Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/10
Дата06.01.2022
өлшемі52,37 Kb.
#13403
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Ілияс Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларындағы

сар даланың сарыны»
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ поэзиясының ақиық ақыны І. Жансүгіров жайлы бірер сөз
2.2. «Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны
2.3. «Күй» поэмасындағы қобызшы Молықбай образы
2.4. «Күйші» поэмасындағы Сарыүйсін Күйші жігіті мен Қарашаш бейнелері

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:

XX ғасыр басында ұлттық мәдениетіміздің ұранын көтере келген, әрқайсысы әдебиетіміздің бір-бір ұстыны дерлік ұлы тұлғалар қазақ халқының әдебиеті тарихына қайталанбас құбылыс болып енді дe, aттары алтын әріппен жазылды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Xалел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қapaшев, Мұхамеджан Ceралин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Сәбит Дөнентаев, Құдайберген Жұбанов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин Мұхтар Әуезов, және т.б. Солардың бел ортасында Ілияс Жансүгіров те болды. Қазақ әдебиетінің тарихында Ілияс Жансүгіров тек ақындық, жазушылық, драматургтік, аудармашылық еңбектерімен ғана емес, ұлттық ауыз әдебиеті мұраларын, тарихымызға, әдет-ғұрпымызға байланысты деректерді жинаушы, әрі зерттеуші фольклорист, этнограф, тарихшы ретінде де ерекше орын алады. Ілияс Жансүгіровтің проза, поэзия, драматургия мен журналистика саласындағы әдеби мұрасы жұртшылыққа кеңінен таныс. Ақиық ақынның қазақ әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі көпшілікке белгілі. Әдеби мұрасының зерттелу жайы да аян. І.Жансүгіровтің шығармалары арнайы зерттеліп, өз бағасын алғаныменен, айтылар сөздің әлі де таусыла қоймағандығы жалпыға аян.

Ақиық ақын І. Жансүгіров шығармаларының даму жолдары, әсіресе кең эпикалық поэмалары, сол жанрда қазақ әдебиетіне қосқан өзіндік үлестері бүгінгі күн көзқарасынан қарасақ кең түрде зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Осы айтылған ой желілері тақырыптың өзектілігін айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет