Жоспар: Позитив Дегеніміз не?


Позитивті ойлау күйзеліске қалай алып келеді?



бет3/6
Дата25.04.2022
өлшемі33.3 Kb.
#32210
1   2   3   4   5   6

Позитивті ойлау күйзеліске қалай алып келеді?


Зерттеушілер әрекет нәтижелілігінің төмен болуы күйзелісті тудырады деп тұжырымдайды.

Психологтардың пікіріне қарағанда, күйзеліске түскен адамдардың көпшілігі нақты жағдайды бұрмаланған көзқараспен қабылдайды-мыс. Олар өзінің өміріндегі жағымсыз аспектілерді түйедей етіп көрсетеді. Күйзеліс бейсаналықта жатқан осы бұрмаланған ойлайдан туындауы әбден мүмкін. Бұл ойлауға жұмыстағы сәтсіздіктер немесе мақсатқа қолжеткізе алмау салдар болуы ықтимал.

Габриэль Эттинген осы бағытта түрлі жастағы топтар арасында Pleasure Now, Pain Later: Positive Fantasies About the Future Predict Symptoms of Depression бірқатар зерттеулер жүргізді. Зерттеу барысында қысқа мерзімді перспективада  позитивті фантазия күйзеліс деңгейін төмендететіндігін, ал ұзақ мерзімде керсінше жоғарлататындығын дәлелдеді.

Нәтижеліліктің төмендеуі мен күйзеліс белгілері арасындағы байланысты тексеру үшін ғалымдар 148 студент қатысқан эксперимент жүргізді.

Семестрдің басында сынақталушыларға алдағы үлгерімдерінің барысы туралы айтып беруге өтініш жасалды, ал ғалымдар олардың күйзелістік деңгейін бағалады. Екі ай өткеннен кейін студенттер тағы да сұрақтарға жауап беріп, сауалнаманы толтырды.

Өздерінің болашақ сабақ үлгерімі туралы позитивті негізде пікір білдірген студенттердің үлгерімі нашар нәтиже көрсетті Олар қысқа мерзімді позитивті ойлау арқылы жақсы үлгерімге қолжеткіздік деп сенді. Ал шындығында мәселе басқа... Оның басты себебі олар оқуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеуінде болып отыр.

Басқа зерттеу нәтижесі бойынша позитивті фантазия өз-өзіне қол салмақшы болған сырқаттарға көмегін тигізді, олардың өмірге деген құлшынысы арттырды. Алайда уақыт өте келе олар екінші рет өздеріне қол салу әрекеттерін жасады.

Егер сіздің досыңыз күйзелісте жүрген болса, оған позитивті ойлауға кеңес бермеңіз. Сіз оған жақсылық  жасаймын деп, оны жамандыққа ұшыратуыңыз әбден мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет