К. Д. Бузаубакова


 Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау



Pdf көрінісі
бет210/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   446
2.4 Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау 
 
 Мектептегі әдістемелік қызмет  мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігін  
қалыптастыруды басқару жүйесі ретінде. Әдістемелік қызметтің мақсаты, 
міндеті  және  іс-әрекеттің  негізгі  бағыттары.  Ғылыми-әдістемелік  кеңес, 
мақсаты,  міндеті  қызметі  және  өкілеттілігі.  Мұғалімдердің  әдістемелік 
бірлестігінің түрлері мен рөлі. 
«Құзырлық»  сөзі    –    «құзыр»  сөзінен    шыққан.  Қазақстан  Ұлттық 
энциклопедиясында: «Құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды 
тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктері, құқықтары мен міндеттерінің 
жиынтығы» – деп көрсетілген.  
Латын  тілінен  аударғанда  «құзырлық  –  өз  ісін  жетік  білу,  танымы  мол, 
тәжірибелі»  деген  мағынаны  білдіреді.  Белгілі  бір  саладағы  құзырлықты 
меңгерген  тұлғаны  өз  саласына  сәйкес  білім  мен  біліктілікпен  қаруланған 
қандай  да бір  негізі  бар  ой-тұжырым  жасайтын  және  тиімді  әрекет  ете  алатын  
маман деп  қарастыруға болады. 
Педагогика  ғылымында:  «Құзыр»  –  тұлғаның  белгілі  бір  пәндер 
шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттер тәсілінің өзара 
байланысқан  сапаларының  жиынтығы,  ал  «құзырлық»    –  адамның  іс-әрекеті 
саласына  сай  құзырлықтарды  меңгеруі»  –  деген  анықтама  беріледі.    Бұл  екі 
ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастыруға болады. Мысалы, құзырлық 
педагог  дайындығына  алдын-ала  қойылатын  талаптарды  білдірсе,  ал 
құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы 
іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін  анықтайды. 
В.А.Сластенин,  А.К.Маркова,  А.М.Новиков,  М.И.Қабышева    және  т.б.  
ғалымдардың  зерттеуіне  сүйенсек,  «құзыреттілік»    сөзінің    құрамына    кәсіби, 
әлеуметтік-педагогикалық,  әлеуметтік-психологиялық,  құқықтық    және    т.б.  


167 
 
интеграцияланған  күрделі,  кең    мазмұнды    сипаттамалар    түсінігі    кіреді. 
Жалпылама  түрде  маманның  құзыреттілігі  оның  кез келген  салада  кәсіби  
қызметінің    нәтижелі    болуы    үшін    қабілеттері,  сапасы    мен    тұлғалық  
қасиеттерінің  бір-бірімен  байланыстылығын  көрсетеді. 
Психологиялық-педагогикалық    әдебиеттерде    «құзыреттілік»    сөзі  кең  
мағынада  ашылады. Педагогика  ғылымдарында  кәсіби  құзыреттілік  ұғымы  
білім  мен   іскерліктің  жиынтығы, мәселелерді  шешудегі  дағдының  көлемі, 
жеке  сапалар мен  қабілеттердің  өзара   қабысуы, кәсіби  маңызды  тұлғалық  
сапалар  мен    білім    кешені,    еңбекке    теориялық    және    практикалық  
дайындықтың  тұтас жиынтығы  түрінде  қарастырылады. 
Кәсіби құзыреттілік:  мұғалімнің  тұлғалық  сапалары;  маманның   жеке, 
дара    психологиялық    сапасы;  мұғалімнің    педагогикалық    қарым-қатынас    
ерекшеліктері;  инновациялық      технологияны    меңгеру  деңгейі; 
коммуникативтік    әрекетті  үнемі  жетілдіріп  отыруға  талпынысы;  сындарлы 
ойлау қабілеттілігі; ұдайы шығармашылық  ізденіс  (51-сурет). 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет