Жоспар Ғұндардың мәдениеті



Дата06.04.2022
өлшемі23,41 Kb.
#30057


Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері



Орындаған: Аманкелді Айзада

1602-11


Қабылдаған: Мантаева Тоты


Жоспар

  1. Ғұндардың мәдениеті

  2. Наным-сенімдері

  3. Мифологиясы

Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшиенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды.

Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.

Б.з.б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.

Ғұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата-бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет-ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт-дәстүрлерді түгел ұстанған.

Ғұндар көсемін тәңірқұт деп атаған. Ол «көк пен жерден туған, күн мен ай тағайындаған» деген мағынаны білдіреді. Ғұндар жыл сайын көктемде өздерінің «ата-бабаларына, көкке, жерге және аруақтарға» құрбан шалып отырған. Күн сайын тәңірқұт Тәңірге: таңертең шыққан күнге, кешке айға сыйынған. Ғибадат ету рәсімі жұлдыздар мен айдың орналасуына қарай орындалған. Яғни, ғұндардың өз жұлдызнамасы болған. Тоқетерін айтқанда, сыйыну бағышталатын нысан Көк Аспан мен оның Жоғарғы Құдайы – Тәңір болған.

Көне пайымдар бойынша, аруақтар – адамдардың табиғатынан өзгеше, тірі жан иелері. Олардан қорыққан, сондықтан қайырсадақамен көңілін аулаған. Аруақтар күшті, бірақ шексіз құдіретті емес. Табиғатынан мейірбан да, қаскөй де емес. Бірақ кейде зиянкестік те келтіреді, кейде пайдалы да бола алады.

Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік табытқа салып, сән-салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет етуі үшін достары мен кәнизактарын20 құрбандыққа шалған. Құрбандыққа адам шалудың осынау қатыгез ғұрпы тәңірқұтты немесе атақты бекзаданы о дүниеге шығарып салу рәсімімен шектелмейді. Жауынгерлерге де құрбандыққа ержүрек тұтқындар шалынды. Аруақтар болашаққа сәуегейлік айтатын абыздар арқылы құрбандық талап етті.

Алыс елдерге жасаған жорықтары кезінде ғұндар Шығыс пен Батыстың түсініктерін саналарына қатар сіңіріп, оларды ерекше үлгіде ұштастырды. Үндістаннан олар буддизм сипаттарын қабылдады, Еуропада христиандыққа құрметпен қарады. Мысалы, Еуропа ғұндарының көсемі Аттиланы Мәңгілік қала – Римнің түбіне келгенде Рим Папасы Пий төртіншінің елшілігі тоқтатқан. Оның сөзін жерге тастамаған ғұндар көсемі өз сарбаздарын айналма жолмен әкетіп, қорғаныс қаланы тонатқызбаған.

Ғұн дəуірінен сақталған «Дың сұлу» аңызындағы мифологиялық таным мазмұнын ескі қазақ жазба тілі жəдігері болып табылатын «Түркі шежіресі» мен “Жамиғат тауарихтан” да кездестіруге болады. Белгілі ғалым Ə.Марғұланның көрсетуінше, ғұндардың «Дың сұлу» тарихи аңызында бір ханның ерекше сұлу екі қызы болады, хан мұндай ерекше сұлу қыздарын жапан түзде салынған «дың» мұнара ішінде сақтайды. Осы арада оның қыздарына бөрі ғашық болып, күн нұры дарып, олардан көп ұрпақтар тарайды [11, 6 б.]. Бұл ұғымның ескі жазба тілде де кездесуі, арғы мифтік сананың ұзақ уақытқа дейінгі əсерін байқатады. Мысалы “Түркі шежіресі” мен “Жамиғат тауарихта” да Алнақуа атты əйелдің асқан сұлу болғандығы, сондықтан да оған Алланың қолдауымен нұр дарып, батыр ұлдарды дүниеге əкелгені айтылады:

Бір кече иатыб ерді сахар уақытында ойанғанда түңлікден бір иарұқ нəмерсе келіб кірді, іүндей көрдікім… Аланқу көргенін айтды … Бұ сөзні ешіткенден соң… көб халық күнде үйүнің атырафында сықалаб иатдылар тақы нəубет бірлəн ойғақ олтұрдылар бірнече күнден соң сахар уақытында түңлікден үйүнің ічіне түшкен афтабдай иарық тұра тұрған нəмерсе асмандын пайда болды ол көрген кіші қатында иатқанларны барчасын тұрғыздылар келіб Аланқуның Түңлүгүнден үйүнің ічіне кірді бір замандын соң қайтыб чықыб кеткенін иатған халайық барчалары көрділер келгенін қайтғанын һəм көрділер əммə кішінің суретіні көре білмеділер. Мұндын соң Аланақуның сөзінің чынлығы барчаға мағлұм болды (Əбілғазы Баһадүр “Түркіеж шежіресі” 1871 жылы Петербургте жарық көрген П.И.Демезон нұсқасы). Ал “Жамиғат тауарихта” бұл құбылысты “Анларның хикайаты ғажайып уа ғарайыб тұрұр” деп əспеттеп, “бұның растлығын бізге дейінгі шежірешілер айтып кеткен” дейді. Жəне бұл тек “Алла тағаланың əмірімен солай болған еді, бəрі де алланың қолдауымен ғана іске асады” деп көрсетеді. Жоғарыда айтылған мысалдардағы күн мен нұрдың «адаммен байланысы» мифтік- таным көрсеткіші. Жалпы ескі жазба тілі мұраларының, атап айтқанда ХVІ-ХVІІ ғ. Жазбалары “Түркі шежіресі” мен “Жамиғат тауарихта”, одан кейінгі ХVІІІ-ХІХ ғғ. Мұраларында, соңғы кезең ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Мəделіқожа, Майлықожа, Мəшһүр Жүсіп т.б. шығармаларының барлығында да бүкіл дүниені жаратушы бір құдай, адам өміріндегі барлық нəрсе байлық та кедейлік те, ауру да саулық та, бақ та сор да, қуаныш та қайғы да т.б. тек алладан ғана келеді деп түсіндіріледі. Ал бұл дүние тұрлаусыз, өткінші құбылыс ретінде ғана баяндалады, солай бола тұрса да бұған шүкіршілік етіп, “бас июді” парыз деп санаған



Өлген адамның жаны ұшып кетіп, “құдайдың қасына” баратындығы, ол жақта да “қайнаған” өмірдің болатындығы туралы таным-түсінік əсіресе, ХVІ-ХVІІ ғ. Жазбалары “Түркі шежіресі” мен “Жамиғат тауарихта” көп кездеседі. Мысалы: Рухының құшы тəнінің қафасыдын ұчұб кетді – Жаны кеудесінен шығып қайтыс болды. Көрділер от қойар уақыты өтүб тұрұр дағ қылдылар файда қылмады хақ рахметке кетді – күйдіретін уақыты өтіп кеткенін көрді, тағы да темірмен күйдірді, пайда болмай қайтыс болды. Тарих иеті иүз елік сегізде хақ рахметіге уасил болды – Тарих жеті жүз елу сегізде қайтыс болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет