, жалпы қоғамға әсері туралы әр алу- 
ан пікірлерін жазып қалдырған. Мысыр, Вавилон, Үнді, 
Қытай,  Шумер  жазбаларының  кейбір  бізге  жеткен 
үзінділерінен біз мұны анық аңғарамыз. Бірақ олардың 
ішіндегі  бізге  ең  нақты  мағлұмат  берегіні  ежелгі  Гре- 
кия.  Ежелгі  Грекияны  К.  Маркс  «адамзат  қоғамының 
балалық кезеңі» деп атаған. Грекия еуропалық әлемнің, 
еуропалық ғылым  мен өркениеттің бастауында тұрған 
ел.  Біз  сол  грек  ғалымдарының  ой-пікірлерінен  ба- 
рынша  тұжырымды,  нақты  эстетика  іліміне  қатысты 
идеялық жаңалықтарды кездестіре аламыз.
Грекияда да эстетика басқа ғылымдар секілді фило- 
софиялық  ілімнің  бір  саласы  регінде  ғана  дамып, 
өркендеді.  Сондықтан  да  Грекияда  алғашқы  эстети- 
каны  зерттеген  ғалымдардың  философтар  болғанына

12
Мэмбетов Жолдасбек
таңғалудың  керегі  жоқ.  Бұл  дәстүр  ғылымда  күні  ке- 
шеге  дейін  жалғасып  келді.  Мысалы,  эстетиканы  ба- 
рынша  терең  зерттеген  ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүрген 
неміс ғалымдары Ф. Гегель мең И. Канттар да кемеңгер 
философтар  болатын.  Бұған  қарап  эстетиканы  алға 
жылжытқан тек қана  философтар екен,  басқалар  оған 
араласпаған екен деген ой тумауы керек. Мысалы, атта- 
ры әлемге әйгілі, атақты ақын-жазушылар, суретшілер, 
мүсіншілер,  музыканттар  да  өз  кезінде  эсгетиканың 
алға дамуына өз үлестерін қосты.
«Әлемдік эстетика өнер түрлерінің іууын қоғамдық 
дамумен сабақтас қарайды. Бұл тұрғыдан архитектура 
(сәулет  өнері)  техникамен,  қоғамньщ  экономикалық 
қарым-қатынастарымен  өте  тығыз  байланысып  жа- 
тыр»  -   деген  әдебиеттанушы  ғалым  Р.  Нұрғалиевтің 
пікірін есте ұстаған абзал [4.14 б.].
Ежелгі  Грекиядагы  көркемдік  ойдың  пайда  болу, 
даму сипатын толық түсіну үшін сол дәуірдегі ойшыл- 
дардың өнер туралы пікірлерімен толық танысып шығу 
жеткіліксіз, олардан басқа сол ойшылдар дүниеге кел- 
ген  уақыт  пен  кеңістіктің  шынайы  мәдени  әлеуметтік 
негізін,  олар туып-өскен,  көзқарастары  мен  көркемдік 
танымдары  қалыптасқан  ортаның  жай-жапсарын 
терең зерттеп түсінуге тиіспіз.
Классикалық антика дәуірінде өнердің эстетикалық 
ерекшеліктері  қалай  зерттелгенін  талқыға  салмас 
бұрын  сол  антикалық  кезеңдегі  театр,  музыка,  сәулет 
өнері,  мүсін  және сурет өнері  қалай  жасалды,  оларды 
қандай  эстетикалық  талгамға  негіздеп  жасады,  ол  ту- 
ындылар қандай көркемдік қажеттіліктерге жауап бере 
алды деген мәселелер төңірегінде ойланып алғанымыз 
жөн.
Біз  классикалық  антика  кезеңі  деп  біздің  жыл 
санауымызға  дейінгі  ҮІ  ғасырдан  ІҮ  ғасырға  дейінгі 
аралықты,  яғни  грек  ақсүйектер  полисінің  гүлденуі 
мен  құлдырап  қирауына  дейінгі  екі  жүз  жылдан

Әдебиеттің эстетикалык, негіздері
13
,  аса  уақытты  қамтитын  кезеңді  атаймыз.  Әлемдік 
классикалық  әдебиетгің  басында  тұрған  Эсхил,  Со- 
|  фокл,  Еврепид,  Аристофан  секілді  драматургтер  дәл

  осы  уақытта  сөз  өнері  аспанында  жарқырай  көрініп,

  ертедегі  гректердің  трагедия  және  комедия  жанр- 
|  ларын  бұрын  адамзат  баласы  қол  жеткізе  алмаған 
:  шырқау  биіктерге  көтерді.  Бейнелеу  өнері  де  ерекше
қарқынмен  дамыды.  Сурет  өнері  туындылары  біздің 
?  заманымызға  дейін  сақталып  жетпесе  де  сол  кезден 
қалған  жазба  деректер  Аполлодор,  Полигнот,  Зевк- 
сис сияқты  әйгілі  шебер  суретшілердің болғаны  іура- 
Г лы маңызды мәліметтер қалдырған. Сол көне дәуірдің 
і  өзінде  гректерде  суреттерді  сақтап,  көрме  өткізетін 
|  «Пинакотек» деп аталатын арнайы  ғимараттар болған 
деседі. Жылына бірнеше рет сурет өнерінің көрмелері 
ұйымдастырылып, бейнелеу өнерінің майталман білгір 
сьшшылары  салынған  суреттердің  артықшылықтары 
I  мен кемшіліктері туралы өз ой-пікірлерін ортаға сала- 
тын болған. Ол нағыз өнер мерекесі ретінде тойланып, 
шебер  суретшілер жүлде алып,  атақтары шартарапқа 
жайылып жатады екен.
Ал  «тастан  қашалған  адамдар  мен  жан-жануар- 
лардың  мүсіндері  көшеде  жүрген  тірі  адамдардан  да 
көп  еді»  деген  Плутархтың  сөзі  сол  замандағы  грек 
халқының  өнерге  деген  керемет  ынта-ықыласын, 
көзқарасын  айқын  танытса  керек.  Сол  кезден  қалған 
дене бігімі сымбатты ер жігіт пен сұлу әйел  мүсіндері 
туралы жазылған мына сипаттаманы осы арада  толық 
келтіргенді жөн санап отырмыз.
«Монументтік  мүсінге  ерекше  тән  ер  жүрек  ат- 
лет-сарбаз  типі  б.э.  бұрынғы  VI  ғасырдың  бедерлі 
бейнелерінде жиі кездеседі. Б.э. бұрынғы 510 жыл ша- 
масында  афинылық  шебер  Аристокл  Аристионның 
бейнесі  сальгаған  мәрмәр  құлпытас  жасады.  Оның 
кеудесіндегі қалың был ғары сауытының астынан хитоны 
көрінеді, басында дулыға, аяғында қола саптама сауыт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет