Жоспар I. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/10
Дата19.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#51219
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жоспар



I.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.Сойып ашу хаттамасы

1.1.Хаттаманың кіріспе бөлімі

1.2.Анамнез

1.3.Сыртқы көріністері

1.4.Патологиялық-анатомиялық немесе ішкі көріністер

1.5.Зертханалық зерттеулердің нәтижелері

1.6.Қорытынды

2.Әдебиетке шолу

2.1.Жануарлардың несеп шығару жүйесі

2.2.Бүйрек аурулары

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер























КІРІСПЕ


Патологияның дамуы адам және жануар мәйіттерін ашып – союмен тығыз байланысты. Өліктерді алғашқы ашып – сою жануарлар мен адамдардың қалыпты дене құрылысын зерттеу мақсатында жүргізілген. Біздің заманымызға дейінгі бірнеше жүздеген жылдар бұрын Патоломей патша дарға асылып өлтірілгендерді зерттеу үшін өліктерді дәрігерлерге тапсыруды бұйрық берген. Бірақ, орта ғасырлардағы дініи ырымшылдық қысымымен бұл эксперименттерге тиым салынған және оны кім істесе, сол адамды дарға асқан.
1827 жылы Р. Брайт дененің жалпы ісуімен, альбуминурия, гематурия және жүрек гипертрофиясымен сипатталатын сырқаттар тобының бүйрек патологиясымен байланысты екенін алғашқы рет көрсетіп берген болатын. Сол кезден бастап бүйрек ауруларын Брайт сырқаты деп атап кеткен.
XX ғасырдың басында (1914) Ф. Фольгард және К.Т. Фар (бірі клиницист, бірі патологоанатом) бүйрек сырқаттарын үш топқа бөлуді ұсынған: I) нефриттер, 2) нефроздар және 3) нефросклероздар. 1960 жылдардан бастап көптеген клиникалык, иммунологиялык, әсіресе электронды микроскопиялықзерттеулер нәтижесінде нефроздың жеке сырқат емес, бүйрек шумақдшаларындағы өзгерістермен байланысты патология екендігі анықталды. 1980 жылдардан кейін бүйрек ауруларын екі топқа бөліп қарастыратын болды: 1) гломерулопатиялар және 2) тубулопатиялар. Гломерулопатиялар деп бүйрек шумақшаларында болатын өзгерістерді түсінсек, тубулопатияларда негізгі өзгерістер бүйрек өзекшелерінде табылады [1,2].
Қазіргі таңда бүйрек патологиясында бүйректің барлық құрылымдық компоненті қатысатындығы белгілі болды. Сондықтан бүйрек ауруларын үш үлкен топқа бөліп қарайды: 1) бүйрек шумақтарының аурулары (гломерулалық аурулар); 2) тубулоинтерстициалдық нефриттер; 3) бүйрек қантамырларының аурулары (біріншілік нефросклероздар).
Мембранопролиферативтік гломерулонефриттік екінші түрінде өте тығыз депозиттер неізгі мембрананың ішінде орналасады, сондықтан бұл патологияны "тыгыз депозиттер ауруы"деп атайды. Осындай депозиттер шумақтардың қабында да, өзекшелердің және өзекше айналасындағы капиллярлардың негізгі мембранасында да табылады. Негізгі мембрана қалыңдап, кейде қатарласып "трамвай жолындай" болып көрінеді.
Жай микроскоппен қарағанда бүйрек шумақтары үлкейген, негізгі мсмбранасы қалыңдаған, мезангий жасушалары көбейген, кейде жарты ай көріністері көрінеді. Бүйрек шумақтарында фиброз құбылысы басым болса, ол жердс бүйрек мембранасының қалындап склерозға ұшырағаны, эндотелий және мезангий жасушаларының пролиферациясы бүйрек шумақгшаларының бүтіндей склерозданып немесе гиалинозданып қалғаны байқалады. Осы шумақшаларға тиісті бүйрек өзекшелері бтіндей агрофияланып, жойылады, оның жанында сақталып қалған шумақтар орнын толтыру есебінен гипертрофияланады. Бүйректің аралық тінінде негізінен лимфоциттер мен плазмалы жасушалардан тұратын қабыну сіңбелерін және фиброзды көрешміз. Осы өзгсрістерге байланысты созылмалы гломсрулонефритте бүйректің көлемі кішірсйіп, сыртқы қабы қалыңдап, оның алынуы қиын болып қалады, ал бүйректің сырты ірі түйіршікті немесе кедір-бұдыр. Бүйректердің массасы кейде 50-60 грамға дейін азаяды. Айтылған өзгерістер гломерулонефриттен соң пайда болғандықтан, екіншілік бүріскен бүйрек дейді. Бүйрек өзектерінде гиалин тамшылы және гидропиялық дистрофия көрінеді .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет