К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет145/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   446
Мониторинг  –  ұзақ  уақыт  белгiлi  бiр  мақсат  негiзiнде  жинақталған, 
сақталған  ақпараттарды  өңдеу,  субъектiлердi  ақпарат  нәтижесiмен  қамтамасыз 
ететiн керi байланыс. 
Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай 
тұрып  жасалып  қоюға  тиiстi.  Мониторинг  пен  бағалау  ұқсастығы  мақсатында, 
жұмыс  жоспарына,  штат  кестесiне  қатысты.  Мониторингтiң  көп  аспектiсi 
бағалауға 
ұқсайды. 
Айырмашылығы 
орындау 
уақытында, 
кiм 
орындайтындығында,  сонымен бiрге жиналған  ақпараттың алуан түрлiлiгi мен 
нақтылығында. 
Педагогикалық  мониторингтiң  негiзгi объектiсi бiлiм  және  тәрбие  болып 
табылады.  Педагогикалық мониторингтiң нәтижесi  бiлiм  құрылымындағы,  оқу 
дағдысындағы,  тәртiбiндегi,  қатынас  жүйесiндегi  тұлғаның  бағытталуы  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  педагогикалық  мониторинг  объектiсi  ретiнде 
жетiстiктерге  жеткiзетiн  оқу-тәрбие  үрдiсiнiң  нәтижесi,  құралы,  технологиясы  
да алынады. 


111 
 
Педагогикалық  мониторингтiң  негiзгi қасиеттерiнiң бiрi  –  оқу-тәрбие 
процесіне 
үздiксiз 
бақылау 
жүргiзу. 
Сондықтан 
да педагогикалық 
диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады. 
Мониторинг  жалпы  педагогикалық  ғылыми  түсiнiктерге  сәйкес  керi 
байланыс,  рефлексия  деген  ұғымды  бiлдiредi.  Педагогикалық  мониторинг  – 
қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау және  
педагогикалық  жүйе  қызметiнiң  даму  мақсатындағы  ақпараттарды  жинақтау, 
сақтау, өңдеу, тарату. 
Педагогикалық  мониторингті  зерттеген  В.А.Болотов,  В.С.Безрукова, 
Н.В.Борисова,  В.И.Гинецинский,  А.Н.Дахин,  В.М.Монахов,  А.М.Новиков, 
Л.С.Подымова, 
В.А.Сластенин, 
Г.А.Стефановская, 
В.И.Слободчиков, 
Н.А.Шайденко,  Н.О.Яковлева  және  т.б.  өз  еңбектерінде  педагогикалық 
мониторингтің  нәтижелері  мен  құрылымын  және  түсініктемесін  талдай  келе, 
қазіргі педагогикалық ғылымда және тәжірибеде осы күнге дейін мониторингке 
деген  жүйелі  тәсілдемелердің  құралмағаны  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының 
тәжірибелік  бағыттарын  және  педагогикалық  практикалық  қызметтің  
табыстылығын  едәуір төмендетеді. 
Г.А.Стефановскаяның  зерттеуіне  сүйенсек,  педагогикалық  мониторинг  – 
бұл    диагностика,  баға  және  педагогикалық  процестi  жобалау,  оның  жүрiс-
барысын, даму перспективаларын қадағалау.  
Білім  берудегі  мониторинг  –педагогикалық  және  басқарушы  категория, 
өйткені  ол  ақпарат  теориясының  негізгі  қағидаларынның көшірмесін  жасамай, 
оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады. 
Мониторинг  деректерін  бастапқы  жоспарланған  көрсеткіштерімен 
салыстыру  қолданылған  әдістер  мен  тәсілдердің  тиімділігін  бағалауға,  оларды 
түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі қызметкерлердің 
жүргізгені  дұрыс.  Мониторингті  жүргізу  арқылы  деректер  базасы  құрылады, 
олар  берілген  топтағы  оқушылардың  (қызметкерлердің,  студенттердің, 
магистранттардың)  ары  қарай  дамуын  терең  талдауға  және  дер  кезінде 
түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді. 
Мониторингтiң атқаратын қызметi: 
1) мақсатты анықтау; 
2) ұйымдастыру; 
3) ақпаратты өңдеу; 
4) шешiм қабылдау; 
5)  түпкiлiктi нәтиженi болжау; 
6) әрекет барысына түзетулер енгiзу; 
7)  елеулi  проблемаларды,  олардың  себептерiн  анықтау,  оларды  шешуге 
ықпал ету; 
8) аралық мiндеттерiн  орындалу сапасын анықтау;  
9) басқарушылық шешiмдер қабылдау. 
Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар:  ақпараттың 
толықтылығы; 
 нақтылығы; 
объективтiлiгi; 
 үздiксiздiгi; 
 уақытында 


112 
 
орындалуы;   құрылымдылығы,  үздiксiздiгi;  мониторингтiң  әр  түрiне  арнайы 
жасалуы. 
Мониторингтің  қарапайым  мектепішілік  бақылаудан  ерекшелігі: 
үздіксіздігі;  жүйелілігі;  уақытымен  өткізілуі;  стандарттың  қойылуы; 
жетістіктерін  бағалау  критерийлерін  анықтау;  болжаудың  жоғары  деңгейі 
(динамиканы бақылауда). 
Мониторингтiң 
түрлерi: 
педагогикалық; 
әлеуметтанымдық; 
психологиялық;  медициналық;  экономикалық;  демографиялық  және  т.б.  (36-
сурет). 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет