К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет330/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   446
Педагогикалық 
қарым-қатынас 
мәдениеті. 
 
Педагогикалық  
менеджмент  субьектілерінің    өзара    әрекеттесуінің      өктемшіл, 
демократиялық  және  либералдық  стильдері,  олардың  сипаттамалары       
(формальды    және  мазмұнды  жақтары).    Менеджменттегі    вербальді  емес  
коммуникацияның  ерекше  түрі.      Жалпы  мәдениет  –  адамдардың  іс-
әрекетінің  моральдық,  сапалық жиынтығы.    Педагогикалық мәдениет  –  жалпы 
адамзаттық    мәдениеттің  бір  бөлігі,  онда  рухани      және  материалдық 
құндылықтар,  адамзаттың  шығармашылық  педагогикалық  әрекетінің  тәсілдері 
сақталған.  
 Педагогикалық  мәдениеттің  басты  құндылықтары:  бала  тұлғасы;  жеке 
тұлғаның дамуы; бала тәрбиесі; баланың әлеуметтік қорғалуы; баланың құқығы 
мен абыройын қолдау (67-сурет). 
Педагогикалық  мәдениеттің  компоненттері:  ізгілікті  педагогикалық 
көзқарас;  педагогтың  тұлғалық  қасиеттері;  мұғалімнің  теориялық  білімі  мен 
шығармашылық  ойлауы;  кәсіби  іс-әрекет  мәдениеті;  шығармашылық  әрекет 
тәжірибесі. 
Басқаруды    ұйымдастыру  формалары  әрқилы  құрылым  және  бағыттарда 
болуы  мүмкін:  нұсқау-әдістемелік,  теориялық  семинар,  оқушылар  ұжымының 
отырыстары,  педагогикалық кеңестер,  әдістемелік  бірлестіктер,  педагогикалық 
конференциялар,  педагогикалық  оқулар,  ата-аналарды  педагогикалық  жаппай 
сауаттандыру  және  т.б.  Сонымен,  мектепті  басқаруды  ұйымдастырудағы 
маңызды  жағдай  –  педагогикалық  басқару  жүйесінің  қалыпты  күйге  келіп, 
әрекетшілдік  жағдайында  болуы  және  оны  іске  асыру  жолдарын  әрбір 
басшының жіті білуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет