Жумахметова Зура



жүктеу 242.6 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.03.2017
өлшемі242.6 Kb.

Жумахметова Зура, 

Аймақтық-инновациялық университетінің  

магистранты (Қазақстан, Шымкент) 

 

«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК  

ТӘРБИЕСІ ЖАЙЛЫ 

 

Бул макалада улуу түрк ойчулу Жусуп Баласагындын (XI кылым) чыгармаларынын жаш муундадры тарбиялоодогу 

наркын, ролун жана, ошондой эле Баласагын жана Абайдын философиялык ой- пикирлеринин окшоштуктары, жакындыгы 

каралат. 

Keywords: гуманизм, элдик педагогика, билим берүү. 

 

В данной статье рассматривается роль и значение произведении великого тюркского мыслителя Юсуфа Баласагуни 



(ХІ в.) в воспитании подрастающего поколения, а также преемственность философских мыслей Юсуфа Баласагуни и Абая. 

Ключевые слова: гуманизм, народная педагогика, воспитание. 

 

This article examines the role and importance of the great Turkic thinker Yusuf Balasaguni (XI c.) In the education of the 



younger generation, as well as the continuity of philosophical ideas and Balasaguni Yusuf Abay. 

Keywords: humanism, folk pedagogy, education. 

 

Қай заманда да қоғам мен мемлекетті құрайтын қауым, халық, жеке адамдардың адамгершілік, кәсіби 



қасиет, қабілеттерінің қалаулы деңгейде болуы адамзат ойшылдарын үнемі толғандырып келген. Әр адамның 

да өмірі, тыныс-тіршілігі отбасы мен қоғам ішінде өтеді. Отбасында жеке адамның сәби, бала кезінен бастау 

алатын адам болу, кейін келе қоғам ісіне араласып маман болу процесі жүзеге асады. Адамгершілік жағынан 

жетіліп, есейе келе кәсіби қабілеттерін игере жүріп әр адам әуелі отбасына, сонан соң өзі өмір сүріп отырған 

қоғамы  мен  мемлекетінің  қуатты  да  құтты  болуына  өз  үлесін  қоса  алады.  Осы  орайда  адамгершілік  кітабы 

ретінде мойындалған «Құтты білік» дастанының берер тәлім-тәрбиесі орасан зор. Жүсіп Баласағұнның «Құтты 

білік»  дастаны  неміс,  түрік,  өзбек,  орыс,  қазақ  тілдеріне  аударылып,  екі  ғасырдай  уақыттан  бері  зерттеліп, 

қарастырылып келеді. Аса құнды шығарма «Құтты біліктің» көне түркі тілінен аударылып, көзі қарақты қауымға 

таныла  бастауында  В.Радловтың  еңбегі  аса  елеулі.  Қазақ  оқырманы  дастан  мазмұнымен  А.Егеубаев  (1986), 

Ә.Құрышжанов (2004) аудармалары арқылы таныс. Т.Ахметов пен У.Жамирова «Құтты білік» дастанын тәлім-

тәрбиелік ойлары мен халықтық педагогика тұрғысынан зерттеді. А.Егеубаев пен М.Әліпхан «Құтты білікті» 

қазақ  әдебиеті,  оның  ішінде  Абай  шығармаларымен  сабақтастырып  диссертация  қорғады,  зерттеу  еңбектері 

жарияланды.  Ал  дастандағы  адамгершілік  тақырыбының  мән-мазмұны  мен  терең  төркіні  көрнекті  ғалым 

М.Мырзахметұлы тарапынан тиянақты танылды. Біз өз мақаламызда осы мәселе жайлы ой өрбітпекпіз.  

М.Мырзахметұлы  –  адамгершілік  тақырыбы  мен тәрбиесі туралы өнімді де  толымды ізденіс танытып 

жүрген көрнекті ғалым. Оның «Қазақстан» баспасынан 1994 жылы жарық көрген «Абай және Шығыс» атты 

кітабында  «Құтадғу  білік»  және  Абай»  деген  мақаласы  берілген.  Мұнда  дастан  мазмұны  мен  Абай 

шығармаларындағы сабақтастық мәселесі қарастырылған. Ғалым өз мақаласын мынадай пікірімен бастайды: 

«Абай шығармаларында жүйелі түрде  мол  талданатын  мораль философиясы жайлы  ой-толғаныстардың ішкі 

төркіндері, әсіресе ондағы жәуәнмәртлік жөнінде айтылатын пікірмен іштей іліктестік табатын рухани қазына 

көздерінің біріне - XI ғасырда қазақ жерінде жазылып дүниеге келген «Құтадғу білік» дастанын жатқызамыз. 

Бұл  ойымызға  айғақты  дәлел  ретінде  екі  түрлі  себепті  еске  алмақ  керек.  Оның  бірі  -  Абайдың  ақындық 

кітапханасының қорында  Жүсіп Баласағұнның атақты  дидактикалық  дастаны  «Құтадғу  біліктің»  де  болғаны 

жайында ақынның немере інісі Мұтылғанның (Шәкәрімнің) жазбаша дерегі. Ол дерек бойынша оның «Құтадғу 

білікпен» таныс болғаны әрі ол кітапты өзі Абай кітапханасынан алып пайдаланғаны туралы құнды мағлұмат 

берілген» [1, 133-134 бб.]. Сөйтіп «Құтадғу білікті» Абай да, Шәкәрім де оқыған, өз қажеттеріне пайдаланған 

екен. Бұдан әрі ғалым дастан туралы қысқаша мәлімет беріп өтеді. Ғалым дастанның басты идеясын тапқыр 

тауып айтқан: «Жүсіп Баласағұн осы кезеңге тұс келді де, мемлекетті орталықтандыру идеясын жыр етті. Ескі 

түркі жазуындағы Білге қаған толғайтын мемлекетті орталықтандыру, білім, ақыл, білік жайлы өсиет сарыны 

рухани дәстүр ретінде жалғас тапқаны бұл идеяның «Құтадғу білікте» жаңаша қойылуынан да көрінеді» [1, 135-

136  бб.].  Адамгершілік  асыл  қасиеттер  мен  кәсіби  қасиет,  қабілеттер  осы  мемлекетті  орталықтандыру,  оны 

мықты, қуатты ету жолында көбірек керек болған. Сондықтан да ғалымның бұл пікірін өте орынды айтылған ой 

ретінде қабылдаймыз. Ғалым өз мақаласында шығармаға қатысты, оның авторы, туған жылы мен мекені, дастан 

ерекшелігі мен нұсқалары туралы тың да толымды пікірлер айтады. Осы орайда ғалымның мына ойларын атап 

өткен жөн:  «Құтадғу білік»  - дидактикалық дастан болуы себепті сол дәуір жағдайына лайықты мемлекеттік 

басқару  ережелерін,  халықтың  мінез-құлқы,  салт-санасы,  әдет-ғұрпын  өз  бойына  жинақтаған  өмір  оқулығы 

іспеттес  энциклопедиялық  зор  шығарма»  [1,  137  б.].  Ғалым  әсіресе  дастандағы  негізгі  мәселе  мен  ондағы 

мазмұнның  мораль философиясына, яғни адамгершілік тақырыбына негізделетінін баса айтады. Шынында да 

ғалым жазғандай, дастанда әділет, бақыт, ақыл, қанағат сияқты этикалық күрделі төрт ұғым екшеліп алынып, 

оларға  балама  бейне  ретіндегі  төрт  кейіпкердің  сұрақ-жауабы  баяндалған.  Ғалым  әсіресе  дастандағы 

жәуәнмәртлік  ұғымына  баса  мән  беретінін  байқатады:  «Құтадғу  біліктегі  бастан-аяқ  сөз  болып  көптеген  ой-

толғаныстарға өзекті желі болған – әділет, ақыл, қанағат, рақым, ізгілік жайлы моральдық ұғымдардың арғы 

төркіні Тұран жерінде жатқан жәуәнмәртлікпен тұтасып жатқан тума құбылыстар десе болғандай» [1, 138 б.]. 

Ал  жәуәнмәртлік  М.Мырзахметұлы  еңбегінде  жазылғандай,  адам  бойындағы  адамгершілік  қасиеттердің  ең 

негізгі, ең басты үшеуін қамтиды. Абай 38-қарасөзінде жәуәнмәртлік ұғымы құрамында ақыл, әділет, рақым 

атты үш қасиетті атайды [2]. Жәуәнмәртлік құрамындағы үш қасиет өзге барша асыл, ізгі қасиеттерге іргетас, 

негіз  секілді  әрі  өзге  қасиеттер  осы  үшеуінен  бастау  алады.  М.Мырзахметұлы  жазғандай,  дастандағы 

жәуәнмәртлік ұғымы төрт қасиетпен танылады. Олар әр кейіпкердің болмысына телініп, олардың басты сипаты 

түрінде көрініс тапқан - әділет, бақыт, ақыл, қанағат қасиеттері. Әрбір адам, жалпы қоғам мен мемлекет осы 

төртеуін меңгеру арқылы кемел, жетілген, қуатты да құтты болмақ. М.Мырзахметұлы мақаласында айтылған 

мына  пікірдің  танымдық  мәні  зор  деп  білеміз:  «М.Әуезов  те  бұл  дастанға  көп  көңіл  бөлген.  Москва 

университетінде оқыған лекциясында осы дастанға арнайы тоқталып, талдау жасап, пікір білдірген жерлері бар. 

Бұл аталған деректер тобы «Құтадғу білік» пен қазақ әдебиетінің байланысы жайлы зерттеу жұмысын жүргізуді 

қажет  етеді»  [1,  138  б.].  Ғалым  адамгершілік  жағынан  кемелденіп,  жетілу  жолындағы  екі  түрлі  бағытты  – 



камилиинсан мен бенделіктің кәмәлат табуын арнайы атап өтеді. Мұның дастан мазмұны мен мәнін танудағы 

пайдасы зор. Осы орайдағы ойын ғалым былайша өрбітеді: «Жүсіп дастанында әділет, ақыл, рақымды бойына 

дарытқан  шын  өмірдегі  толық  адам  образын  Айтолды,  Оғдырмыш  бейнесі  арқылы  берсе,  бенделіктің 

кәмәләттығын аңсағандардың жиынтық образын тәркі дүние жолына түскен Озғырмыш бейнесі арқылы көрсете 

алған» [1, 138 б.]. Кәмили инсанжолындағылар өздерінің адамгершілік қасиеттерін қоғам ішінде адамдармен 

араласа, олармен қарым-қатынас жасай жүріп жүзеге асырса, бенделіктің кәмәләты жолындағылар қоғамнан, 

елден, мемлекеттен тыс шетке кетіп, оңаша, оқшау өмір салтын ұстанады. Бенделіктің кәмәләты жолындағылар 

өздерінің рухани болмысын, адамгершілік қасиеттерін бір Жаратушының ризалығы үшін әрі Бір Алланың ғана   

жолында  жүріп  жетілдіруді  көздейді.  Мұндай  жағдайда  адамның  шынайы  адамгершілігі,  нақты 

қайырымдылығы  көрінбей,  байқалмай  қалатыны  бар.  Себебі  адамгершілік,  қайырымдылық  кісінің  кісіге 

жасаған  жақсылығы  мен  пайдасы,  қайырымы  арқылы  көрініс  табады.  Оңаша  өмір  сүрген  жан  өзгеге  де 

жақсылық пен пайда жасай алмай, өзі де өзгенің қайырымын пайдалана алмайды. Осындайда ғалым дастандағы 

адамгершілікті дәріптеудің ерекшелігін былайша түсіндіріп береді: «Құтадғу білік» дастанында негізінен тәркі 

дүние жолына түскендердің идеалы бенделіктің кәмалаттығын терістеу мен өмірге құштар, ізгілікті көздеген 

кәмили инсаниді (толық адамды) мадақтау жағы басым жатады. Ал осы таным Абай шығармаларында толық 

адам мен бенделіктің кәмалаттығы деген арнайы термин сөздермен беріліп, кеңінен таратылып отырады» [1, 139 

б. ]. Ғалым мақаласында дастандағы адамгершілік тақырыбы мен адами асыл қасиеттерді жырлау жайы басым 

екені  айтылады.  Сөйтсе  де  кәсіби  қасиетке  қатысты  ойлары  да  сөз  арасында  ұшырасып  отырады.  Ғалым 

дастандағы әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері туралы мәселені де  қозғайды. Ал әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің 

адамгершілік  ортақ  қасиеттерімен  бірге  олардың  өздеріне  ғана  тән  қасиет,  қабілеттері  де  болатыны  белгілі. 

Ғалым М.Мырзахметұлы Ж.Баласағұн мен Абай шығармаларындағы ерекше құрметті әлеуметтік топ өкілдері - 

хакимдер туралы айрықша ой өрбітеді. Дастанында қоғамдағы барлық әлеуметтік топтарды саралап талдай келе, 

Жүсіп  Баласағұн  солардың  арасынан  хакимдерді  ерекше  бағалап,  асыра  мадақтайды.  Осы  орайда  ғалым 

М.Мырзахметұлы  былайша  толғанады:  «Дана  ғалымдармен  араласуды  үйретеді»  деп  аталатын  тараушада 

хакимдер халықты жақсылыққа, ізгілікке бастаушылар. Олардың білімін үйрен, өздерін сыйла деп уағыздайтын 

Әлемде болмаса егер ғалым, хаким, 

Егіліп егін жерде бермес өнім [3],–дегендегіой желісі Абайдың 38-қарасөзінде кеңінен таратылған. Абай 

жәуәнмәртлікке байланысты әлеуметтік топтарды төртке бөліп жіктегенде, солардың ішінен хакімдерді бөліп 

алып,  олардың  қоғамдағы  қызметін  aca  жоғары  бағалаған.  Абайдың  38-қарасөзіндегі:  «Бұлардың  ісінің  көбі 

дүние  ici...  Бұл  хакимдер  ұйқы,  тыныштық,  әуес-қызықтың  бәрін  қойып,  адам  баласына  пайдалы  ic 

шығармақлығына,яғни электрді тауып аспаннан  жайды  бұрып  алып,  дүниенің бір  шетінен  қазір  жауап алып 

тұрып, от пен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп қойып тұрғандығы, уахусусан 

адам  баласының  ақыл-пікірін  ұстартып,  хақ  пен  бутылдықты  айырмақты  көрсеткендігі  –  баршасынәфиғлық 

болған соң, біздің оларға міндеткерлігімізге дағуа жоқ» деген пікірлер хакимдерді бағалауы жағынан «Құтадғу 

біліктегі» Жүсіп ойларымен ұштасып жатқан нақты айғақты дәлелдейді» [1, 139 б.].  

Сөйтіп хакимді құрметтеу –екіақындағы басты мәселе: бұ дүние ісінде жасалатын ізгі, қайырымды, игі 

істер менқасиеттерді дәріптеу болып шығады да, мұның өзі түптеп келгенде адамгершілікті насихаттау екенін 

байқаймыз. Бұ дүние мен жұмыржердегі тіршілік, ондағы қоғам мен мемлекет – жақсылық пен қайырымдылық 

жасау алаңы секілді. Ғалым Абай мен Жүсіп Баласағұн арасындағы ой-пікір сабақтастығы мен сарындастығын 

жар таңдау мәселесіне де қатысты талдап өтеді. Негізі М.Мырзахметұлының мақаласында екі ақындағы ой-пікір 

сабақтастығы  басты  назарға  алынған.  Ал  сол    сабақтастық  көбіне  адамгершілік  тәрбиесі  мен 

тақырыбынанегізделеді. 



Әдебиеттер 

1.

 



Мырзахметов М. Абай және Шығыс. – Алматы: «Қазақстан», 1994. 

2.

 



Абай. Шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: «Жазушы», 1986. 

3.

 



Йүсүп ұлық Хас-Хажиб Баласағұни. Құтадғу білік. Наманган нұсқасы. – Түркістан: ХҚТУ баспасы, 2004. 

 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет