ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі380,1 Kb.
#778

www.sven.fi

ПАЙДАЛАНУ 

ЖӨНІНДЕГІ

НҰСҚАУЛЫҚ

Мультимедиялық USB

акустикалық жүйеci 2.0

SVEN 120

SVEN 150

SVEN 170

1

KAZ

Пайдалану

жөніндегі нұсқаулық

SVEN 120

SVEN 150

SVEN 170

1

2

2

2

3

4

5

МАЗМҰНЫ

1. САТЫП АЛУШЫҒА ҰСЫНЫС .............................................................

2.  ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ .......................................................................

3.  ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ...............................................................

4. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАУ ................................................................

5. ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ  ...................................................

6. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ ........................................................................

7. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР .........................................................

Техникалық қолдау www.sven.fi сайтында орналасқан.

Осында Сіз осы Нұсқаулықтың жаңартылған нұсқауын таба аласыз.

ТМ SVEN акустикалық жүйесiн сатып алганыңыз үшiн ризамыз!

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

© 2015. SVEN PTE. LTD. 1.0 (V 1.0) нұсқасы.

Осы Нұсқау және соның ішіндегі ақпарат авторлық құқықпен қорғалған. Барлық құқықтар 

қорғалған.



САУДА МАРКАЛАРЫ

Барлық сауда маркалары олардың заңды иелерінің меншігі болып табылады.



ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСКЕРТПЕ

Нұсқаулық  барынша  дәл  болу  үшін  барлық  күш  салынғанына  қарамастан,  кейбір  сәйкес- 

сіздіктер  болуы  мүмкін.  Осы  Нұсқаулықтың  ақпараты  «дәл  солай»  шарттарында  берілді. 

Автор  мен  баспагер  осы  Нұсқаулықтағы  ақпараттың  кесірінен  келтірілген  залал  үшін 

біреудің немесе ұйымның алдында ешбір жауап бермейді.

1. САТЫП АЛУШЫҒА ҰСЫНЫС

  Бұйымды  ақырын  ашып,  қораптың  ішінде  қандай  да  бір  жабдықтар  қалып  қоймағанын 

үшін тексеріңіз. Құрылғыға залал келмегенін тексеріңіз. Тасымалдау кезінде бұйымға залал

келтірілсе, жеткізетін фирмамен хабарласыңыз; бұйым жұмыс істемейтін болса, бірден са- 

тушымен хабарласыңыз. 



  Жиынтықтылық  пен  кепілдік  талонның  болуын  тексеріңіз.  Кепілдік  талонда  дүкеннің  мөрі, 

сатушының анық қойылған қолы немесе дүкеннің мөртабаны және сатылған күні қойылғанын, 

тауардың  нөмірі  талонда  көрсетілгенмен  сәйкес  келетініне  көзіңізді  жеткізіңіз.  Есіңізде  сақ- 

таңыз, кепілдік талон жоғалып немесе нөмірлері сәйкес келмеген жағдайда Сіз кепілдік жөн- 

деу жасау құқығыңыздан айырыласыз. 

  Бұйымды  температурасы  төмен  қоршаған  ортадан  кіргізгеннен  кейін  бірден  қоспаңыз! 

Орауыштан  алынған  бұйымды  бөлме  температурасында  4  сағаттан  кем  емес  уақыттай 

ұстау қажет.

 Бұйымды орнатып қолданудың алдында, осы Нұсқаулықты мұқият оқып шығып, пайда- 

лану мерзімі ішінде сақтаңыз.



2

KAZ

Мультимедиялық USB

акустикалық жүйеci 2.0

2. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ

 Колонкалар – 2 дана

 Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана

 Кепілдік талоны – 1 дана

3. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

 АЖ-н  ашпаңыз  және  өз  бетіңізбен  жөндемеңіз.  Қызмет  көрсету  мен  жөндеуді  уәкілетті 

рвис  орталықтарының  білікті  мамандары  ғана  жүзеге  асыра  алады.  Уәкілетті  сервис 

орталықтарының тізімін www.sven.fi сайтынан көре аласыз.

  АЖ-нің  колонкаларының  арасында,  дыбыс  зорайтқыштың  корпусына  және  жерге  сым- 

дардың  (соның  ішінде  «жерлендірілген»)  тұйықталуына  жол  бермеңіз,  себебі  дыбыс  зо- 

райтқыштың шығу каскадтары істен шығады.

 АЖ-нің тесіктеріне басқа заттардың түсіп кетпеуінен сақтаңыз.

 АЖ-ні жоғары ылғалдан, су және шаң тигеннен сақтаңыз.

 АЖ-ні қызып кетуден сақтаңыз: қыздырғыш аспаптарға 1 м-ден жақын орнатпаңыз. Тіке 

күн сәулесінен аулақ ұстаңыз.



 АЖ-не және жүйенің маңынаашық жалыны бар ешқандай аспапты орнатпаңыз.

 АЖ-ні тазарту үшін химиялық реагенттерді қолданбаңыз, жұмсақ құрғақ матаны пайдала- 

ныңыз.


 Егер  АЖ  жұмыс  істемесе  бірден  кабельді  суырып,  оны  сатып  алған  дүкенге  хабар- 

ласыңыз.


4. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАУ

Sven  120,  Sven  150,  Sven  170  акустикалық  жүйесі  (АЖ)  әуенді  шығаруға  және  ойындар, 

фильмдер  және  т.б.  дыбыстандыруға  арналған.  АЖ-да  кіріктірілген  мостылы  күшейткіш 

жіне  де  акустикалық  және  сигналды  кабельдер  бар,  соның  арқасында  ДК-ге,  ноутбукке, 

МР3 немесе CD-плеерге, немесе басқа да дыбыс көздеріне қосыла алады. 

АЖ ерекшелігі

 U.S.S. (Ultra Sound System) – АВ класының күшейткіштерінен 4 есе көп шығыс қуаты бар 

кіріктірмелі төселген күшейткіш



 Акустикалық жүйе РС, DVD/Media-ойнатқыштармен, ұялы телефондармен және басқа да 

дыбыс құрылғыларымен үйлесімді



 Қуат көзін USB порты арқылы ДК, ноутбуктің немесе 5V DC қуат көзі блогынан алады

 Кабельде дыбыс деңгейін реттеу

 Сигнал көздеріне қосыла алатын mini-jack 3,5 мм кіріктірмелі сигналды кабелі бар

 Колонкалар корпусының материалы – пластик

KAZ

SVEN 120

SVEN 150

SVEN 170

3

USB


ДК

mini-jack

Ø 3,5 мм

5. ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

АЖ орналасуы

• Колонкаларды тыңдаушыға қарай симметриялық түрде бір метр қашықтықта орнатыңыз

• Аса сезгіш мониторлар мен теледидарларда бейнелердің сәл бұрмалануы болуы мүмкін, 

сондықтан АЖ-ні олардан алысырақ орнатыңыз.



АЖ қосылуы

Sven 120, Sven 150, Sven 170 акустикалық жүйесі аудиосигналдың кез келген қуат көздеріне 

қосыла алады: DVD/CD, ДК-дің дыбыс картасына (Қосу схемасы).

•  Қосардың  алдында  АЖ  желіден  ажыратылғанына  көз  жеткізіңіз.  3,5  мм  mini-jack  бар 

кіріктірілген сигналды кабельді дыбыс көзінің аудиошығысына қосыңыз, мысалы, төмендегі 

схемада көрсетілгендей етіп компьютердің аудиошығысына қосыңыз.

• Белсенді колонкадағы кіріктірмелі USB-кабелінің көмегімен компьютердің (ноутбуктың не

5V DC қуат көзі блогының) USB порты мен USB ажырандыны қосыңыз. 



•  Кабельдегі  VOLUME  +/-  реттеуішін  сағат  тіліне  қарсы  тірелгенше  бұрап,  жалпы  дыбыс 

деңгейін барынша азайтыңыз.



•  Компьютердің қуат көзін қосыңыз, сосын аудиосигнал көзін қосыңыз.

 Жалпы дыбыс деңгейін VOLUME +/- реттеуішін бұрау арқылы реттеңіз.

Ескерту:

  Қолданып  болғаннан  кейін  АЖ-нің  USB-кабелін  компьютердің,  ноутбуктың  не  5V  DC 

қуат көзі блогының USB-портынан ажыратуды ұмытпаңыз. 

  Дыбыс  шығару  сапасын  арттыру  үшін  LINE-OUT  дыбыс  картасының  шығысын  пай- 

даланыңыз.

Қосу схемасы

дыбыс

реттеуішін



Пайдалану

жөніндегі нұсқаулық

KAZ

Мультимедиялық USB

акустикалық жүйеci 2.0

4

6. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ

Жарамсыздық

АЖ қосылмайды.

Дыбысы жоқ.

АЖ-нің колонкала- 

рында дыбысы тым 

жай шығады.

Дыбыс қате     

шығады.


Себебі

Желіге қосылм.

Желі ажыратқышы қосылмаған.

Дыбыс қаттылығының реттеуіші 

барынша басулы.

Аудиосигнал көзі дұрыс қосылмаған.

Дыбыс қаттылығының реттеуіші 

барынша басулы.

Кіріс сигналының амплитудасы 

жоғары.


Жою жолы

Желіге қосылуын тексеріңіз.

Ажыратқышты қосыңыз.

Дыбыс қаттылығының 

реттеуішін ретке келтіріңіз.

Сигнал көздерін дұрыс 

қосыңыз.

Дыбыс қаттылығының 

реттеуішін ретке келтіріңіз.

АЖ-і мен сигнал көздерінде 

дыбыс қаттылығының реттеуіш- 

терімен кіріс сигналының 

көлемін азайтыңыз.

Жоғарыда  аталған  жолдардың  біреуі  де  мәселені  шешпесе,  жақын  жердегі  сервис-орта- 

лығына кәсіптік кеңес алу үшін хабарласыңыз. Бұйымды өз бетіңізбен жөндемеңіз.


KAZ

SVEN 120

SVEN 150

SVEN 170

5

7. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

Ескертулер:

• Кестеде келтірілген техникалық сипаттамалар анықтамалық және наразы білдіру үшін 

негізі болып табылмайды.

• SVEN сауда маркасының өнімдері үнемі жетілдіріледі. Сол себептен техникалық си- 

паттамаар және жиынтықтылық алдын ала ескертілмей өзгеруі мүмкін.

Сипаттамалар 

және өлшем бірліктері

Шығу қуаты (RMS), Вт

Жиілік диапазоны, Гц

Динамиктер диаметрі, мм

Қуат көзі кернеуі, В

USB кабелінің ұзындығы, м

Ø 3,5 мм mini-jack-пен кабельдің ұзындығы, м

Өлшемдері (бір колонканың) (Е × Б × Т), мм

Салмағы, кг

SVEN 120

5 (2 × 2,5)

100 – 20 000

Ø 45


USB/DC 5

1,3


1,3

65 × 65 × 65

0,31

SVEN 150

5 (2 × 2,5)

100 – 20 000

Ø 45


USB/DC 5

1,3


1,3

75 × 75 × 75

0,32

SVEN 170

5 (2 × 2,5)

100 – 20 000

Ø 45


USB/DC 5

1,3


1,3

85 × 85 × 70

0,345

Мәні

Пайдалану

жөніндегі нұсқаулық


Мультимедиялық USB

акустикалық жүйеci 2.0

Үлгi: 


SVEN 120, SVEN 150, SVEN 170

Импортерлер CM SVEN Қазақстан республикасында:

«ST Networks» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

050013, Алматы, Республика алаңы, Фурманов

көшесінің бұрылысы, yй 13/195, 13Б кеңсе,

тел: +7 (727) 266 36 13, e-mail: info@stn.kz.

«Alon Logistics» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 117.

Сапа жөніндегі талап-тілектерді Қазақстан

Республикасы аумағында «О-Си-Эс Казахстан»

ЖШС-гі қабылдайды. Мекенжай: Қазақстан

Республикасы, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 117,

тел.: +7 (727) 352-86-68, e-mail: kz@ocs.ru.

Өндіруші: «СВЕН ПТЕ. Лимитед», 176 Джу Чиат Роуд,

№ 02-02, Сингапур, 427447. «Свен Скандинавия

Лимитед» бақылауымен өндірілді, 48310,

Финляндия, Котка, Котолахдентие, 15.

Manufacturer: SVEN PTE. LTD, 176 Joo Chiat Road,

№ 02-02, Singapore, 427447. Produced under the 

control of Oy Sven Scandinavia Ltd. 15, Kotolahdentie, 



Kotka, Finland, 48310. Made in China.

® Registered Trademark of Oy SVEN

Scandinavia Ltd. Finland.

SVEN 120

SVEN 150

SVEN 170


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет