Жоспар Кіріспе 1Қазіргі кездегі қозғалмалы спорттың жағдайы



бет1/3
Дата15.09.2022
өлшемі18,24 Kb.
#39231
  1   2   3

Жоспар
1.Кіріспе
1.1Қазіргі кездегі қозғалмалы спорттың жағдайы
2.Негізгі бөлім.
2.1Қозғалмалы ойынның түрлері.
3.Қорытынды бөлім.
4.Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе


Қазіргі кезде балаларды спортпен ерте жастан таныстыру кең таралды, ол балаларға дер кезінде таңдау жасауға мүмкіндік береді. Спорттық бағдар, алғашқы таңдау және спорт тәсілдерінің негізіне оқытуды қарастыратын бұндай спорт білім беру міндеттерін шешу көбінесе жеңілдетілген спорт ойындарының түрлері бойынша жарыстарды кең таратумен байланысты. Бұлар мини-футбол, мини-баскетбол, мини-гандбол, т.б. Соңғы жылдары бүкілодақтық «Үміт сөресі» жарысы өткізіле бастады. Оның бағдарламасына қозғалыс ойындары да жендірілді. Телеарналар көмегімен миллиондаған оқушылар қызықты және ыңғайлы спорттық хабалар түріне ден қояды және «Веселый час», «Сильные, смелые, ловкие», «Папа, мама и я – спортивная семья», т.б. жарыстарға қозғалыс ойындары бойынша қатыса алады.Ойындардың тәрбиелік мәні өзгермелі жағдайда және ойыншылардың белсенді қатысуымен өткізілетін қозғалыс әрекеті сипатымен тығыз байланысты. Ойынның мәні – үнемі және түрлі жағдайда туындайтын мақсатқа жету жолындағы кедергілермен күрес болып табылады. Сондықтан олар күшті психикалық реакция тудырады. Педагог, төреші, капитан және командалас жолдасы тарапынан атқарылатын ойыншылардың мінез-құлқын білікті басқару жеке тұлғаның рухани – ерік және адамгершілік сапаларын тәрбиелеуге көмектеседі. Ұжымдық, тәртіп, ұйымдастырушылық, бастамашылдық, шешімталдық, батылдық және табандылық тәрізді сапалар барынша белсенді қалыптасады.

Ойынды қолдану педагогқа өз тәрбиеленушілерін ертерек және толық танып білуіне мүмкіндік беруімен де маңызды. Бұдан соң балаларды жақсы сапалар белсенді жетілетін арнайы талапқа қояды. Ойын көмегімен кеңестік тәрбиенің негізгі ұстанымы, яғни «ұжымда, ұжым үшін және ұжым арқылы» ұстанымы өмірге келеді.
Ойындардың сауықтыру маңызы да зор. Жақсы көңіл-күйге жеткізетін сан алуан белсенді қозғалыс әрекеттерінің өзі дене жаттығуларының қолайлы түрін қарастырады. Ойыншылар бір мезгілде жүктеме әсеріне және сол сияқты табиғи күштер – күн, жел, су әсеріне ұшырайды. Ойын барысында жүктемені басқарушылар мен қатысушылардың өздері мөлшерлейді. Бұл қатты шаршаудың алдын алады. Сондықтан ойынмен жүйелі шұғылдану ішкі органдарды нығайтады, ағзаның қызмет әрекетін жетілдіреді, дұрыс дене дамуын қамтамасыз етеді, оқушылардың денсаулығын нығайтады. Ойынның білім берудегі маңызы көптүрлі. Олардың жүйелі қолдану қозғалыс мүмкіндіктерін жетілдіріп, жүгіру секіру, лақтыруды қарастыратын қозғалыс мектебін толық меңгеруді қамтамасыз етеді. Бұл шеңбер қалағанынша кеңейтіліп, өмірге қажетті дағдылардың барлық кешенін қарастырады. Ойын арқылы бзұл дағдылар оны түрлі жағдайлармен сәйкестікте қолдану мүмкіндігін біршама кеңейтетін білікке айналады.

Соған қоса шешім қабылдау мен оны талдау қабілеті дамиды, ол жедел ойлау мен ақыл-ой барысын қалыптастыруға өте қажет. Сонымен ойын талаптары арқылы дұрыс іс-әрекетке қабілеттілік артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет