Жоспары: Геоморфологияға жалпы шолу



бет7/8
Дата07.09.2022
өлшемі124.84 Kb.
#38621
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Ленинград университеті, Ломоносов атындағы Мәскеу университеті, Бүкілодактық геологиялық ғылыми-зерттеу институты (ВСЕГЕИ), Қазақстанның геологиялық басқармалары, Қ.И. Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты ғалымдарының көпжылдық жоспарлы геологиялық түсірімдері мен зерттеулері нәтижесінде Қазақстан аумағының әр масштабтағы геологиялық және геоморфологиялық қарталары жасалды.

1950 жылдардан бастап Г.Ц.Медоевтың басшылығымен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының геоморфология бөлімінде бір топ Қазақстан ғалымдары жұмыс істеді. Осының нәтижесінде бүкіл Орталык, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстанның әр масштабтағы геоморфологиялық және төрттік шөгінділерінің қарталары жасалып шықты. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстанды А.С.Сарсеков, Н.А.Горбунов, Ертіс алабындағы жазықтарды Б.Ж.Әубәкіров, Орталык Қазақстанның суайырық аймақтарын А.И.Гуськова, А.С.Сарсеков, С.А.Құсайынов, Ш.З.Қауламбаев, Д.П.Позднышева, Е.Г.Малышев, Г.М.Козловский, Л.И.Платонова, Г.М.Потапова, Ұлытауды Э.И.Нұрмамбетов, Шу-Іле суайырығын Н.М.Владимиров, Н.А.Берқалиев, Л.В.Иванов, П.Ф.Кандауров, Т.Н.Джуркашев, Шу-Сарысу ойпатын Ғ.М.Козловский, С.А.Құсайынов, Оңтүстік Балхаш маңы ойпатын П.Ф.Кандауров, Мұғалжар тауын Е.Д.Тапалов, Л.Д.Кудерина, М.С.Тэн, Маңғыстау өлкесін В.И.Гохштеин, В.П.Олексенко, Солтүстік Арал және Үстірт аймақтарын Ж.Д.Дүйсебаев және т.б. зерттеді.

Сонымен қатар институт ғалымдары тақырыптық зерттеу жұмыстарын жүргізді, олар - карст проблемаларын зерттеу (Г.М.Потапова, Э.И.Нұрмамбетов), эолдық массивтерді зерттеу (П.Ф.Кандауров), геоморфологиялық әдістер арқылы мұнай мен газды зерттеу (Ж.Д.Дүйсебаев), антропогендік процестер (Д.П.Позднышева), таулы аймақтардағы апатты процестерді зерттеу (А.М.Медеуов), Амангелді бокситті аймақтарын зерттеу (А.И.Гуськова).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет