Жоспар I кіріспе II негізгі бөлім



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі26,91 Kb.
#17430
  1   2

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1. Акариформды кенелер. Саркоптоидоздар

2.2. Хориоптоз

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе

Арахнология – өрмекші  тәрізділер туралы ғылым. Яғни буынаяқтылар. Бұлар 5 топқа бөлінеді. Олардың 3 тобының  ветеринариялық маңызы бар: өрмекші  тәрізділер, жәндіктер, шаян тәрізділер. Мал дәрігерлік арахнология паразитиформдық  және акариформдық класына жататын  кенелерді зерттейді.паразитиформды кенелер індетті және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Қотыр ауруларын акариформды  кенелер тудырады.



II Негізгі бөлім

2.1. Акариформды кенелер. Саркоптоидоздар

Акариформдылар тегіне жататын  ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың 4 түлігінде түгел  кездеседі. Бұл ауруларды ел арасында қотыр деп атайды. Қотырды малдың түлігіне байланысты қышыма, көнтек, қыршаңқы деп те атайды. Акариформды кенелер 3 тек тармағына жіктеледі: саркоптиформды кенелер, қауырсын кенелері, тироглифоидты кенелер тұқымдарына бөлінеді. Соңғы екеуі дәнді дақылдарда, ұнда, шөпте және тағы басқа жем – шөп өнімдерінде тірщілік етеді.

Acariformes

Sarcoptiformes                Trombidiformes                Oribatei

Sarcoptidae Analgesoidea Tyrogliphoidea–қа уырсын, тиороглифоидты тұқымдары

Psiroptidae Sarcoptidae                  Demodecidae

                                                         Demodex

 

Мал жануарлар қотырын  саркоптоид кенелері қоздырады. Қотыр  кенелері, иксодид, аргазид кенелеріне қарағанда, өте ұсақ кенелер. Олар мал  – жануарлардың тұрақты паразиттері.



Псороптоз (тері қотыры, көң қотыр)

Псороптоз – Psoroptidae тұқымдасына жататын, тері бетін мекендейтін кенелер қоздыратын қотыр ауруы. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түседі, ал кейде өлім – жітімге ұшырайды.

Psoroptidae

Psoroptes               Chorioptes           Otodectes

Psoroptes  тұқымдастығындағы кенлердің дене тұрқы 0,8мм. Олардың тұмсығы ұзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруға икемделген. Төрт жұп аяқтары ұзын, жақсы дамығын. Бірінші, екінші, төртінші жұп аяқтарында, ұзын және бунақталған тірекшелерінің ұшында сорғыш жабысқақтары бар. Бірақ еркек кенелерінің төртінші аяқтарында олар дамымаған. Еркек кенелерінің арт жағында екі бүртігі бар, жыныс жабысқағы бар. Ұрғашы кенелердің арт жағы дөңгеленіп біткен.

Әр мал түлігіне тән  өз алдына бір қоздырғыш түрі болғанымен олардың морфологиясы, яғни құрылысы бір – біріне ұқсас.

Қоздырғыштардың өсіп – өнуі. Psoroptes  кенелері тұрақты паразиттер қатарына жатады, себебі олардың мекені және өсіп – өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз – ақ уақыт сақтайды.

Ұрықтанған ұрғашы кенелер  тері үстіне жұмыртқа салады. Әр жұмыртқа үстінде желім тәрізді зат  болғандықтан олар теріге жабысып қалады. Ұрғашы кенелер күніне  1-2 ден, барлығы 60 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен кейін балаң кене шығады. Кейінгілерден 3-4 күннен кейін нимфа, яғни протонимфа пайда болады. Протонимфа 3-7 күннен кейін түлеп, екінші нимфа немесе телонимфаға айналады. Имаго сатысына айналу үшін 2-3 күн керек.

Ұрғашы және еркек кенелердің өсіп – өнуіне әртүрлі мерзім керек. Қолайлы жағдайда еркек кенелер 14-16 күнде, ал ұрғашылары 18-20 күнде өсіп жетіледі. Ұрғашы кенелер салатын жұмыртқаның саны және олардан шығатын ұрпақтың дамып жетілуі тері маңындағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ыңғайлы жағдайларда бір жұп кенелер бір жыл ішінде миллиондаған ұрпақ береді.

Эпизоотологиялық  деректер. Малдың әр түлігіне, қотыр кенелерінің сол мал денесінде мекендейтін түрі ғана тән. Қотыр кенелері сау малға ауру малмен жанасқанда жұғады. Сондай – ақ ортақ жайылым суат, қора және әр түрлі құрал – саймандар, әбзел, малшылардың киімі арқылы да жұғуы мүмкін, арық малға қотыр жұққыш келеді, себебі арық малдың терісі селдіреп жұқарады да, оны кене тұмсығымен оп – оңай теседі. Семіз малдың терісі тығыз және қалың болады. Сондықтан кененің өмір сүруіне ол қолайсыз. Қотыр мал арасына әсіресе ылғалды, жауынды жылдары көбірек тарайды.

Псороптоз көбінесе энзоотия түрінде өтеді. Ауруға биязы және жартылай биязы жүнді қой тұқымдары  бейім. Ауру күз және қыс айларында  етек алады. Басқа шаруашылықтардан мал терісіне жабысып келген қотыр  кенелері аз уақыт ішінде өсіп –  өніп мал фермасына, тіпті бүкіл  бір шаруашылық малына тарап кетуі мүмкін.

Патогенезі. Кенелер тері үстінде жорғалап, денесіндегі қылшықтарымен және аяқтарындағы жабысқақтарымен, сондай – ақ сөл соруға бейімделген ұзын тұмсықтарымен теріді орналасқан рецепторларды тітіркендіреді, сондықтан тері қышынады. Қышынған жерлерін жануарлар тісімен жарақаттайды, сілекейімен ылғалдандырады. Осының барлығы алғашқы ошақта кененің жылдам өсіп – өнуіне әсерін тигізеді. Терінің қышынуына кенелердің жарақатқа енетін улы сілекейі де әсерін тигізеді.

Ауру белгілері. Псороптоздың жасырын кезеңі 2- 3 аптадай. Аурудың алғашқы сатысында қотырға шалдыққан тері қызарып ісінеді. Сонан соң теріде түйіншектер пайда болады, біраздан кейін олар мөлдір экссудатқа толып күлдірейді. Кейінірек олардың іші іріңге толып пустулаға айналады. Мал қышыған жерлерін қасығанда күлдіреуіктерден қан аралас ірің ағып, қабыршақтанып қатып қалады. Қотырға шалдыққан мал қатты қышынады – бұл аурудың негізгі белгісі. Зақымданған жерлерінің жүні түсіп қалады.

Тері қотырына қойдың шоқтығы, арқасы, белі және сауыры сияқты нағыз  жүні қалың әрі ұзын жерлері шалдығады. Егер қой ауру басталғаннан кейін 6-8 апта емделмесе, қотыр мал денесіне түгел тарап, аяқтары мен бас  терісінен басқа жері түгел зақымданады.

Ірі қарада тері қотыры мойынның екі жағынан, шоқтығынан және екі  жақ бүйірінен басталады. Сонан  соң зақымданған жер үлкейе түседі. Ескі ошақтарда тері қатпарланып, жүні түсіп қалады. Мал қасығанда терінің  әр жері жарылып, қаны шығып тұрады.

Жылқының қотырға жалы, шоқтығы, иығы шалдығады. Жылқы бұл  жерлерін қабырғаға, бағандарға және тісімен қасып жарақаттайды. Аурудың екінші сатысында зақымданған жерлерінің жүні түсіп, дерматитке айналады.

Үй қоянының тері қотырына құлақ қалқанының ішкі жағы ғана шалдығады. Құлақ ішін қатпаршақтар басып кетеді. Ауру қоян ытырпыршып, аяқтарымен құлағын  қасиды. Егер ауру асқынса ортаңғы  және ішкі құлақ бөлімдеріне тарап, ауру қоянның басы қисайып қалады.

Диагнозы. Саркоптоидоз ауруларын анықтағанда оның сыртқы белгілеріне: қышыну, қасыну, терідегі қабыну өзгерістеріне, яғни қызару, ісіну, түйіршіктер және іріңді безеу де пайда болуы, жүннің түсіп, терінің қатпаршақтануы т.б мән беруі керек. Сондай –ақ эпизоотологиялық деректерді де есепке алу шарт. Қотырдың етек алып, мал арасына таралатын мерзімі күзгі – қысқы маусым. Тек қана үй қоянында ғана қотыр жыл бойына кездесе беруі мүмкін.

Қотыр ауруларын нақты  анықтау үшін микроскопиялық зерттеулер жүргізу керек. Зерттелетін зат – ауру малдан алынған тері қырындысы. Ол үшін қандауырдың үшкір жағымен терінің сау және зақымданған жерінің шекарасынан қырынды алынады. Қырындының көлемі 0,5-1см3 болуы шарт. Қырынды ішінен қотыр кенелерін табудың бірнеше әдісі бар.


  1. Ауру малдан алынған қырындыны бактериологиялық тостағанға салып, қақпағын жабады да, қақпақ жағын төмен қаратып, термостат ішіне немесе ыстық суға салып стакан үстіне қояды. 5-10 минут өткен соң тостағанның қақпағын қырындыдан босатып алып, микроскоп немесе күнтартқыш лупа арқылы зерттейді.

  2. Шыныдағы қырындыға бірнеше тамшы керосин тамызып, үстін жапқыш шынымен жауып езгілейдіде, микроскоппен кенелерді іздестіреді.

  3. Шыныдағы қырындыны бірнеше тамшы 10 пайызды сілтілі ерітіндісімен жұмсартып, 10 минуттан соң қысқашпен аз – аздап алып, микроскоп арқылы зерттейді.

Емі. Ауа райына, яғни күннің ыстық – суығына байланысты әр түліктің қотырын емдегенде ылғалды немесе құрғақ әдістер қолданылады. Ылғалды әдісі тиімді және еңбекті аз тілейтін әдіс.

Қой малын көбінесе арнаулы  тоғытпада тоғыту әдісімен емдейді. Қотыр шығып жүрген шаруашылықтарда  қойды екі маусымда, яғни көктемде қой қырқылғаннан кейін және күзде  тоғыту жақсы нәтиже береді. Қой  тоғытуға 0,05пайызды неоцидол эмульсиясы қолданылады. Емдік мақсатымен қотыр  кездесетін отарларда арасына 10-12 күн  салып, екі рет тоғыту жақсы нәтиже береді.

Шет елдік дәрігерлерден  соңғы жылдары ивомек қолданылып жүр. Ол қойдың әрбір 50кг тірідей салмағына 1 мл- ден тері астына егіледі. Бұл  дәріні қыста пайдаланған өте  тиімді.  Бутокс, протеид, байтикол дәрілердің де емдік қасиеті өте жоғары.

Бұл акарицидтер буынаяқтыларға қарсы өте дарығыш. Акарицидтік  дәрілерді емдік мақсатпен арасына 10 – 12 күн салып екі рет, ал сақтандыру мақсатымен 1 рет малды тоғыту немесе бүрку әдістері арқылы қолданады.

Ірі қара қотырын емдеу  үшін коллоидты күкірттің 2 пайызды  суспензиясын қолданылады.

Алдын – алу  және күресу шаралары. Қотырды (қышыма) болдырмас үшін қой малын жылына 2 рет акарацид дәрілерінің біреуімен жазғытұрым және күзде тотығу қажет. Сондай – ақ мезгіл – мезгіл мал басын дәрігерлік байқаудан өткізіп отыру керек. Сырттан әкелінген малды 1 ай бойы оқшаулап бағып, оған үнемі мал дәрігерлік байқау жасайды. Қотыр мал бөлек бағылып, емделеді. Мал ішінен қотыр шыққан шаруашылықтан бірде – бір бас малды басқа жаққа шығаруға болмайды.

Қора – жай, құрал –  саймандарды, киім – кешектерді әртүрлі  физикалық және химиялық әдістермен мезгіл – мезгіл зарарсыздандырып отыру қажет.

Жайылымдар мен суаттарды, мал тұрған шарбақтарды биологиялық  әдіспен зарарсыздандырады. Ол үшін қотыр шыққан жерді жазда 2,5 ай, ал қыста 5 апта пайдаланбайды, яғни ол жерге  мал ұстамайды.

Қора – жайды қотыр  кенелерінен тазарту үшін креолиннің 3 – 5 ыстық эмульсиясын қолданады. Ал қотырдан өлген мал денесін 12әк ерітіндісімен 6 сағаттай зарарсыздандырады. Сондай – ақ қора мен аула ішін зарарсыздандыру үшін 5 сабынды – карбол ерітіндісі, күкіртті карбол қоспасының 3 ерітіндісі, 3 лизолдың ыстық ерітіндісі қолданылады.

Шет елдік дәрілерден қора – жайды зарарсыздандыру үшін стомозан ерітіндісі де бүрку арқылы қолданылады. Ерітінді жұмсау үшін мөлшері 30 – 50 мл м 2 , яғни әрбір шаршы метрге 30-50 мл стомозан ерітіндісі жұмсалады.

Жануарларды сыртқа шығару тек қышымаға қарсы домдаудан  кейін, мемлекеттік ветеринариялық инспектордың  рұқсатымен іске асырылады.

Саркоптоз  (қышыма қотыр)

Саркоптоз – қотыр ауруларының  яғни саркоптоидоздардың бір түрі. Терінің жоғарғы тыныс эпидермис  қабаты ішін мекендейтін , өте ұсақ Sarcoptes туысына жататын кенелер қоздыратын , теріні қышытып дерматитке айналдыратын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы. Бұл кенелер  морфологиялық , яғни дене құрылысы жағынан  бір біріне өте ұқсақ болғандығымен  қатар, малдың әр түлігінде өзіне  ғана тән түрлері мекен етеді. Олар өте ұсақ. Пішіні дөңгеленген, тұмсығы таға тәрізді, кеміруге бейім. Дене тұрқы 0,2 – 0,5мм. Аяқтары қысқа, табандарында қоңырау тәрізді жабысқақтары бар. Олар ұрғашы кенелердің бірінші және екінші жұп аяқтарында, ал еркек кенелердің бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарында орналасқан.

Саркоптоз кенелерінің биологиясы да яғни өсіп – өнуі де бір – біріне өте ұқсас. Кененің ұрықтанған ұрғашылары терінің эпидермис , яғни жоғарғы  қабатынан ұзындығы 15 мм- дей жол  жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2-8 ден жұмыртқа салады, бір ұрғашы кене небары 40-60тай жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен соң балаң  кене шығады да, 3- 4 күннен кейін бірінші  нимфаға, ал тағы бір 3-7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады. Соңғылар 2- 3 күннен кейін 

Саркоптозды анықтау тәсілдері  псороптоздағыдай. Бір ескертетін нәрсе  бұл кенелер өте ұсақ және терінің  ішін, яғни эпидермис қабатын мекендейді. Сондықтан теріден микроскопиялық зерттеу үшін қырынды алғанда, теріні қанды – сөл шыққанша тереңірек  қыру керек.  Емі мен дауа шаралары псороптоз ауруындағыдай.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет