Жорғалаушылар класы



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі21,53 Kb.
#22784
  1   2   3   4

Жорғалаушылар класы

Жер шарындағы түр саны

8 000 түр

Тіршілік ортасы

Тек құрлық. Суда тіршілік ететін түрлері екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген, тек өкпесімен тыныс алады.

Негізгі отрядтары

1.Тұмсықбастылар отряды. 2.Қабыршақтылар отряды. 3.Тасбақалар отряды.

4.Крокодилдер отряды.



Пайда болды

Палеозойда пайда болған. 165 млн жылға созылған мезозой заманы

«Жорғалаушылар ғасыры» деп аталады. Жорғалаушылар эволюциясының 1-ші тармағында тасбақалар шықты, 2-ші тармағында кесірткелер шықты.

Мезозойда ұшатын түрлері болған.


Дене құрылысы

Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан (саусақ ұшында мүйізді тырнақтары бар). Жыландар және

аяқсыз кесірткелерде аяқтары болмайды.



Тері жабыны

Терісі – мүйізді, қабыршақты, үнемі құрғақ, бездері өте аз немесе болмайды,

өсу кезінде – терісі түсіп, түлейді





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет