Жоспар: Ғұмар Қараш кім?



Pdf көрінісі
Дата01.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#88624


Ғұмар Қараш
(1875-1921)


Жоспар:
Ғұмар Қараш кім?
Шығармашылығы
Өлеңдер жинағы
Зерттеу кітаптары


Ғұмар Қараш кім?
көрнекті ақын, ойшыл-философ
халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға
үндеген қайраткер-ағартушы
дін-шариғат, имандық жолын, араб, парсы, түрік
тілдерін жетік білген ғұлама-ахун
баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері
хақында үзбей ой толғаған қаламгер


1875 жылы Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданында туған
Әкеден жастай жетім қалып, ағайын-туыс
қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып,
хат таниды
1902-1910 жылдары өз ауылында жәдитше
бала оқытқан


Шығармашылығы
1917 жылы Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан "Алаш"
партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап,
"Алаш азаматтарына" атты арман мен үмітке толы өлең
жариялаған.
Ол қоғамды күшпен өзгертуді қаламаған. Осыған орай
"Неден қорқам?", "Күн туды" өлеңдері шыққан.


Ақ жүрек азаматтар, асқар күнің
Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің;
Дұрыстық ел қамында еткен істі,
Қол соғып, қошеметтеп қостар күнің;
Күш қосып, қол ұстасып сөз бекітіп,
Арадан алалықты тастар күнің;
Адасқан қойдай шулап ерген елді,
Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің;
Аңқылдап Алаш ұлы сеніп отыр.
Орнынан шығып, соны растар күнің!
Алаш азаматтарына


Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және
"Алаш" партиясына үмітпен қарайды. Осыған
орай "Көреміз бе?", "Келер ме екен?" өлеңдері
жарық көреді.


Көреміз бе?
Жарық жолға бастаушыға ереміз бе,
Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе?
Таза қанды, кірсіз жанды қазақ жұрты
Өз алдына ел болғанын көреміз бе?
Алдын-артын мейлінше байқап алып,
Төңіректе не бар, не жоқ көзін салып,
Өз тізгінін қазақ ұлы өзіне алып,
Өз алдына жұрт болғанын көреміз бе?
Жас буынға жаңа таза білім беріп,
Надандықты терең қазып жерге көміп.
Қазақ-тағы өзі күнін өзі көріп,
Өз алдына ел болғанын көреміз бе?


Күн туды
Екі талай іс болып, 
Елге қиын күн туды. 
Аспанда ай, күн тұтылып, 
Жер-жиһанды қан жуды. 
Көзі ашық елдер қам қылып, 
Ертерек бекем бел буды.
Тіршілік керек бізге де, 
Қоялық енді қалғуды. 
Қара қазан қамы үшін,
Ер азамат жиналып,
Қорғалық мынау жер, суды. 
Сыналатын ерлігің, 
Сақталатын серлігің,
Көрінетін елдігің, 
Күн туды, Алаш! Күн туды. 
Төңірекке көз салсаң, 
Оңған елден үлгі алсаң, 
Жұртшылықтың жолында, 
Қарулансаң, қармансаң, 
Қолыңа алған әр істе 
Тазалықты қолдансаң, 
"Алаш" атты ел болып, 
Адамдықты табарсың.
Қарулансаң, қармансаң, 
Қолыңа алған әр істе 
Тазалықты қолдансаң, 
"Алаш" атты ел болып,
Адамдықты табарсың.
Жаман бұқа сияқты
Бұзау бағып шықпасаң, 


Жатқа қылар қару жоқ, 
Бір-біріңді мықтасаң, 
Елдік етіп, бас қосып, 
Байланған сөзді ұқпасаң, 
Шілдей тозып әр жерде, 
Құлшылықты қаларсың. 
Терезеңді тең етіп,
Теңгеріліп ер жетіп,
"Алаш" деп ұран шақырып,
Шапқан шөптей жапырып,
"Бауырым" деп бас қосып,
Малта жесіп, е десіп, 
Дос-жарыңды күлдіріп, 
Дұспанды іштен тындырып, 
Іс қыла алсаң қылатын, 
Ел бола алсаң болатын, 
Күн туды, Алаш, күн туды.


Неден қорқам?
Аждаhа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам.
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам.
Ертеден кешке дейін бір іс етпес,
Жатып іш жалқау – дені саудан қорқам.
Кім көрсе, соған айтқан сырдан қорқам,
Әңгіме сырдың түбі – жырдан қорқам.
Сүзіліп, сопысынып дінді сатқан,
Таңқы мұрт, таспа қара сұрдан қорқам.
Бұлғақтап құр білімсіз, ағымға еріп,
Білгенді еліктеген зырдан қорқам.
Асығыс істей салған істен қорқам,
Қандары тасқан қара күштен қорқам.


Дос болып бірге жүріп қастық етіп,
Тысына қайшы келген іштен қорқам,
Көруге бек әдемі болса-дағы,
Құбылма тез оңатын түстен қорқам.
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
«Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам.
Істері адамдыққа жанаспаған,
Жануар – екі аяқты аңнан қорқам.
Көлеңке елестеген бойдан қорқам,
Түс көріп, өң деп ұққан ойдан қорқам.
Теңгеріп жарлы байды, құрып жұмақ,
Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам.
«Теңгердім, той жасадым жұрт үшін» деп,
Жер-жерде шалған құрбан қойдан қорқам.
Ұжмақ көктен жерге енбек емес,
Мезгілсіз бір нәрсе де келмек емес.


Өзің ту, ұл тусаң да, қыз тусаң да,
Әкеліп біреу саған бермек емес.
Табиғат заңы, жолы өзіне хас,
Ешкімнің жетегіне жүрмек емес.
Адаспа, андық етпе, адам ұлы,
Көрінген о бір сағым көзіне елес.
Сағымды «су таптым» деп жұрт жинасаң,
Жындыға айтар сөз жоқ құрып кеңес.


Өлеңдер жинағы
"Бала тұлпар" 1911 жылы Уфа қаласында жарық көрген
"Тумыш" 1911 жылы Уфа қаласында жарық көрген
"Қарлығаш" 1911 жылы Қазан қаласында басылған
"Аға тұлпар" 1914 жылы Орынбор қаласында шыққан
"Тұрымтай" 1918 жылы Уфа қаласында басылған


Зерттеу кітаптары
"Ойға келген пікірлерім" (Орынбор, 1910)
"Өрнек" (Уфа, 1911)
"Бәдел қажы" (Қазан, 1913)


Ғұмардың "Тумыштағы" өлеңдері ел ағаларымен
және имандылық жолын ұстар моллалармен
сырласу сипатында. Ақын жинаққа енген
өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесін, әйел-ана рөлін,
ғылым білімнен кенже қалған надандықты
тебірене толғап, халыққа қызмет етуді
насихаттайды.


Дәріс айт, шәкірт жина, ғылымың шаш, 
Қыл пида ғылым үшін мал менен бас, 
һәр заман біліктінің жолдысы артық 
Оқу біл, ғылым үйрен, көзіңді аш. 
Дұрыс бер, дәріс берсең теріс берме, 
Адаспай тура жолдан аяғың бас. 
Үйреткен надан, тентек сопыларың
Жатпасын тез қасында қисық ағаш. 
Шын сопы ғылым иесі — о бір rayhap,
Мысалы надан сопы - бір қара тас.
Халық соры осы күні кесірлі су 
Надан шеих, тентек сопы екі жолдас. 
- Надан шеих діннің соры, күннің соры 
Бір қашпа надан шейхтан, мың кері қаш. 
Құран - шам, ақыл - басшы, ғылым - құрал, 
Құралсыз шекпе сапар жолын болмас. 
Айрылма жатсаң-тұрсаң Құранды ұста, 
Жол бастар қараңғыда о бір компас. 
Бұл үшін - бір атадан, бір анадан 
Қарайлас біреуіне бірі жалғас.


"Қарлығаш" өлеңдер жинағы
Ұсынар жолы: тырбану, қарекет ету. Ақын оны құдай
да: "Қарекет етсең, жарылғармын" деген деп
толғайды. Ел үстінен күн көрген надан сопыларды
сынайды. Өнер-білімге ұмтылмай енжар жүрген
халықтың қырсыз-жалқаулығына ашына тіл қатады.


Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен, 
Қаш жырақ, әдебі жоқ істен жирен
Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың, 
Әдепсіз, жоқ мінезі тәңірі сүйген. 
Мінезін, оның қалай тәңірі сүйсін, 
Өзінен кесірі асып жұртқа тиген. 
Қарттардың бұрынғы өткен айтқаны сол, 
Тентек деп, ұяты жоқ суға сиген. 
Білікті, өнері сол оңған елдер, 
Олардың жасы, қарты әдеп білген. 
Көрмессің, ол елдерде біздегідей, 
Сұмырайды жөнді білмей қисық жүрген.
Белгілі өнерінің арқасында, 
Татымды ғұмыр етіп рахат сүрген. 
Келеді надандықтан әдепсіздік 
Болмайды, одан хлас надан күймен 
Біледі жамандықты жақсылық деп, 
Көзі жоқ надан сокыр нені көрген?! 
Наданның исі шығып білінеді 
Сәлемді жетіп келіп берген жерден.
Әдеп


"Аға тұлпар" өлеңдер жинағы
Ақынның қасірет-қайғысы: патша отаршылары
еркіндеп қазақтың бағзы қоныстан айырылуы;
ары, діні мал болып ел ағасы жетім-жесірге
қарамай, атақ, дәреже үшін арын сатуы;
екіжүзділік, паңдық, арызқойлық, жікшілдік, елдің
азуы. 
Халықты өнер, білім жолына бастауды жастарға
ғана аманат етеді, соларға үміт артады.


"Тұрымтай" жинағы
Жинақтың алғашқы бетінде екі нәрсені аңғартады.
Бірі - тұрымтай ызғарымен торғайларды қуу,
екінші - пәни дүниенің жалғандығы. 
Ақын торғайды елді талаушы әкімдер бейнесінде
алады.


Пайдаланылған әдебиет:
"Ғұмар" Арыс баспасы, Алматы 2002


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет