К. Д. Бузаубакова


Э.Мэйоның  адами қарым-қатынас мектебінің мәні



Pdf көрінісі
бет23/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   446
 Э.Мэйоның  адами қарым-қатынас мектебінің мәні: 
1)  адамдарға психологиялық тұрғыдан ықпал ету; 
2)  адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру; 
3)  жұмысшыларды өз  қалаулары бойынша топтастыру; 
4)  жұмысшыларға    шығармашылық  іске  қабілетті  адам  ретінде  ықпал 
жасау;  
5)  жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру;  
6)  өндірісте шығармашылылық белсенділікке жол ашу; 
7)  жұмысшыларды  өндіріс  процесін  талқылауға  және    тиісті  шешім 
қабылдауға қатыстыру ; 
8)  өз  мамандығына  деген  мақтаныш  сезімін  көтермелеу,  оларды 
ынталандыру; 
9) адамдарға көңіл бөлу, қамқорлық   таныту. 
1933  жылы  Э.Мэйоның    «Индустриялық  өркениеттегі  адамгершілік 
қарым-қатынастар»  еңбегі жарық көрді. Бұл  еңбектің   құнды  идеясы – еңбек 
тиімділігін арттыру  үшін жұмысшылардың психологиялық жағдайы мен көңіл-
күйін  жақсарту.  Э.Мэйоның    пайымдауы  бойынша,    жұмысшыларды  бақытты 
ету үшін еңбек өнімділігін барынша арттыру қажет. 
Адамгершілік  қарым-қатынас    мектебінің  өкілдері  басқару  жүйесіндегі 
жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру  жолдарын  іздестіруге көңіл бөледі:   
1)    классикалық  мектеп  ұсынған  «жоғарыдан  төменге  қарай  бағыну 
үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, билік тек жоғарыдан  төмен қарай 
жүруін  тиімді  деп  есептемеді.  Олар  қарым-қатынастың  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды; 
2)  егер  басшылар  жұмысшыларға  көбірек  қамқорлық  жасаса,  онда 
олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. 


25 
 
3)  басшылардың  тиімді  әрекет  етуі,  жұмыскерлермен  кеңесуі,  қарым-
қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беру және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет