Жоспары: Жалпыадамзаттық құндылықтардың анықтамасы. Жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы және адам тұлғасының құрылымымен байланысы.Құндылықтар терегі



бет1/3
Дата19.02.2022
өлшемі314,63 Kb.
#25921
  1   2   3

Сүйіспеншілік

ЖОСПАРЫ:
  • Жалпыадамзаттық құндылықтардың анықтамасы. Жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы және адам тұлғасының құрылымымен байланысы.Құндылықтар терегі.
  • Сүйіспеншіліктің түрлері (өзімшіл,өзара,риясыз).Сүйіспеншілік мәңгілік жалпыадамзаттық құндылық ретінде
  • Сүйіспеншілік энергиясы.Физиктер сүйіспеншілік энергиясы жөнінде не айтады?Сүйіспеншілік энергиясын қалай бере аламыз?Сүйіспеншілік энергиясын шығаруға не кедергі болады?
  • Өмірлері Сүйіспеншілікке толы адамдар туралы мысалдар

Жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс: Қиянат жасамау – рухани деңгей, Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция), Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз), Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім), Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.

Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашты сүйіспеншілікпен суаруымыз керек. Ақиқатпен жүріп, әр затқа сүйіспеншілікпен қарасақ әрқашан дұрыс әрекет болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Ішімізде тыныштық орнаса, ешкім қиянат жасамайды. Яғни ағаш жемісін береді. Бұл құндылықтар өзара бөлінбейді. Бір – бірімен тығыз байланыста болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет