К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет130/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   446
Бақылау-зерттеу  –  заттар  мен  құбылыстарды  мақсатты  зерттеу, 
мағлұматтарды  іріктеп  жинау,  көзбен  көргенді  сезім  мүшелерімен  қабылдау 
және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, 
қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. 
Бақылаушының  бастапқы  мақсаты  нені  бақылау  керек  және  қандай 
құбылыстарға  көңіл  бөлу  керектігін  анықтайды.Зерттеу  барысында  бақылап-
зерттеу түрлерінің сан алуан жіктемесін ажыратуға болады.  
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа 
басқару  әдістері  пайда  бола  бастады.  Оқу-тәрбиелік  ақпараттармен  жұмыс 
жүргізуші  қызметкер  оларды  жинау,  өңдеу,  сақтау  және  пайдалану  тәсілдерін 
жақсы  білгені  жөн.  Мектеп  басшысы,  менеджер  өз  қызметінде  бақылау, 
сауалнама  жүргізу,  тестілеу,  нұсқау  және  әдістемелік  материалдармен  жұмыс 
жасау  әдістерін  белсенді  қолдана  білуі  шарт.  Мектеп  әкімшілігінің  күш-қуаты 
басқарудың  мектепішілік  ақпараттық  технологиясын  нақтылап,  тәжірибеге 


105 
 
ендіруге  жұмсалуы  тиіс.  Бұл  технологиялар  басшыларға  да,  әрі  мұғалімге  де 
таныс  болуы міндетті.  
Басқаруды  ұйымдастыру  формалары  әрқилы  құрылым  және  бағыттарда 
болуы  мүмкін:  нұсқау-әдістемелік,  теориялық  семинар,  оқушылар  ұжымының 
отырыстары,  педагогикалық кеңестер,  әдістемелік  бірлестіктер,  педагогикалық 
конференциялар,  педагогикалық  оқулар,  ата-аналарды  педагогикалық  жаппай 
сауаттандыру  және  т.б.  Әлеуметтік-психологиялық  әдістерді  іске  асыру 
формалары  мектептің  ішкі  тәртіп  Ережелерінде  көрсетіледі  немесе  мектеп 
Жарғысына ендіріледі. 
Сонымен,  мектепті  басқаруды  ұйымдастырудағы  маңызды  жағдай– 
педагогикалық  басқару  жүйесінің  қалыпты  күйге  келіп,  әрекетшілдік 
жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір басшының жете білуі. 
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару 
қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. 
 Басқару әдістерінің негізгі топтамасы төмендегідей:  
1)  педагогикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет