Жүрек өкпе реанимациясы Қр дсм «23» маусым 2016 жылғы №5 хаттамасы бойынша



бет2/2
Дата26.04.2022
өлшемі0.52 Mb.
#32355
1   2




Қадамдар



Орындау критерийлері


1.

Құлап жатқан адамға жақындамас бұрын, өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету.


Айналаға, жоғарыға, аяқ астына қарау. Өзіне төніп тұрған қауіптің жоқтығына көз жеткізу

2

Науқастың жанынан жақындау, жағдайын бағалау.

Науқастың екі иығынан абайлап қағып, анық дауыспен «Сізге не болды?» деп сұрау керек. Науқас жауап бермесе

3. No

Науқастың өзіндік тыныс алуын анықтау

Есту, сезе білу және көру принципімен, құлақты зақым алған адамның ауыз маңына тосып, науқас демінің жылылығын сезіну, дыбысын есту және бір уақытта көзімен кеудесіне қарап, дем ырғағымен көтерілетінін байқау

4.

Демді анықтаумен бір уақытта қанайналымның болуын анықтау


Ұйқы артериясында пульсті пальпациялау.




3, 4 алгоритмді орындауға 10 секунд жұмсалуы керек.

5.

Көмекке шақыру

Қасындағы адамдарды түстеп атап (сары көйлектегі жігіт немесе қара кофтадағы қыз), жедел жәрдем бригадасын шақыруларын сұрау керек.

6

Пациенттің тынысы мен пульсі анықталмаса, жүрек- өкпелік реанимацияны жүргізуді шұғыл түрде бастау керек.

7

Науқасты дұрыс жатқызу

Адамды тегіс қатты жерге жатқызу (жерге,еденге), екі қолын денесінің бойымен созу, мойын және кеудесін қысып тұратын киімінен босату.

8.
 

Жүректің жанама массажын жүргізу (С)


Компрессияларды орындау үшін қолды дұрыс орнату керек: бірінші қолдын алақанының негізін төстің үштен бір ортаңғы бөлігіне орнату, екінші қолды бірінші қол үстіне орнатып саусақ аралығына салып құлып тәрізді ұстау. Бұл кезде шынтақтарды тік ұстап, денені зақым алған адамның кеуде торының үстінен вертикалды орналасутыру тиіс.

Компрессияларды жылдам түрткі қимылдарымен орындау және әр компрессиядан кейін қолды кеудеден ажыратпай, кеуде торының кеңеюіне мүмкіндік беріп декомпрессиямен алмастыру.



9.
 

1 минутта 100-120 компрессиядан кем емес жылдамдықта, және 5-6 см-ден кем емес тереңдікте, компрессиялар арасында минималды үзіліс жасап, 18 секундта 30 компрессия жүргізу керек

Массаж жасаушы компрессия ретін дауыстап санау керек. 25 компрессиядан асқанда екінші адам тыныс жолын тазартып, Сафара үштігімен ауызын ашып, дем беруге дайын тұруы керек.



10

Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету (А)

Зақым алған адамның басын бір жаққа қарай бұру, ауыз қуысын қарау, ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту (шырыш, құсық массалары, тіс протездері және т.б.). Сафар үштік әдісін орындау: басты артқа шалқайтып, төменгі жақты алға қарай тарту және ауызын ашу (егер омыртқа бағанының мойын бөлімінің жарақатына күдік туатын болса, онда басты нейтралды қалыпта орнатып, төменгі жағын алға қарай тарту). Реанимациялық іс-шараларды бастау уақытын белгілеу.







11.

Өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізді. (В)



Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» әдісімен салфетка немесе дәке арқылы немесе Амбу қапшығы арқылы жүргізу:

  • Зақым алған адамның маңдайына орнатылған қолмен оның басын артқа қарай шалқайтып, мойын және шүйде астына орнатылған екінші қолымен басты ұстап тұру; ·

  • маңдайда орнатылған қол саусақтарымен мұрын саңылауларын қысу; ·

  • өз аузымен зақым алған адам аузын тығыз қысып, оның тыныс жолдарына дем шығару (тиімділікті бақылау критерийі- кеуде торының көтерілуі);

  • өз басын көтеріп, зақым алушының тынысты шығаруы кезінде кеуде торының төмен түсуін бақылау;

  • тағы бір жасанды тыныс алуды орындау керек (барлығы 2 вентиляцияны 2 секундта жүргізу керек).

  • Тынысты Амбу қабымен беруге болады



12.
 

1 циклда 30 компрессия + 2 вентиляция орындалды. Тоқтаусыз 5 цикл жүргізу арқылы 1 период орындалады. 1 период - 150 массаж 10 вентиляцияға тең. 1 период 2 минут ішінде орындалуы керек.


13.
 

Стоп-талдау жүргізді.



  • 5 секунд ішінде тынысы мен ұйқы артериясы пульсациясының барын анықтау.

  • Реаниматорлар ауысады, яғни компрессия жасаған адам вентиляция беруге ауысады. Вентиляция беріп тұрған адам, компрессия жасауға ауысады.




14.
 

Стоп-талдау кезінде


Автоматты дефибрилятор аппаратымен жүрек ритмі анықталады. Жүрек ритмі шок беретін ритм болса, бір разряд береді. Жүрек ритмі шок бермейтін ритм болса, компрессия- вентиляция жалғаса береді.

Жүрек ритмін анықтау және разряд беру кезінде науқасқа ешкім жанаспауы керек. Себебі ток жанасқан адамға өтіп, ол адамды да зақымдауы мүмкін. Жүректің ритмін дұрыс анықтау және разряд беру кезінде реанимацияны 5 секундтқа тоқтауы керек.

15.
 

Бірінші разряд қашан беріледі?

Бірінші разряд дефебрилятор дайын болғанда беріледі.


16.

Келесі разрядтар қашан беріледі?

Екінші және келесі разрядтар стоп талдау кезінде, яғни 1 период аяқталғаннан кейін, немесе әрбір 2 минут сайын беріледі

17.

Науқастың кейінгі бағытын анықтау.



Егер жүрек- өкпелік реанимацияның бір периодынан кейін тыныс алу мен қанайналым қалпына келсе, онда зақым алушының кейінгі бағытын бақылайды. Егер тыныс алу мен қанайналым қалпына келмесе, онда жүрек- өкпелік реанимацияны оң нәтижеге дейін жалғастыра береді (жүрек- өкпелік реанимацияның жалпы ұзақтығы 30 минутқа дейін)


18.

Жүрек тонусын арттыру үшін эпинефрин (адреналин) егу


3 разрядтан кейін нәтиже болмаса, науқас тамырына адреналин 0,1% 1 мл + 10 мл физ ертіндімен қосып тамырға егеді


19
 

Жүрек ритмін реттеу үшін Амиодарон немесе лидокаин егу

300 мг дозада тамырдан 20 мл 5% глюкозамен қосып егеді


20.

Адреналиннің келесі дозасы әрбір 3-5 минут сайын 1 мл дозада қайталана береді

Амиодаронның келесі дозасы 150 мг-да қайталанады.




21

Жүрек өкпе реанимациясы тоқтатылады

  • пациент есін жиып, тірілгенде

  • реанимация жасаушы адам қатты шаршағанда

  • адамда биологиялық өлім белгілері анықтала бастағанда

  • жедел жәрдем көмегі жеткенде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет