К. Д. Бузаубакова


Қақтығыстарды    азайту  әрекеттерін    басқаруға  әкімшілік  және



Pdf көрінісі
бет376/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   446
Қақтығыстарды    азайту  әрекеттерін    басқаруға  әкімшілік  және  
педагогикалық    қызметкерлердің  дайындығы.  Алдын  ала  қақтығыс 
жағдайларын болжау және рұқсат беру. 
Мектеп  өмірінде  әртүрлі  шиеленісті  жағдаяттар  кездеседі.  Сондықтан 
педагогикалық қарым-қатынастар шиеленіссіз болуы керек деген пікір өте қате 
әрі  қауіпті,  өйткені  қақтығыс  конструктивті  шешілген  уақытта  ол  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынастарды  дамытады,  жетілдіреді.  Тіпті  ол  бір  жағынан 
өте  қажет    және  пайдалы.  Оларды  тұншықтырып,  жасырып  немесе  тыйым 
салуға  болмайды,  керісінше  оларды  көре  білу,  қадағалау  керек  немесе 
шиеленісті  жағдай  тудыру  керек,  себебі  оларды  шешу  барысында 
тәрбиеленушілерде жаңа көзқарас, соны пікір қалыптасып, ой толысады.  
81-суретте  мұғалім  мен  оқушының  арасында  болатын    педагогикалық 
қақтығыстардың мәні   ашылды. 
Мектеп  өмірі  ұстаз,  оқушы,  ата-ана  арасындағы  қарым-қатынастарға 
толы.  Көп  ретте  жанжалға  келіп  тірелетін  жағдайлар  да  аз  емес.  Шиеленістік 
жағдаят  (қақтығыстар)  рухани  әлемдері  қарама-қарсы  келетін  тұлғалар 
арасында  (немесе  топтар)  болатын  келіспеушілік,  қақтығысулардан  туады. 
Әртүрлі көзқарас, ұстаным, пікірлер қақтығысы міндетті түрде бір-біріне өзара 
әсер ету, бірін-бірі толықтыру сияқты процестерден тұрады. Жанжал дұрыс әрі 
әділ шешілгенде ғана ол нәтижелі болады.  
Келіспеушілік күңкіл сөздер түрінде немесе сөйлеген сөздеріндегі реніш, 
дауыс  көтеру,  жылау,  арыз  айту  түрінде  кездеседі.  Егер  осыларға  көңіл 
аударылмаса,    жанжал  әрі  қарай  дамып,  оның  күрделі  формаларына  ауысып 
кетуі  мүмкін,  мұндай  жағдайда  балалар  педагогтың  түсіндірмелеріне  құлақ 
аспай қояды.  


285 
 
Қақтығыстың  пайда  бола  бастағанынан  оны  қолға  алмаған  педагог  өзін-
өзі  қиын  жағдайға  қалдырады  да,  балалардың  тәрбиесіздігін  сылтау  етеді.  Ал 
балалар  арасындағы  шешілмеген  келіспеушіліктер  олардың  бір-біріне  кері 
әрекеттер  тудыруы  мүмкін.  Сөйтіп  шиеленісті  жағдай  қарсы  тұруға,  егеске 
айналып,  әртүрлі  көзқарастар  арасында  күрес  пайда  болуы  ғажап  емес.  Бұл 
жағдайда  мұғалім  (оқушы)  адамгершілік,  инабаттылық  сияқты  қасиеттерден 
айырылып қалуы ықтимал. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет