К. Д. Бузаубакова


Психологиялық-  педагогикалық  тәжірибелік  сабақ



Pdf көрінісі
бет230/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   446
Психологиялық-  педагогикалық  тәжірибелік  сабақ. Жұмыстың мұндай 
түрінің  пайда  болуына,  ғылым  мен  озат  тәжірибенің  жаңа  табыстарымен 
танысудағы  мұғалімдердің  қажеттілігінің  өсуі  себеп  болды.  Мұндай  тәжірибе 
сабақтары  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастырушылардың  жоғары  біліктілігін 
немесе  ғалымдармен,  педагогикалық  институт  қызметкерлерімен,  кәсіби 
біліктілікті  арттыру  институттарының  маман-дәріс  берушілерімен  тікелей 
байланыс  жасауды  талап  етеді.  Психологиялық-педагогикалық  тәжірибелік 
сабақты  өткізу  кезінде  шығармашылық  жағдайды  қамтамасыз  ету  ерекше 
қажет.  Атап  айтқанда,  тәжірибелік  сабақ  шеңберінде  «әдістемелік  ми 
шабуылы»  іскерлік  ойыны  өткізіледі.  Мұның  барысында  мұғалімдер  күрделі 
педагогикалық  мәселені  шешудегі  ойлауын  жинақтай  отырып,  ұжым  болып 
оқытудың  жаңа  әдісін  жасайды.  Психологиялық-педагогикалық  тәжірибелік 


188 
 
сабақ мұғалімдерді шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстырудың 
жақсы түрі болып табылады.  
Тәжірибелік-жаттығу  сабақтардың  тиімді  түрінің  бірі  –  тәжірибеге  енді 
ене  бастаған  көріністі  панорамалық  сабақтар  болуы  мүмкін.  Бұл  уақытты 
үнемдеуге  қолайлы,  өйткені  ондай  сабаққа  академиялық  сағат  міндетті  емес, 
оны  бір  немесе  бірнеше  әдістердің  құрылымын  сатыларын  көрнекі  көрсету 
мақсатында  толық  көлемде  де,  үзінді  ретінде  де  өткізуге  болады.  Сабақ 
жүргізуші  оған  қатысып  отырған  мұғалімдерді  оқушы  ретінде  жұмысқа  тарта 
алады да қалаған амал, әдістер бойынша жатығу жұмыстарын жүргізе береді. 
Осындай  әдіспен  сабақта  орындалатын  басқа  да  жұмыс  түрлерін 
жүргізуге  болады.  Тәжірибелік-жаттығу  сабақтарының  жетекшісі  (оқу  ісін 
меңгерушісі,  дайындығы  жоғары  мұғалім,  шақырылған  әдіскер)  осы  кезде 
белгілі  тапсырманы  орындаушы  мұғалімдердің  жұмысына  бағыт  береді. 
Мысалы,  түсіндірілген  жаттығуларды  тиімді  жүргізу  әдісін  сабақтың  өткінші 
құрамды бөлігінің (элементтерінің) бір сәті ретінде жазу ілімі мен тәжірибесін 
бірге қосып, осындай жаттығуларды басқа пәндер бойынша да еркін жүргізуге 
болады. 
Ең бастысы, мұғалім панорамалық сабақтардан өзіне бұған дейін белгісіз 
жаңалықтарды  естіп,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  үйренеді.Панаромалық  сабақтар 
мұғалімдерді өз іс-тәжірибесін насихаттауға, таратуға жол салады. 
Оқытудың неғұрлым тиімді әдістері мен құралдарын саналы түрде таңдай 
білу,  оқытуды  жақсартудың  бірден-бір  маңызды  тәсілі  болып  есептеледі.  Осы 
таңдаудың нақтылы белгілері жете зерттелген. 
Әрбір  пән  бірлестігінің  (кафедралар)  жылдық  жоспарларында  ашық 
тәжірибелі сабақтар көрсетіледі. 
Тәжірибелі сабақтар әртүрлі бағытта өткізіледі: 
1) Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану жолдарын көрсету. 
2) Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін артыру. 
3) Зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемесі. 
4) Оқушылар білімін өзін-өзі, көршісін тексеру арқылы тексеру. 
5) Үй тапсырмасын беру мен тексерудің әдістемесі. 
6) Дәстүрлі емес сабақтардың алатын орны. 
7) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары және т.б.  
Бұндай тәжірибелік сабақтардың берері мол. Әрбір мұғалім жақсы 
сабаққа қатысқанда өзіне көп нәрсе алады, үйренеді, шығармашылыққа 
ұмтылады. Ал нашар сабаққа кіргенде де мұғалім өзіне сабақ алады, мұғалімнің 
кемшіліктерін көре отырып, өзінің болашақтағы кемшіліктерін азайтады. 
Әдістемелік  жағынан  жоғары  сапалы  сабақтарды  ең  алдымен  мектеп 
басшылары беруі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет