К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет298/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   446
3) Кадрлар аттестациясы. Бұл ішкі әлеует және жеке үлесті ескеру. 
Басқару принципі – қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын 
негізгі ереже, қағида. 
Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі: 
1)    Мұғалімге  ешқашан  дауыс  көтермеу,  олардың  ар-намысына  тимеу. 
Мұғалімдермен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынасты ұстау
2)  Жұмыс  күні  біткенге  дейін  мұғалімге  ешқандай  ескертулер  жасамау, 
әсіресе сабақ барысында.  
3)  Сабаққа  қатысқанда  мұғалімнің  жетістіктері  мен  жеберген 
кемшіліктеріне әділ баға беру. 
4)  Сабақты  талдағанда  ұдайы  сабақтың  жетістігінен,  мұғалімнің  қол 
жеткен табыстарынан бастау. 
5)  Ең  алдымен  мұғалімнің  жетістігін  айтып,  соңында  жеберген 
кемшіліктерді көрсету. 
6)  Сабақты  талдағанда,  мұғалімнің  жұмысына  баға  бергенде  мұғалімнің 
жеке басының ерекшеліктерін (мінез-құлқын, қабілеттерін) ескеру. 
7)   Сіздің айтар сөзіңіздің мұғалім жүрегіне қалай әсер ететінін алдын-
ала болжай алу. 
8)  Мұғалімнің көңіл-күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз 
жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру. 
9)  Мұғалімді толық, сөзінің соңына дейін тыңдап алуға тырысу. 
10)  Қандай жағдайда да   сабырлық, төзімділік сақтау. 
11)  Өзінің жеке басының үлгісі арқылы мұғалімді жауапкершілікке, 
іскерлікке үйрету. 
12) Берген сөзіңде тұру, уәдеңді орындау, әділ болу.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет