К. Д. Бузаубакова


Сурет-41. Ақпаратқа қойылатын педагогикалық шарттар



Pdf көрінісі
бет150/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   446
Сурет-41. Ақпаратқа қойылатын педагогикалық шарттар 
 
 Білім  беру    процесін    бақылау  технологиялары.  Мектепішілік  
бақылаудың  принциптері,  түрлері,  әдістері,  мазмұны.  Білім  беру  қызметі 
білім сапасымен, оқыту сапасымен  анықталады. 
Білім  беру  сапасы  дегеніміз  –  білім  берудің  белгілі  бір  нормалар  мен 
стандарттарға  және  оқушылардың  дайындық  сапасын  сипаттайтын  мүдделері 
мен қажеттіліктеріне сай болуы. 
Оқыту  сапасы  деп  білім  мазмұнын  игерудің  (білімнің,  іс-әрекет 
тәсілдерінің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, эмоционалдық-құндылық 
қарым-қатынастарының) және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде 
өздерінің  жеке  мүмкіндіктері,  талпыныстары  мен  оқыту  мақсатына  сәйкес 
дамуының  белгілі  бір  деңгейін  айтады.  Егер  оқыту  нәтижелері  операциялық 
тұрғыда  берілген  мақсатқа  сәйкес  келсе  және  әлеуметтік  даму  аймағында 
болжанған болса, онда оқыту сапалы деп танылады.  
Бағалау   (ағылш.  –  assessment  →size  (көлемін  анықтау,  көбінде 
салықтың) →sed/sit – отыру (ақпарат беріп көмектесу) – бұл оқыту нәтижесінде 
оқушылар  нені  біліп  түсінді  және  осы  білім-түсініктерін  қалай  қолдана 
1
• Шынайлылық
2
• Дәлділік
3
• Толықтылық
4
• Жеткіліктілік
5
• Жүйелілік (құрылымдылық)
6
• Жалпылау оңтайлығы
7
• Жеделдік (уақыттылығы)
8
• Қолжетімділік


122 
 
алатынын  терең  түсіну  үшін  түрлі дерек  көздерінен  ақпаратты  жинақтау  және 
талдау процесі. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауда  төмендегідей  бақылау 
түрлері қолданылады: 
1) күнделікті  (сабақ  сайын) –  нақты  сабақтың  оқу  материалын  меңгеру 
нәтижелерін қадағалау; 
2) тақырыптық  –  оқу  бағдарламасының  түйінді  тақырыптары  бойынша 
білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау; 
3) жалпылай  –  тоқсан  соңында  немесе  жартыжылдық  жеке  оқу  курсы 
бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер 
мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау. 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерге  соңғы  кезеңде  критериалды 
бағалауды енгізу төмендегілерге мүмкіндік берді: 

оқушылардың  оқу  жетістігін  бағалауда  бірыңғай  стандартталған 
тұрғыдан қолдануға, ол бағалаудың анықтығын және айқындығын қамтамасыз 
етуге; 
- оқушының дамуын жылдар динамикасында бағалау үшін салыстыратын 
деректердің болуына. 
Бақылау  –  бұл  педагогикалық  басшылықтың  және  оқушылардың 
танымдық  іс-әрекетін  меңгертудің  функциясы.  Бақылаусыз  жеке  адамның 
дамуы  мен  қалыптасуын  басқаруға  болмайды.  Бақылаудың  психологиялық-
педагогикалық мәні оқушыға дер кезінде көмек беру, олардың шығармашылық 
күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп 
орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. 
Оқу-тәрбие  процесінің  барлық  кезеңдерінде  бақылаудың  мазмұны, 
оқушыларды  шығармашылық  іс-әрекетке  ынталандыру  және  олардың 
белсенділігін  дамытуы  тиіс.  Бақылау  процесінде  мұғалім  оқушылардың  жаңа 
білімді игеру сапасы бойынша мағлұмат алады. 
Бақылау  –  мекеме  жұмысының  соңғы  нәтижесіне  сандық  әрі  сапалық 
баға беру.  
Бақылау төмендегідей кезеңдерді қамтиды: 
-  білім  беру  мекемесінің  әртүрлі  жүйесінің  жай-күйін  бағалаудың  норма, 
стандарт, критерийлерін белгілеу; 
-  бақылау  объектісінің  белгіленген  нормасының  сәйкестік  дәрежесі 
бойынша ақпарат жинау; 
- қол жеткен нәтижені белгілеп, стандартпен салыстыру; 
- фактілерді талдау, сәйкессіздікті болдырмау жолдарын іздестіру; 
-  қол  жеткен  нәтижемен  төменгі  отырғандарды  хабардар  ету,  ақпаратты 
жеткізу және тарату; 
- нәтиже бойынша ақпаратқа баға беру; 
-  алдында  қабылданған  жоспар  мен  шешімге  түзетулер  енгізу, 
коррекциялау. 
Жиналатын ақпараттардың мазмұны мен көлеміне қарай бақылау түрлері: 
 кешенді (жүйелі); тақырыптық. 


123 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет