Жоспар: Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық Тәуелсіздік жылдары ұлттық құндылықтардың қайта жандануы Тәуелсіздік – баға жетпес



Дата02.11.2022
өлшемі15,28 Mb.
#47091
Байланысты:
құндылық презентация


Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдары ұлттық құндылықтардың қайта жандануы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жоспар:
  • Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық
  • Тәуелсіздік жылдары ұлттық құндылықтардың қайта жандануы


Тәуелсіздік – баға жетпес
құндылық
Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет, егемен ел ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін Тәуелсіздіктің алатын орны ерекше екені даусыз. Мінеки, ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 30 жылдан асып отыр. Тарих үшін соншалықты көп уақыт болмаса да, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды.
Тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік саясаттың субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері: тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің ерекше белгісі ретінде Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізілді. 
Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақ­тың байырғы, ғасырдан ғасырға үзілмей келе жатқан мәдениеті ,бүкіл қазақ­стандықтарды біріктіре алатын мәдениет екендігін дәлелдеді», – деген ол қазақстан­дықтардың біртектілігі турасында сөз қозғағанда, оның іргетасын қалайтын ұлттық құндылықтардың маңызына ден қойды.
«Біртектілікке келетін болсақ, Наурыз мейрамы – нағыз бірліктің мерекесі, араздасқанды достастыратын, барлық өкпені ұмыттыратын мереке.
Жалпы, сырға салудан бастап, қыз ұзату, үйлену тойы сияқты қазақтың кез келген дәстүрі жаңа заманға лайықталып, бұрынғыны жаңарта отырып, өте керемет мәдениетке айналды. Кейбір ата-ананың баласының тұсауын кестірмеуі мүмкін шығар, ал бірақ кез келген кәсіпте мекемелердің тұсауларын кестіру дәстүрге айналды. Айтыс өнерінің өзі бұрынғы тарихымызды тірілтті және нағыз демократияға айналды. Қоғамның, халықтың билікке айтатын сөзін біздің айтыс өнері жеткізіп отыр. Осының барлығы, қазақтың мәдениеті бүкіл қазақстандықтарды біріктіре алатынын көрсетеді.
Қайта жанданған Наурыз
Ұлтымыздың сан ғасырлар бойы атап өтіп келе жатқан Наурыз мерекесінің шығу тарихы жайлы жазушылар түрлі еңбек жазды. Ел аузындағы аңыздар да бұл ежелден келе жатқан мереке екенін дәлелдейді. Біздің елге Наурыз мерекесі ұзақ жылғы үзілістен соң 1990 жылдан бастап қайта келді. Елімізде соңғы рет Наурыз мейрамы 1926 жылы аталған екен. Елбасы Н.Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен Наурыздың 22-і – халықтық мереке «Наурыз мейрамы» болып жарияланды. Міне, содан бері 30 жыл бойы қазақ елі Ұлыстың ұлы күнін халықтық мереке ретінде кең көлемде тойлайды.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
«Елтаңба» терминінің шығу төркіні неміс тілінен бастау алады. Елтаңба немістің «erbe» сөзінен шыққан, ол қазақ тілінде мұра деген мағына береді. Ол сол халықтың тарихына тікелей қатысы бар пішіндер мен заттардың айрышқа үйлесімінің мирастық ерекшелікбелгісі.
  • 1991 жылы 2 қазанда Қазақстан тәуелсіздігін алмай тұрып, қазақ азаматы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан болатын. Сол кезде ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ ғарышкерінің жүрек тұсында елтаңба үлгісінде көк аспандағы жұлдыз бен ай және шаңырақ бейнеленген. Ал ғарышкердің жүрек тұсындағы сол таңбаны белгілі сәулетші, елтаңба авторларының бірі Шот-Аман Уәлиханов құрастырған. Кейіннен сәулетшінің ғарышқа барып қайтқан бұл белгі-таңбасы біраз өзгерістерден өтіп, 1992 жылы болған мемлекеттік елтаңбаның конкурсына ұсынылды.


  • Қазақстанның елтаңбасын құрастыруда авторлар 293-тен аса жоба ұсынған.



Қорытынды
Қорытындай келе ұлттық құндылықтар бұл біздің асыл қазынамыз! Біз оны қастерлеп, қадірлеп ерекше құрмет тұтуымыз қажет. Бізді бүгінгі күнге жеткізген, шайқаста қасық қаны тамғанша күрескен ата-бабаларымыздан қалған тарихты бізге білу ол міндет. Ал Қазақстаннын туризм саласының өркендеуі, еліміздің экономикасы үшін аса маңызды.
Сайып келгенде, ХХІ ғасыр – жастардың ғасыры демекші, сол жастар да елдің құндылықтары үшін еңбек етуі керек. Рухани жаңғырып, Мәңгілік ел болу үшін құндылықтарымызды мәңгілік сақтап, өзімізден кейінгі ұрпақтарға мәңгілікке табыс етуіміз керек. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет