Жүрек-қан тамырлар жүйесі (сердечно-сосудистая система, systema cardiovasculare)



бет1/6
Дата22.07.2022
өлшемі1,21 Mb.
#37850
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6

Жүрек-қан тамырлар жүйесі (сердечно-сосудистая система, systema cardiovasculare)

Жоспары

Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызметі, морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып болып екі топқа бөлінеді.Олардың орталығы жүрек. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметіне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капиляр қан тамырлары болып бөлінеді. Артерия, вена, капиляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады. Қан айналу жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім – ангиялогия.

қ


Артерия қан тамыры – қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры қолқа , екіншісі өкпе сабауы. Артериялар көлеміне қарай ірі, орта, майда болып бөлінеді. Орналасуына байланысты беткейдегі, тереңдегі, париеталды, висцералды және мүше лердің сыртындағы, ішіндегі ариериялар болып бөлінеді. Мүшенің артериясы, оның ішінде артериолаларға дейін тармақталады, капиларларға жалгасады.
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар. Капилярлар терінің эпидермис қабатында, көздің қасаң қабығында, бұршақ тәрізді денесінде, шашта, тырнақта, тістің эмалында, дентинінде болмайды.
Капилярлар торшасы – бір қабатты эндотелийден тұрады. Капиляр және ұлпа арасында, ұлпаларда тіршілік әрекеті нәтижеінде зат алмасу, сіңіру, сүзілу процестері үздіксіз жүріп жатады. Капилярлар венулалармен жалғасады.
Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді. Қан алдымен венулаларға, одан мүшелердің ішіндегі майда венаға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүрекке құяды. Өкпе веналары қанды өкпеден жинап жүрекке құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет