Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет5/5
Дата25.04.2022
өлшемі26,96 Kb.
#32252
1   2   3   4   5
Алдын алу

Ірі қара малдың нодулярлық дерматитінің алдын алу үшін «Neethling-RIBSP» штаммынан ІҚМ нодулярлық дерматитіне қарсы вакцинаны қолдану ұсынылады. Вакцинаны 2 см3 дозада бір рет малдың жасына қарамастан мойынының ортаңғы үштен бір бөлігінің аумағына тері астына енгізеді.

Ауру бойынша сәтсіз аумақтарда вакцина жыл сайын қолданылады. Мал басын егу көктемде жүргізіледі. Егілген малдардан алынған бұзауларға 6 айлық жастан бастап вакцина енгізіледі.  Егілмеген малдардан алынған бұзауларға вакцинаны кез келген жаста енгізеді.

Вакцина бір реттік иммундаудан кейін ұзақтығы кемінде 12 ай препаратты қолданғаннан кейін 21 тәуліктен бастап ІҚМ жұ қарсы белсенді иммунитеттің пайда болуына ықпал етеді. Құрсақ сиырларды бір рет иммундайды.

Вакцина препаратты енгізген жерде жекелеген жануарларда шамалы ісіну түрінде пайда болатын жергілікті реакцияны тудыруы мүмкін. Жануарлардың бөлігінде дене қызуының жалпы жағдайы қанағаттанарлық және тәбеттің сақталуы кезінде 1-2 тәулік бойы 39,5 ºС дейін қысқа мерзімді көтерілуі мүмкін.

Егілген жануарлардың еті қандай да бір реакциялар болмаған жағдайда шектеусіз пайдаланылады. Вакцина егілген жерде реакция болған жағдайда, етті кемінде 14 тәуліктен кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Қалған жағдайларда сойылатын жануарларды ветеринариялық тексеру және ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелерін басшылыққа алған жөн.

Егер өңірде НҚ диагностикаланса, бұрын жүргізілген иммундауға қарамастан барлық дарақтар егілуге жатады. НД белгілері бар мал персоналдан және сау малдардан оқшауланады.

Шектеу шаралары

Нодулярлық дерматит анықталған мал шаруашылығы фермасында немесе мекенде карантин жарияланып, онда келесі шектеулер қолданылады:



  • Бұрын осы ауру бойынша сау емес аумақтарда клиникалық ауру жануарларды сойып, ішкі мүшелерін, сондай-ақ терілерін утильдеу ұсынылады.

  • Сүтті 132 °C кезінде қайнатқаннан немесе стерильдеуден кейін шығаруға рұқсат етіледі.

  • Карантинді соңғы ауырған мал сауыққаннан кейін бір ай өткен соң алып тастайды, бірақ, жәндіктердің тіршілік әрекеті тоқтаған кезеңде рұқсат етілетін союға жіберілетінінен басқа малды шығаруға жыл бойы тыйым салынады.

  • Ауру бойынша сау емес мекендерден мал шаруашылығының рұқсат етілмеген өнімдерін шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және тоқтатылады.


Қорытынды

ІҚМ нодулярлық дерматитімен күресудің мәні ветеринариялық-зоогигиеналық іс-шараларды, малшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ мал иелерінің адалдығында.

Нодулярлы дерматит шыққан шаруашылық субъектісіне карантин қойылады, ауру және ауру жұғуға күдікті жануарлар дер кезінде, мұқият оқшауланып, лабораториялық тәсілдермен диагнозы анықталады. Ауру малдар оқшауландырғыш ішінде болған кезеңде оларға қансорғыш жәндіктердің кіруіне жол бермейді. 

     Карантиннің шарты бойынша рұқсат етілмейді: 


     1) шаруашылық субъектісіне барлық жануарлар түрлерін құстармен қоса әкелуге, әкетуге; 
     2) шаруашылық субъектісі ішінде қызмет көрсететін ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға
     3) мал сауу, сою және етін пайдалану, ауру малдың және ауруға күдікті жануарлардың сүтін пайдалануғаю. 

    Нодулярлы дерматиттен өлген жануарлардың өлекселері терісімен бірге жойылады, өлекселерді диагностикалық мақсатпен сойып көру арнаулы жабдықталған орында рұқсат етіледі. 

   Карантин кешендік ветеринарлық-сантиарлық шаралар өткізіліп, қорытынды дезинфекциядан кейін алынады. 

  Нодулярлы дерматит алғашқы пайда болған мезгілде, барлық ауру және ауруға күдікті жануарлар сойылып, мұқият дезинфекция, дезинсекция жүргізілуіне ұсыныс жасалады. Дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестрінде тіркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары. Оқулық 4-баслымы -   Алматы: ҚазҰАУ «Айтұмат» баспасы, 2015. . 

2. Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары. Оқулық 4-баслымы -   Алматы: ҚазҰАУ «Полиграфия-сервис К0» баспасы, 2013.

3. Қасымов, Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары: Оқулық.- Алматы: "Полиграфия-сервис и К", 2014.



4. Иванов, Н.П. Инфекционные болезни животных Т. 3. Болезни жвачных животных, свиней и лошадей: учеб. пособие / Казахский национальный аграрный университет.- Алматы: КазНАУ, 2012.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет