К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет38/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   446
Менеджер  еңбегінің  құралы  –  білім  беру  процесіндегі  басқарылатын 
субъектінің  қызметі  болып  табылады.  Еңбек  қажеттілігі  –  ақпарат.    Еңбек 
қаруы  –  сөз,  тіл,  сөйлеу.  Оқу-танымдық  процесі  менеджерінің  еңбегінің 
нәтижесі  –  оқушылардың  білім  алу,  тәрбиелену  және  даму  дәрежелері  болып 
табылады. 
Ғалым 
Л.Л.Крившенконың 
зерттеуіне 
сүйенсек, 
педагогикалық 
менеджмент  –  білім  беру  мен  оқу-тәрбие    процесін  басқарудың  принциптері, 
әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдер кешені. 
Зерттеу  тәжірибелері  көрсеткендей  орта  білім  беру  мекемелерінде  білім 
беруді басқару сапасының төмен болу себебі – жүйеге немқұрайлықпен қарау. 
Ол  осы  жүйедегі  бір-бірімен  байланысты  субъектілердің  арасында  қарама-
қайшылық  туғызады.  Педагогикалық  менеджмент  тұрғысынан  осы  орта  білім 
беру  мекемелері  жетекшілері  мен  педагогтерінің  қызметі  оқу-тәрбие,  оқу-
танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық 
арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады. 


35 
 
Орта  білім  беру  мекемелеріндегі  оқушылардың  оқу-танымдық 
процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты 
–  олардың  жете  білушілігі  мен  оқытушыға  лайықты  кәсіби  шеберліктермен 
қамтамасыз  ету.  Менеджмент  субъектісі  ретінде  оқытушының  жете  білушілігі 
оның  кәсіби  функцияларын  орындауға  даярлығы,  әлеуметтік  құрылымдармен 
үйлесімді  бірлікте  болуымен  және  оның  психологиялық-педагогикалық 
дайындығымен сипатталады.  
Педагогикалық  менеджмент  –  тиімділікті  арттыруға  бағытталған  білім 
процесін  басқарудың  технологиялық  тәсілдері,  ұйымдық  формасы,  әдісі, 
қағидаларының кешені.  
Басқарушылық  біліктілік  –  тәжірибе,  білім,  қабілеті  және  басқарушылық 
бейімі,  қоспалары,  басшылық  жұмысына  дайындығының  көрсеткіші  және 
басшы ретінде негізделген басқару шешімін қабылдай алу қабілеті. 
Білім  беру  ұйымы  басшысының  басқару  біліктілігі  –  теориялық  және 
тәжірибелік  білімінің  деңгейі  және  қабілеті,  кәсіби  маңызды  сапасы  мен 
қабілеттілігі,  оған  өзінің  мамандануы  шеңберінде  шектеліп  қалуына  жол 
бермейтін,  кәсіби  жағдайлардан  жол  табуға  мүмкіндік  береді,  басқарудың 
тиімді  шешімдерін  қабылдауға  қажетті  әлеуметтік  және  кәсіби  жылдамдығын 
қамтамасыз етеді, өзгерістер мен өз білімін жаңартуға дайындығын көрсетеді.  
Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, 
әдістемесі  және  технологиясы)  өзіндік  ерекшелігі  және  өзіне  ғана  тән 
заңдылықтары  бар.  Бұл  ерекшелік  ең  алдымен  өзіндік  құралынан, 
қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді. 
Менеджер  еңбегінің  құралы  –  білім  беру  процесіндегі  басқарылатын 
субъектінің  қызметі  болып  табылады.  Еңбек  қажеттілігі  –  ақпарат.    Еңбек 
қаруы  –  сөз,  тіл,  сөйлеу.  Оқу-танымдық  процесі  менеджерінің  еңбегінің 
нәтижесі  –  оқушылардың  білім  алу,  тәрбиелену  және  даму  дәрежелері  болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет