Жоспар: Орфографияны оқытудың әдіс-тәсілдері



Дата25.03.2022
өлшемі16,88 Kb.
#28780

Орфографияны оқытудың ұстанымдары

Жоспар:

  1. Орфографияны оқытудың әдіс-тәсілдері.

  2. Орфографияны оқытудың ұстанымдары.


  3. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары.




  4. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.

Орфографияны оқытудың ғылыми- пратикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістемесі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау жасаудың түрлері. Орфография мен орфоэпияның бір – бірінен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.

Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Көптеген тілдердің емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар : фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер.

Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. Фонематикалық принципке дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізген әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады. Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша (естілуінше) жазылады. Тарихи – дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі негізгі, басым принцип болады. Сонымен қатар осы тілде емле принциптерінің қалған түрлері де орын алады.

Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:


  1. Кейбір дыбыстардың жазылуы;


  2. Түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;


  3. Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;


  4. Шылаулар мен одағайлардың жазылуы;


  5. Бас әріптердің қолданылуы;


  6. Сөздерді тасымалдау;


Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген тұстар – дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі.



Орфографиялық дағды – күрделі процесс. Ол – жазу, сөздің дыбыстық құрамын дағдылай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса, онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.

Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстракция, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет