Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист



бет1/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қ.ЖҰБАНОВ ТҰЛҒАСЫН ТАНУДЫҢ ТІЛДІК НЕГІЗІ

ЖОСПАР:


І Қ.Жұбанов – тұңғыш лингвист

    1. Қ.Жұбановтың тілдік мұра негіздері

    2. Морфология, фонетика, синтаксис салаларына қатысты зерттеулері

    3. Ғалымның терминология саласына қатысты зерттеулері

ІІ Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ТІЛ ТҰЛҒАСЫН ТАНУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1 Қ.Жұбанов – қазақ тілі бағдарламасын түзуші

2.2 Жұбанов тілдік танымын зерттеуші ғалымдар пікірі

2.3 Жұбанов мұрасының педагогика, психология негіздері



Кіріспе

Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық дидактиканың күрмеуі көп күрделі мәселелерінің арнайы ғылыми-зерттеу нысанына айналып, зерттеліп-зерделенуіне толық мүмкіндік берді. Осыған байланысты қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасып, дамуы ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин, ұлы ғалым А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Құдайберген Жұбанов, Телжан Шонанұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сейіл Жиенбайұлы сияқты белгілі алаш азаматтары орта және жоғары мектептерге арналған қазақ тілі оқулықтарын даярлаумен қатар, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым саласы ретінде қалыптасып, дамуына ерекше үлес қосты. Алайда қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының дамуына өлшеусіз үлестерін қосқан аталған азаматтардың әдістемелік мұраларын зерттеу және оларға лайықты баға беру әлі де болса кең көлемде қолға алынбай, арнайы зерттеу нысанына айналмай келеді. Осы мәселелердің басын ашуда алғашқы ғылыми ізденістер ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын зерделеген А.Қыдыршаевтың, белгілі әдіскер – ғалымдар С.Жиенбайұлы пен Ш.Сарыбаевтың әдістеме ғылымын дамытудағы орнын анықтауға арналған Л.Ерменбаева мен А.Орынбаевтың ғылыми еңбектерін атап айтуға болады.



Біртума ғалым, қазақ халқының тұңғыш лингвист-профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың мол мұрасын кейінгі ұрпақ игілігіне айналдыру бағытында соңғы жылдары лингвистикалық тұрғыдан бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ғалым еңбектерін жан жақты педагогикалық өріс, психологилық шеңбер, әдебиеттану негізі, тіпті фольклор мен музыка шеңберінде де біршама еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ж.Манкеева, Ж.Тектіғұлова, Н.Сәдуақас, М.Миров, А.Омарова, Ф.Терекова, Ж.Сұлтан, А.Жұбанова, Ә.Оралбайдың, Х.Қарабалина ғылыми еңбектері – құнды зерттеулер. Аталған еңбектерде профессор Қ.Жұбановтың тіл білімі, тарихи грамматика, әлеуметтік лингвистика және психолингвистика проблемаларына қатысты іргелі ой-тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары жан-жақты сараланып, ғалымның аталмыш ғылым салаларын дамытудағы орнына жоғары баға берілген. Біздің де дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсатымыз – ғалым тұлғасын тілдік негізде саралап, оның тіл білімі соның ішінде қазақ тіл біліміндегі алар орнын нақтылап, әр салада көрсеткен еңбектерін жіті талдап, оны келер ұрпаққа жаңашыл ізденіс негізінде көрсету. Сол тұрғыда жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін барынша қарастырып, пікірлер мен арнайы зерттеулерді салыстыра отырып, өз көзқарасымызды да жеткізуге тырыстық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет