К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет411/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   446
Бағалау    талдау  және  жаңа  міндеттерді  белгілеу  үшін  көзделген 
жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру. 
Бағалау   (ағылш.  –  assessment  →size  (көлемін  анықтау,  көбінде 
салықтың) →sed/sit – отыру (ақпарат беріп көмектесу) – бұл оқыту нәтижесінде 
оқушылар  нені  біліп  түсінді  және  осы  білім-түсініктерін  қалай  қолдана 
алатынын  терең  түсіну  үшін  түрлі дерек  көздерінен  ақпаратты  жинақтау  және 
талдау процесі. 
Бақылау  –  бұл  басқару  қызметі,  оның  негізгі  мақсаты  жұмыс,  еңбек 
нәтижсінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу. 
 Бақылау  –  бұл  педагогикалық  басшылықтың  және  оқушылардың 
танымдық  іс-әрекетін  меңгертудің  функциясы.  Бақылаусыз  жеке  адамның 
дамуы  мен  қалыптасуын  басқаруға  болмайды.  Бақылаудың  психологиялық-
педагогикалық мәні оқушыға дер кезінде көмек беру, олардың шығармашылық 
күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп 
орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. 
Бақылау  –  келелі  адекватты  коррекциялық  іс-әрекет  жасау  үшін 
мекеменің  жұмысына  объективті  сандық  және  сапалық  баға  беруді  мақсат 
ететін басқару іс-әрекетінің функциясы. 
Бақылау  –  мекеме  жұмысының  соңғы  нәтижесіне  сандық  әрі  сапалық 
баға беру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет