К. Д. Бузаубакова


Басқарушылық  қарым-қатынас,  оның  түрлері.  Іскерлік  қарым-



Pdf көрінісі
бет327/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   446
   Басқарушылық  қарым-қатынас,  оның  түрлері.  Іскерлік  қарым-
қатынас    технологиясы  педагогикалық    менеджмент    құралы    ретінде. 
Жалпы  этикалық    принциптері  және  іскерлік    қарым-қатынас    сипаты.  
Педагогикалық  ұжымдағы    қарым-қатынас    ерекшеліктері:    ресми- 
бейресми  қарым-қатынас  түрлері. Менеджердің  басқару  құзырлығы оның  
құқықтық,  экономикалық,  психологиялық  және  педагогикалық  сауаттылығын 
анықтайды. 
Вербальды 
қарым-
қатынас
Вербальсыз 
қарым-
катынас
Интерактивті 
қарым-
қатынас
Перцептивті 
қарым-
қатынас


255 
 
Педагогикалық  менеджмент негізінде  басқарылған  ұжым   төмендегідей 
параметрлерді жетілдіреді:  
-  басқаруды 
орталықтандыру  мен  орталықсыздандыруды  тиімді 
үйлестіру; 
-  ұжымның  барлық  мүшесін  педагогикалық    процесті    басқаруға 
қатыстыру; 
-  ұжымдағы психологиялық  ахуалды жақсарту; 
-  басқару  шешімін  қабылдау  тиімділігін  арттыру; 
-  ұжымдағы  жанжалды дұрыс  шешуге  бағыттылық; 
-  ұжымның  интеллектуалдық  және  әлеуметтік  әлеуетін көтеру. 
Ең  соңында  жоғарыда көрсетілген  параметрлер  оқу-тәрбие  процесінің  
тиімділігін анықтайды. 
ХХ  ғасырда  атақты  экономист  Н.А.Витке:  «Басшы – үкімін  жүргізуші  
емес,  ол  психологиялық    қарым-қатынасының    координаторы,      әлеуметтік  
құрылысшы,  адамдардың  күш-жігерін жинақтаушы»  – деп,  атап  көрсетті. 
Менеджмент  негізінде   басқару алдына  төмендегідей  міндеттер  қояды: 
-  біріккен  іс-әрекетке  адамдарды  жұмылдыру; 
-  адамдардың      күш-жігерін      бір    мақсатқа      жұмылдыру,    тиімділігін  
арттыру   және  әлсіз  жақтарын  табу; 
-  ұжымның    әрбір      мүшесінің    ұсынысын    қанағаттандыру      және    оған  
қолайлы  жағдай   тудыру; 
-  ұжымның  әрбір  мүшесінің  кәсіби  өсуіне  толық  жағдай  жасау; 
-  ұжымның  әрбір  мүшесі  өз  іс-әрекетін  өзі  бақылай  алатындай  өзіндік 
жауапкершілікті қалыптастыра отырып, ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру; 
-  ұжымдық іс-әрекетті олар шығаратын өкіммен өлшеу; 
-  алдағы  істелінетін  жұмыстың  мақсатын  айқындау,  соңғы  күтілетін 
нәтижені білу; 
-  ұжымның  әрбір  мүшесінің  міндеттерін  бөліп  көрсету,  бұл  міндеттерді 
орындаудың операцияларын жете білу; 
-  мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау; 
-  істелінетін  жұмыстың  нәтижесін  өлшейтін  сапалық  көрсеткіштерді 
анықтау; 
-  жұмысқа  қатыстырылатын  адамдардың  әрқайсысының  міндеттері  мен 
жауапкершіліктерін анықтау; 
-  жұмысты  орындаушыларды  жұмысты  бастар  алдында,  жұмыс 
барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген 
сұрақтарға жауаптар беретіндей нұсқаулармен қаруландыру. 
Ұжымда  шығармашылықпен  жұмыс  жасайтындай  жағдай  жасау  қажет. 
Адамдарды 
басқару 
ғылыми 
іс-тәжірибесі 
көрсеткендей, 
 
адами 
орталықтандырудың  басты  құралы  –  адамдарды  құрметтеу  және  адамдарға 
деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет